1.Қазіргі заман тарихы курсының пәні, мақсаты мен міндеттері, дереккөздері, тарихнамасы және кезеңдері. «Қазақстанның қазіргі заман тарихы»



Pdf көрінісі
бет25/55
Дата23.10.2023
өлшемі1,32 Mb.
#120719
түріСабақ
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   55
Байланысты:
Тарих рк №1

Махмұд Қашқари
(араб. 
Махмұт ибн әл-Хұсейн ибн Мұхаммед әл-
Қашғари
; 1029—1101) - түркі ғалымы, әйгілі «Диуани лұғат ат-түрк» («Түркі 
сөздерінің жинағы») атты еңбектің авторы. 
Туған жері, ежелгі үйсіндер құрған, әртүрлі аталған мемлекетінің, 
қазіргі Қырғызстан жеріндегі Ыстықкөл жағасындағы (кей деректе Шу 
бойындағы) Барсхан қаласы. Ыстықкөл маңындағы болған Барысхан 
қаласында әскерилер отбасында дүниеге келген. Қарахан әулетінен. 
Қашқарда, Бағдатта білім алған. Византия, Түркия, Қытай және басқа елдерді 
аралаған. Түркі тілімен қатар, араб және парсы тілдерінде де еңбектер 
жазған. «Диуани лұғат ат-түрік» - Қ. ең ұлы шығармасы. Онда көшпелілердің 
ой әлеміне қатысты да тамаша мұра жинақталған. Бұл тамаша 
энциклопедиялық туынды 1072-1078 жылдары Бағдатта жазылған. 
Түпнұсқасы жоғалып кеткен. 1206 жылы М.А.Абулфатх жасаған жалғыз 
көшірмесі Стамбулда сақтаулы. Толық нұсқасын қазақ тіліне А. Егеубаев 
тәржімәлады. 


Махмұд Қашқари түркінің тұңғыш тіл маманы, түркі тілінің оқулығын 
жасаған, грамматикасын түзеп, жалпы түркі әлемінің тіл өнерінің өрісін 
кеңейтіп, өркенін өсірген ғұлама. Түркология тарихында ол тұңғыш тарихи 
салыстырмалы әдісті қолданып, түркі тілдері тарихи диалектологиясының 
негізін салды. Оның осы тілдерді салыстырмалы түрде зерттеу тәсілі бүкіл 
Шығыс тілшілеріне ортақ зерттеу тәсілі ретінде өзінше бір мектеп болып 
қалыптасты.Түркі жұртының бай тарихы, географиялық жағдайы, әдебиеті 
мен өнері, этнологияық ерекшеліктері «Диуани лұғат ат түркте» нақты 
тарихи деректілік сипатпен танылған. Ол көптеген ұлыстардың, тайпалардың 
тіл ерекшеліктерін саралап, түркі тілінің бітімін ежіктей түсіндіреді, тұрмыс 
салтын, әдет ғұрпын баяндайды, сол кездегі бір қатар қаламгерлердің, 
ғұламалардың, тарихи адамдардың аттары мен өмірбаяндық деректерін, түркі 
халықтарының байырғы жырларын, мақал мәтелдерін береді. Сонымен қатар 
ол көне дәуірдегі түркінің әлемдік қартасын жасап, онда 
Барсхан, Баласағұн, Тараз, Екіөгіз, Қашқардан бастап, түркі дүниесінің 
ежелгі шаһарларын, елді мекендерін түгел дерлік көрсетеді. Бұл ретте оны 
түркі жұртының тұңғыш энциклопедиялық анықтамалығы десе де болады. 
15. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   55




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет