1.Қазіргі заман тарихы курсының пәні, мақсаты мен міндеттері, дереккөздері, тарихнамасы және кезеңдері. «Қазақстанның қазіргі заман тарихы»


 Түркі халықтарының ойшылы еңбектерінің тәуелсіз Қазақстанда



Pdf көрінісі
бет27/55
Дата23.10.2023
өлшемі1,32 Mb.
#120719
түріСабақ
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   55
Байланысты:
Тарих рк №1

16. Түркі халықтарының ойшылы еңбектерінің тәуелсіз Қазақстанда 
бағалануы Ж.Баласағұни 
Жүсіп Баласағұни, Жүсіп Хас Хажиб Баласағұни
(1020) - ақын, ойшыл, 
ғалым, мемлекет қайраткері.Баласағұн қаласы дуниеге келген 
Өмірі туралы мәліметтер аз сақталған. философиа, математика, медицина, 
астрономия, астрология, өнертану, әдебиеттану, тіл білімі, тағы басқа ғылым 
салаларының дамуына зор үлес қосқан. Жүсіп Баласағұнидің есімі әлемдік 
әдебиет пен мәдениет тарихында "Құтадғу білік" ("Құтты білік") дастаны 
арқылы қалды. Жүсіп Баласағұни бұл дастанын хижра есебімен 462 жылы, 
қазірғі жыл санау бойынша 1070 жылда жазып бітірген. Дастанды 
"хандардың ханы" - Қарахандар әулеті мемлекетінің (942 - 1210) негізін 
салушы Сүлеймен Арслан ханға (908 - 955) тарту етеді. Сол үшін хан өз 
жарлығымен Жүсіп Баласағұниға "хас хажиб" - "бас уәзір" немесе "ұлы 
кеңесші" деген лауазым берген. 
“Құтты білік” дастаны орта ғасырларда бүкіл түркі әлеміне түсінікті болған 
Қарахан әулеті мемлекеті түріктерінің тілінде жазылған. Жүсіп Баласағұн 
«Құтты білікті» 1069-1070 жылдары Баласағұн қаласында бастап, он сегіз 
айдың ішінде Қашқар қаласында аяқтаған. 
і. Дастанның басты идеясы төрт принципке негізделген. Біріншісі, мемлекетті 
дұрыс басқару үшін қара қылды қақ жаратындай әділ заңның болуы. Автор 
әділдіктің символдық бейнесі ретінде Күнтуды патшаны көрсетеді. Екіншісі, 
бақ-дәулет, яғни елге құт қонсын деген тілек. Бақ-дәулет мәселесі патшаның 
уәзірі Айтолды бейнесі арқылы жырға қосылған. Үшіншісі, ақыл-парасат. 
Ақыл-парасаттың қоғамдық-әлеум. рөлі уәзірдің баласы Ұғдүлміш 


бейнесінде жырланады. Төртіншісі, қанағат-ынсап мәселесі. Бұл мәселе 
дастанда уәзірдің туысы, дәруіш Ордгүрміш бейнесі арқылы әңгіме болады. 
Ортағасырлық Шығыс ойшылдарына тән үйлесім – танымды көркем және 
ғылыми әдістермен ұштастыра қолдану Жүсіп Баласағүни ғибратында 
суреткерлік, ойшылдық, ғұламалық, философтық қасиеттердің үйлесім 
табуынан, ғылым даналығының біртұтастығынан көрінеді. Түркі 
мәдениетінің нәрлі бұлағынан сусындап, мұсылман өркениетінің қуатты 
ықпалымен толысқан ойшыл өз шығарм-ғында адамның қоғамдағы орны мен 
қызметін түсінуге ұмтылып, мінсіз қоғам жайындағы өзінің биік филос. 
мұраттарын баяндайды. Жүсіп Баласағүниның “Құтты білігінде” өмір мәні 
пайымдалып, жалпыадамзаттық рухани байлықтар – мұрат, дін, этика, өнер 
және даналықтың мәні сараланған. Жүсіп Баласағүни ақиқатқа жету жолын 
адам мен әлемнің, ұлы ғалам мен микроғаламның үйлесімді болуы туралы 
қағидаға негіздейді. Төрт құдірет – от, су, ауа, жер жайлы ежелгі дәуірдің 
философиялық түсінігіне сүйене отырып, ойшыл әлем осы төрттағанның 
үйлесімінен жаралған деп санайды. Осындай тағы бір төрттаған Жүсіп 
Баласағүниның қоғам туралы ойларында, яғни қазіргі түсініктегі әлеум. 
философиясында әділет, бақыт, ақыл және қанағат ретінде бейнеленіп, 
“Құтты біліктің” төрт кейіпкерінің бойына жинақталған. Ғалам мен 
микроғаламның тұтастығы, барабарлығы туралы ой Жүсіп Баласағүни 
дүниетанымының өне бойынан байқалады. Бұл жалған дүниені ақыл тезіне 
салып түзетуге болатынына да сенген ғұлама әлемдік үйлесімділік негізінде 
әділетті адамзат қоғамын құруды армандады. Сондықтан ол ғылым мен 
білімге зор мән берген. Жүсіп Баласағүни жалпыға ортақ парасаттың 
танымның нәтижесі ретіндегі білімге көшуі адам мүмкіндігінің жүзеге асуы 
деп біледі. Ғұлама білімнің туа бітетіндігі жайлы пікірге қарсы шығып, оған 
парасатты іс-әрекеттің нәтижесінде қол жеткізуге болатынына сенеді. Білімге 
молынан сусындаған адам ғана көп нәрсеге қол жеткізе алады. Оның 
пікірінше, білім – даналық, денсаулық және жан толысуы. Жүсіп 
Баласағүнидің ойынша, қоғам құрылымындағы кемелдіктің өлшемі әлеум. 
тәртіп бұзылғанда ғана көзге түсе бастайды. Сол кезде жаңа мұраттар мен 
ұрандар пайда болып, халық қолдауына ие болады. Ол қоғамдық 
құрылымның кемелдігін жеке адамның бостандығы, тәуелсіздігі анықтайды 
деп санады. 
ұтты білік" дастанын Қарахан әулетінен шыққан Табғаш Қара Боғраханға 
арнады. Бұл үшін ақынға Хас Хаджиб (сарай министрі) атағы берілді. 
Поэманы толық көлемінде неміс тіліне аударысымен және түпнұсқасымен 
1891-1900 жылдары В. В. Радлов ғылым әлеміне паш етті. 1896 ж. К. 
Керимов өзбек тіліне аударды. 1971 жылы Н. Гребнев "Бақытты болу 
ғылымы" деген атпен еркін аударма жасады. 1983 жылы С. Н. Иванов 


"Благодатное знание" деген атпен орыс оқырмандарына ұсынды. Ал 1986 
жылы бұл дастанды ақын А. Егеубаев қазақ тіліне аударды. 
"Құтты білік" поэмасы энциклопедиялық шығарма болып табылады. Оны 
жазуда автор саяси әуенді басшылыққа алғандығын аңғару қиын емес. Ол 
қарахандар әулетіне жоғары дамыған Мауераннахр, Шығыс Түркістан тәрізді 
аудандарды басқарудың жолдарын үйретуге тырысты. Әрине, шығарма тек 
саяси трактат көлемінде қалып қоймай, орта ғасыр дәуірінің ғылым, 
мәдениет салаларын да қамтиды. Адам тағдыры, өмірінің мәні, орны мен 
әлемдегі рөлі жайындағы мәселелер де қаралады. Сонымен бірге, Баласағұн 
философиялық, шамандық, исламдық дүниетанымда болғандығын білеміз. 
Философияны поэзия арқылы жеткізу орта ғасырлық шығыстық үрдіс еді. 
Екінші бір қыры - исламға дейінгі әр түрлі нанымдар. Шығармадан 
шамандық түсініктер көрінеді. Исламдық идеология да елеулі орын алады. 
Бұл жайында А. Н. Романов пен С. Н. Иванов: "Жүсіп Баласағұнның "Құтты 
білік" поэмасы - ең алғаш, ең көне, әзірше жалғыз, мұсылман 
идеологиясының негізінде, осы идеологияны уағыздаушы ретінде түркі 
тілінде жазылған шығарма", - деп баға береді. Кітапқа көшпенділер тұрмысы 
мен аңшылық өнерін көрсететін нақыл сөздер, мақал-мәтелдер, тұрақты сөз 
тіркестері енген 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   55




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет