1.Қазіргі заман тарихы курсының пәні, мақсаты мен міндеттері, дереккөздері, тарихнамасы және кезеңдері. «Қазақстанның қазіргі заман тарихы»



Pdf көрінісі
бет46/55
Дата23.10.2023
өлшемі1,32 Mb.
#120719
түріСабақ
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   55
Байланысты:
Тарих рк №1

31.Қазақ КСР-інің құрылуы
.
Қазақ Кеңестік Социалистік Республикасы — бұрынғы КСРО құрамында 
болған одақтас республикалардың бірі. Ол 1920 жылы 26 тамызда құрылды. 
Алғашқы кезде Қырғыз АКСР-і деп аталып, РКФСР құрамына кірді. 1936 
жылы 5 желтоқсанда одақтас республикаға айналды. 
КСРО-ның Азиялық бөлігінің оңтүстік-батысында орналасты, солтүстігінде 
РКФСР-мен, оңтүстігінде Түрікмен КСР-мен, Өзбек КСР-мен және Қырғыз 
КСР-мен, шығысында Қытаймен шектесті, батысында Каспий теңізі. Қазақ 
КСР-ы — жер көлемі жағынан РКФСР-ден кейінгі екінші, халқының саны 
жағынан РКФСР мен Украинадан кейінгі үшінші одақтас республика болды. 
Жері 2724,9 мың км². Астанасы — Алматы қаласы. Әкімшілік жағынан 19 
облысқа, 210 ауданға бөлінді, 82 қаласы болды. 
Қазақ КСР — жұмысшылар мен шаруалардың социалисттік мемлекеті, КСРО 
құрамына кіретін одақтас кеңестік социалды республика. Конституциясы 
Қазақ КСР Кеңестерінің Төтенше 10-съезінде 1937 ж. 26 наурызда бекітілген. 
Мемлекет өкіметтің Жоғары органы — бір палаталы Қазақ КСР Жоғарғы 


Кеңесі, оны халық 27 мың тұрғыннан бір депутат есебімен 4 жылға 
сайланатын. Жоғарғы Кеңестің сессиялары аралығындағы мемлекет 
өкіметтің жоғары органы — Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің Президиумы 
болып тағайындалған. Жоғарғы Кеңес Республика үкіметін — Қазақ КСР 
Министрлік Кеңесін құрды, Қазақ КСР заңдарын қабылдады. Облыстар мен 
аудандарда, қалаларда, ауылдарда еңбекшілер депутаттарының тиісті 
Кеңестері өкіметтің жергілікті органдары болып табылатын. Оларды халық 2 
жылға сайлайтын. КСРО Жоғарғы Кеңесінің Ұлттар Кеңесіне Қазақ КСР-ы 
32 депутат жіберген. Жоғары сот органы — Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесі 5 
жылға сайлайтын Жоғарғы сот. Оның құрамында 2 сот коллегиясы 
(азаматтық және қылмыстық істер бойынша) және Пленум бар. Сонымен 
қатар Жоғарғы Соттың Президиумы құралды. Қазақ КСР прокурорын КСРО 
Бас прокуроры 5 жылға тағайындалатын болған. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   55




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет