1.Қазіргі заман тарихы курсының пәні, мақсаты мен міндеттері, дереккөздері, тарихнамасы және кезеңдері. «Қазақстанның қазіргі заман тарихы»


ЖЭС-тің қиындықтары мен зардаптары



Pdf көрінісі
бет36/55
Дата23.10.2023
өлшемі1,32 Mb.
#120719
түріСабақ
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   55
Байланысты:
Тарих рк №1

ЖЭС-тің қиындықтары мен зардаптары:
-
1921–1922 жылдардағы ашаршылық, 
-
ауа райының қуаңшылығына байланысты астық шықпай қалып, елді 
аштық жайлады. 
-
1921–1922 жылдары Қазақстан халқының 1/3 бөлігі осы аштық 
қасіретін бастан кешірді. 1921 жылдары ашыққан адамдардың саны – 
1 млн. 508 мың адамды құраса, 1922 жылдары олардың саны 2 млн. 
303200 адамды құраған.Аштық әсіресе Қазақстанның Батыс аймағын 
қамтыды,1922 ж. маусымда 82 % қамтыды.Ал астық мол шыққан 
Семей, Ақмола губернияларында жиналған астықтың 80% орталыққа 
әкетілді. Қазақстан Ресейдің Мәскеу, Петроград, Самара, Қазан, 
Саратов өлкелерінің ашығушыларына көмек көрсетті. 
-
Кеңес өкіметі кеш те болса, ашыққан аудандарға көмек көрсетті. 
1922 жылы егістікке себілген дәннің 60% Кеңес өкіметі берген болса, 
сонымен қатар ауыл шаруашылық машиналары мен құралдарын сатып 
алу үшін 25 млн. сом қаржы бөлінді. 


-
Түркістан ашыққан Ресей өлкелеріне астық беріп қана қоймай, 
20 мыңға жуық ашығушыларды өз еліне паналатты. Арал 
балықшылары Еділ бойындағы ашыққан халықтарға 14 вагон балық 
жіберді. 
-
1921–1922 жылғы аштықтың салдарынан Ақтөбе, Қостанай, Орал, 
Орынбор, Торғай губерниялары тұрғындарының 1/3-нен айырылды. 
700 мыңнан астам халық туған жерін тастап көршілес аймақтарға 
көшіп кетті. 
ЖЭС – тің жалпы қорытындылары: 

Жаңа экономикалық саясат кезінде нарық енгізілді. 

Ауыл шаруашылығы дамымай қалды. 

Бұл саясат аяғына дейін жеткізілмеді. 

Өнеркәсіп артта қалды, дамымады. 

Жаңа экономикалық саясат бұрмаланды. 

Саяси өмірде демократия бұрмаланды. 

Еркіндік мүлде болмады. 

1921-1922 жылдардағы ашаршылық 
24.Қазақстандағы жер-су реформасы (1921-1922). 
1.Жер – су реформасы. 
XX ғасырдың 20-шы жылдар басындағы жер-су реформаларының ерекше 
маңызды орыны болды.Бұл реформа негізінен патша өкіметінің отаршылдық 
саясатының зардаптарына қарсы және жою мақсатында жүзеге асқан 
шаралардың бірі еді. 

1921 жылы ақпан айында жер-су реформасы Түркістан ауданының
Алматы , Қапал ,Шымкент ,Әулиеата уездерінде жүргізілді. 
1921 жылы сәуірде бұрынғы Сібір және Орал казак әскерлеріне берілген 
жерді қазақтарға қайтару туралы декрет нәтижесінде Ертіс өңірінен 177 мың 


десятина жер қайтарылды. Оралдың сол жағалауынан 208 мың десятина жер 
қазақтарға берілді. 
1921 жылы Жетісуда жер – су реформасы жүргізілді. Нәтижесінде қазақ, 
қырғыз, ұйғыр еңбекшілеріне 460 мың десятина жер қайтарылды. Сонымен 
бірге Жетісу мен Оңтүстік Қазақстанның қазақ және орыс халқына жер беру 
үшін көлемі 1 млн. десятинадан астам жер қоры құрылды. 
Реформаны жүзеге асыруда қателіктер мен асыра сілтеулерге жол берілді. 
Кей жағдайда қоныс аударушы кедейлер жерден айырылды. Қоныс 
аударушылар негізінен отаршыл – кулактар қатарына жатқызылып, қазақтар 
мен қоныстанушылар арасында ұлт араздығы туып отырды. 
1921 – 1922 жылдардағы жер – су реформалары нәтижесінде патша үкіметі 
алған жер түгел қазақ еңбекшілеріне қайтарып берілді. 
Ауылда әлеуметтік өзгерістер мен жер реформаларын жүзеге асыру үшін 
бұқаралық ұйым 1921 жылы «Қосшы одағы»құрылды (1930 жылдан «Кедей 
одағы» атанды).Қосшы одаған құрған және қызметтерді атқаруда Ж.Бөрібаев, 
О.Жандосов , А.Розыбакиев , т.б қоғам қайраткерлері ат салысты.17 мыңнан 
астам мүшесі бар 99 бөлім жұмыс істеді. 
Одақтың міндеттері : 
1)Еңбек артельдерін құру.
2) Кедейлерге жер беру және олардың мүдделерін қорғау. 
3) Еңбекшілердің саяси сана – сезімі мен мәдени деңгейін көтеру. 
1921 – 1922 жылдардағы жер реформасының маңызы: 
1) Еңбекшілерді социалистік құрылысқа тартуда үлкен рөл атқарды. 
2) Отаршылдық аграрлық саясатқа соққы берді. 
3) Қазақ ауылындағы патриархаттық – феодалдық негізді әлсіретті. 
4) Ұлттық келісімнің орнығуына жағдай жасады. 
5) Патша өкіметі алған жерлер қазақ еңбекшілеріне қайтарылып берілді. 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   55




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет