1.Қазіргі заман тарихы курсының пәні, мақсаты мен міндеттері, дереккөздері, тарихнамасы және кезеңдері. «Қазақстанның қазіргі заман тарихы»



Pdf көрінісі
бет34/55
Дата23.10.2023
өлшемі1,32 Mb.
#120719
түріСабақ
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   55
Байланысты:
Тарих рк №1

 
 


23.
Жаңа экономикалық саясат (ЖЭС). 
РКП(б)- ның 10 съезінде 1921 жылы наурыз айында Жаңа экономикалық 
саясат қабылданды,яғни «Әскери коммунизм» саясатынан осы ЖЭС-қа 
көшуді жөн көрді.ЖЭС -  Азамат соғысы салдарынан қираған ел 
экономикасына жеке меншік иелерін тартып, адамдардың өз еңбегіне 
мүдделілігін орнықтыруға бағытталған әрекет болып табылады. 

Жаңа экономикалық саясаттың белгілері: 
- Азық-түлік салығының енгізілуі. 
- Сауда еркіндігі. 
- Жерді және ұсақ кәсіпорындарды жалға беру. 
- Ауылшаруашылық және несие, тұтыну кооперациясын дамыту. 
- Кәсіпорындарды шаруашылық есепке көшіру. 
- Еңбек міндеткерлігін жойып, жалдамалы еңбекті қолдану. 
Жаңа экономикалық саясаттың мәні-салғыртты салықпен ауыстыру болды. 
Орынборда 1921 жылы маусымда өткен облыстық бірінші құрылтай партия 
конференциясы жаңа экономикалық саясатқа көшуді мақұлдады. Жаңа 
экономикалық саясатпен бірге тоталитарлық, авторитарлық басшылыққа 
көшу басталды 
ЖЭС кезіндегі өнеркәсіптегі өзгерістер: 
Экономиканы дамыту үшін ең алдымен ірі өнеркәсіпті қалпына келтіру және 
қайта құру қажет болды. 
1.
Кәсіпорындар сала бойынша ірі тресттерге біріктірілді. 
•Бірінші дәрежелі кәсіпорындар «Одақтық маңызы бар» тресттерге 
біріктірілді. 
•Екінші дәрежелі кәсіпорындар Өлкелік трестерге біріктірілді. 
2.
Ұсақ кәсіпорындар жеке адамға, шетелдіктерге, кооперативтерге жалға 
берілді. 
3.
Өнеркәсіп, темір жол, көлік тасымалы 
шаруашылық есепке
көшті. 


Өнеркәсіптегі өзгерістердің нәтижесінде Риддер қорғасын зауыты 1923 жылы 
одақтағы өндірілетін қорғасынның 40% -ын өндіре бастады, Доссор, Мақат 
мұнай кәсіпорындары іске қосылды, Шымкент сантонин зауыты ашылды, 
1927 жылы Қарсақбай комбинаты мыс өндіре бастады. Өнеркәсіптегі 
өзгерістердің оң нәтижесімен қатар кемшіліктері де болды. Мысалы: 
Қазақстан шикізаттық бағытта ғана дамыды. Тресттердің пайдасы Ресейге 
кетті. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   55




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет