1.Қазіргі заман тарихы курсының пәні, мақсаты мен міндеттері, дереккөздері, тарихнамасы және кезеңдері. «Қазақстанның қазіргі заман тарихы»


 Қазан төңкерісі тұсындағы Қазақстан. Кеңес билігінің орнауы



Pdf көрінісі
бет30/55
Дата23.10.2023
өлшемі1,32 Mb.
#120719
түріСабақ
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   55
Байланысты:
Тарих рк №1

20. Қазан төңкерісі тұсындағы Қазақстан. Кеңес билігінің орнауы. 
Петроградтағы Қазан төңкерісі. 
1917 жылы қазан айында елде жалпы ұлттық дағдарыс қалыптасты. 
Оның себептері: 
1) Монархияның ауыр мұрасы 
2) Уақытша үкімет бітім, 8 сағаттық жұмыс күні, ұлттар теңдігі мәселелерін 
шешпеді. 
3) Елде жайлаған ашаршылық пен күйзеліс. 
Петроградта 1917 жылғы 24-25 қазанда Ленин бастаған революциялық 
күштердің жеңіске жетіп, Уақытша үкімет құлатылып, мемлекет билігінің 
Қеңестердің қолына көшкені туралы хабар бүкіл Россияны ғана емес, 
дүниежүзін, бүкіл әлемді дүр сілкіндірген оқиға болды. 
1917 жылы 25 қазанның кешінде Кеңестердің Бүкілроссиялық II съезі 
ашылды. Онда В.И. Ленин жазған «Жұмысшыларға, солдаттар мен 
шаруаларға!» деген үндеуі қабылданды, бұл үндеуде бүкіл үкімет билігінің 


Кеңестердің (Советтердің) қолына көшетіндігін жариялады. Кеңестер съезі 
өзінің екінші мәжілісінде Бітім туралы және Жер туралы декреттер 
қабылдады. Бітім туралы декретте барлық соғысушы елдерді соғысты 
тоқтатып, әділетті бітім жасауға шақырса, Жер туралы декретте 
помещиктердің барлық жерлері конфискацияланып (тәркіленіп), барлық жер 
халықтың қолына көшетіндігі жариялады. Жер жалпы мемлекеттік меншікке 
айналды. 
Қазан революциясының жеңісімен байланысты ұлттық проблемалар, бірінші 
кезекте ұлттық – мемлекеттік құрылыс мәселелері өткірірек талқылана 
бастады. Кеңес үкіметі ұлт саясатының негізгі принциптері Кеңес үкіметінің 
маңызды екі құжатында – Россия халықтары құқықтары Декларациясы (1917 
жылы 2 қараша) мен «Ресей мен Шығыстың барлық мұсылман 
еңбекшілеріне» үндеуінде (1917 жылы 20 қараша) жариялаған болатыны 
туралы айтылған. 
Ұлт мәселесін шешудің әскери – коммунистік әдістері, большевиктердің 
унитарлы мемлекет құруға, тек Кеңестер негізінде ғана автономия беруге 
ұмтылуы россиялық этностардың қайта өрлеуі үшін ұлттық факторды 
пайдалануға мүмкіндік бермеді. 
Қазақстандағы ұлттық үкіметтер. 
1917 жылы қарашада Орынбор контрреволюциялық төңкеріс нәтижесінде 
атаман Дутов басқарған «Әскери үкімет» билікті қолына алды. 
1917 жылы 15-22 қарашада Ташкентте болған мұсылман депуттары 
Кеңестерінің өлкелік съезінде жаңа үкімет «Түркістан Халық Камиссар 
Кеңесі» орнады. Кеңестің 14 адамдық құрамында мұсылман өкілі болмады. 
Кеңестің төрағасы Ф. Колесов: «Мұсылмандарды жоғарғы өкімет 
органдарына өткізу мүмкін емес, өйткені жергілікті халықтың бізге көз – 
қарасы белгісіз және олардың ешқандай пролетарлық ұйымы жоқ»,- деп 
мәлімдеді. 
1917 жылы 22 қарашада Қоқанд қаласында болған Бүкіл Түркістандық IV 
съезінде Түркістан автономиясы, яғни Түркістан үкіметі құрылғаны туралы 
жарияланды. Бұл үкімет кейбір деректерде «Қоқанд автономиясы» деп 
аталды. Алғашқы басшысы М. Тынышбаев, одан кейін басты қызметін 
Мұстафа Шоқай атқарды (1881-1941жж.) 
1917 жылы 5-13 желтоқсанда Орынбор қаласында Екінші бүкілқазақтық съезі 
болды. Съезді М. Шоқай басқарды. Съезде Алаш (Алашорда) автономиясын 
құру туралы қаулы қабылданды. 
Алашорданың 25 мүшеден тұратын Уақытша Халық Қеңесі құрылды. 
Автономия орталығы Семей қаласында орналасатын болды. 


Алашорда үкіметінің төрағасы болып Ә. Бөкейханов сайланды. «Қазақ» 
газетінде «Алаш партиясының 10 бөлімнен тұратын бағдарламасы 
жарияланды. 
«Алаш» партиясының бағдарламасы: 
- Басқару түрі; 
- Автономия; 
- Азаматтың негізгі құқықтары; 
- Дін ұстану туралы мәселе; 
- Соттар туралы; 
- Қорғаныс; 
- Салық; 
- Жұмысшы мәселесі; 
- Халық ағарту; 
- Жер мәселесі. 
Бағдарлама жобасының маңызы: 
1. Сол кездің нақты мүмкіндіктерін ескере отырып, қазақ халқы дамуының 
балама жолын ұсынды. 
2. Буржуазиялық – демократиялық, ұлт – азаттық революцияны аяқтауға 
бағытталған жолды көрсетті. 
Билеуші партияға айналған большевиктер Алашордамен тіл табысуға болады 
деп санамады. Әр түрлі саяси күштердің билік жолындағы тайталасы 
басталды. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   55




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет