Байланысты: 1. азіргі заман тарихы курсыны п ні, ма саты мен міндеттері, де
19.«Әскери коммунизм» саясатының қазақ өлкесіндегі арандату әрекеттері.
Ел экономикасын соғыс жағдайына ыңғайлап қайта құру және майданды азық – түлікпен қамтамасыз ету мақсатында тарихта Әскери коммунизмі деген атпен әйгілі және уақытша сипаты болған экономикалық саясат орнады.
«Әскери–коммунизм саясатының» негізгі белгілері:
1)Азық–түлік салғырт енгізілді.
2)Жеке саудаға тыйым салынды.
3)Азық – түлік теңгерме ұстанымы бойынша бөлінді.
4)Ірі, орта және ұсақ өнеркәсіптер мемлекет меншігіне көшірілді.
5)Жалпыға бірдей еңбек міндеттілігі енгізілді.
6)Басқару ісі орталықтандырылды.
7) Коммуналдық жол – қатынасы қызметі (услуга) тегін болды.
1919 жылы 11 қаңтарда азық – түлік қиыншылықтары бұрынғыдан да бетер шиеленісе түсіті. Кеңес үкіметі азық – түлік салғыртын енгізу туралы декрет шығарды. Оның мәні: ауыл шаруашылығы өнімінің артылғанының бәрін шаруалардың мемлекетке міндетті түрде өткізуі. Қостанай уезінен 6 млн. пұт астық жиналды. Қарғалы шуға фабрикасы әскери шинельдер тігу үшін шұға дайындады. 1920 жылдың басында «Майдан апталығы» өткізіліп, мыңдаған пұт астық киім – кешек жиналды. 1920 жылы Атыраудан Орталық Россияға 600 мың пұт мұнай әкетілді. Қазақ өлкесіндегі еңбекшілер күйзеліске, ашаршылыққа қарамастан жанқиярлықпен еңбек етті.
1919 жылы желтоқсанда Александров – Ғай – Ембі темір жол желісі салынды. Оның маңызы Орал – Ембі мұнайлы ауданын Орталық Россиямен жалғастырды. Бұдан басқа Жетісу темір жолы, Петропавл – Көкшетау темір жол желісі салынды. Маңызы: елдің ашыққан облыстарының халқын астықпен қамтамасыз етті.