50.Шығармадағы құбылту мен айшықтаудың түрлері. Әдеби тілді ажарлау аз, оны құбылту керек. Әдеби тілдің әсемдігі ғана емес, әсерлілігі үшін де орасан қажет тәсіл – құбылту, яки троп ( грекше tropos – иін, иірім) – сөздерді тура мағнасында емес, бұрма мағынасында қолдану, шындықты бейнелеп, кейде тіпті перделеп таныту, ойды өзгертіп, кейде тіпті өңін айналдырып айту. Бұл ретте әдеби тілді ажарлау оны құбылтудың алғашқы кезеңі – ең қарапайым түрі деуге де болар еді. Троптың түрлері көп: Олар: метафора, метонимия, синекдоха, кейіптеу, символ, аллегория, гипербола, литота, ирония, сарказм, гротеск, табу, эвфемизм, дисфемизм.т..б Құбылтудың түрлері көп. Әдеби тілдегі ең басты құбылтулардың бірі – ауыстыру, яки метафора (грекше metaphora – көшіру) – сөз мәнін өңдендіре өзгертіп айту, суреттеліп отырған затты не құбылысты айқындай, ажарландыра түсу үшін олады өздеріне ұқсас өзге затқа не құбылысқа балау; сөйтіп, суреттеліп отырған заттың не құбылыстың мағынасын үстеу, мазмұнын тереңдетіп, әсерін күшейту. Гималай – көктің күндігі, Гималай – жердің түндігі. ( І.Жансүгіров) Қыр төсінде мөлдір айдын – ақ сынап, Жиегінде жасыл кірпік – жас құрақ. ( Ә. Сәрсенбаев) Бірінші мысалдағы метафора Гималайды біресе көктің күндігінде, біресе жердің түндігінде балап, әншейін бір жер атын қолма қол заттандырып, тауға көл- көсір мағына берсе, екінші мысалдағы ауыстырулар (ақ сынап, жасыл кірпік) қырдағы айдын көл мен бала құраққа айрықша сұлу сымбат бітірген.
Метонимия – бір нәрсемен екінші нәрсені алмастырып айтудың өте ұғымды тәсілі. Әскери адамның қарулығын, күш көрсете алатынын, қорғаушы бола алатынын осылай айту арқылы бірден-ақ аңғартып тұр. Ауыстыру жеке сөздерде немесе сөйлем ішінде ғана ұлғаюмен тынбай, кейде бүкіл шығарманың өн бойындағы бейнелеу тәсіліне көшуі де мүмкін. Мәселен, Горкийдің атақты «Дауылпаз туралы жырында» кәдімгі жай ғана жаратылысқұбылыстарына туру тірі кісінің мінезі, қылығы, әрекеті беріле – жансыз табиғат жандандырыла суреттеледі: қанатымен толқынды жанап, енді бірде оқтай зымырап бұлтқа еніп, саңқ-саңқ еткен Дауылпаздың қимылы ештеңе емес-ау, тіпті «құс даусынан бұлттаршаттық үнін еститінін... бұлттар төмен сусып, теңізге қонақтайтынын, ән салатынын» қайтерсің? Жә,мынау ше: «Әуе дауылы толқындар тобын балуан құшағына қысып алып,айбарлы ашумен жартасқа лақтырады, тау тұлғалы асқан толқындарды шаңдай шашып, тозаңдай тоздырады». Қысқасы,бұл шығармада жансыз табиғат құбылысы кәдімгі тірі кісінің қылығымен ауыстырыла суреттелген. Құбылтудың мындай түрі – кейіптеу (грекше prosopopёia, орысша олицетворение). Абайдың Лермонтовтан аударған «Теректің сыйы» деген өлеңіндегі бейнелеу тәсілі – түп-түгел кейіптеу: асау теректің долдануы, буырқануы, бұйра толқынның айдаһардай бүктелуі, Кавказдан азан-қазан, у-шу арқырап шыға бере қалың қайратын бойына жасырып,беті күле момынси қалуы – бәрі де өзен емес,адам мінезіне ұқсайды. Кейіптеу – ертегілер мен аңыз әңгімелерде жиі қолданылатын тәсіл
Троптың бір түрі – астарлау, яки символ (symbolon – шартты белгі) – бір нәрсені не құбылысты тура суреттемей, бұларға ұқсас басқа бір нәрсеге, не құбылысқа құпия теліп, жасыра жарыстырып,бүкпелей бейнелеу, ойды да ашық айтпай, тартымды тұспалмен түсіндіру. Мұның өзі ой мен образға әрқашан астыртын, бұлдыр мағына береді деу де қате; ең бастысы – символ сөз –өнерінде көркем кестеленіп отырған шындыққа әсем ажар, байсалды философиялық астар береді, шығармаға бір түрлі сыншыл сипат бітіреді. Астарлы шығарманың идеясы жалаң, жалаңаш көрінбейді, автордың ой толғаныстары арқылы көңіл ұйытып, көкірекке терең ұялайды. Отырмын сырдың бойында Достарым қандай көп еді... Ойнайды дауыл ойымда. Көбісі соныңжоқ еді. Соғады толқын шың,жарды, Көпірген теңіз төңірегім, Шертеді көңлім мұңлы әнді. Күрсінбейді жел тегін! (Ә.Тәжібаев) Әдемі өлең! Аз ғұмырында әрқашан ақылды болу үшін әркім-ақ айрықша ескеруге тиіс бір шындықты ақын көз алдында дөңбекшіп жатқан теңіздей ағыл-тегіл философиялық сырға шомылдырып, шүлен шабытпен жырлаған. Бұл өлең – символмен бірге психологиялық параллелизинің де үлгісі. Символ дегеніміз балама бейне. Теңеу, балама бейнелер – метафора мен метонимия, тұспалдап суреттеу тәсілдері – аллегория мен символ, әсірелеу, тәсілдері гипербола, литота, табиғат құбылыстарын жандандырып кейіптеу тәсілі сөзді керісінше мағынада алатын сықақтау тәсілі – осының бәрі де не салыстыру негізінде, не қалаайда екі нәрсенің өзара жалғастық жанасылымдағы негізінде астарлы мағына туғызады, бір мағынаны екінші мағынамен алмастырады. Ал, егер халық поэзиясына үңілсек, көптеген символдардың психологиялық параллизмнен жалғасып жатқанын, олардың айтылатын жәйді, нәпсені басқа ұқсас нәрселермен, құбылыстармен салыстырып, қатар қойып көрсету түрінде жасалатынын аңдаймыз. Мысалға Абыл (Өтембетұлы) ақынның ескерту жырындағы мына сөздерді келтүруге болады: Ай тұтылды ұлысынан. Күн тұтылды шығысынан. Емен сапты болат найза Сынды дейді ұнғысынан Тау құлады шынарынан Айрылып шықты көзің шырағыңнан. Айрылдық жиреншедей ділмәріңнан. Егер тұспал сурет, тұспал бейне салғын, мағынасы жұтаң тартымсыз болса, оны сол қолданып отырған тәсілдің, әдістің осалдығынан деп ұғуға болмайды. Қандайда болсын көркемдік тәсілді орнын тауып, керекті жерін біліп, қисынымен қолдану ақындық шеберлікке байланысты Троптың бір түрі – алмастыру, яки метонимия (грекше metenymia – қайтадан атау) – өзара шектес заттар мен себептес құбылыстардың өзара байланысты ұғымдар мен шартты сөздердің бірінің орнына бірін қолдану. Мұның да әдеби тілде атқарар қызметі әжептәуір: кейде ой ықшамдығы үшін, кейде образ нұсқалылығы үшін қажет. Чехов былай депті: «Сұраншы әйелдің жоқ-жітігін аңғарту үшін көп сөз жұмсап, оның бейшара мүшкіл қалпын қазбалаудың қажеті жоқ, иығындағы өрім-өрім жирен жамылғысын әншейін атап өтсең жетіп жатыр. Осынау жирен жамылғы секілді әр нәрсенің бар болмысын бір-ақ танытар шағын деталь – метонимия . Үйі мәз боп қой сойды Сүйіншіге шапқанға. (Абай) Болмыстыңсемьясын, туған-туысқанын түгел тізіп жатқан Абай жоқ, бәрін үйі деген бір ғана сөзбен алмастырады. Әрине, мәз болған үйішіндегі адамдар екені өзінен-өзі түсінікті. Мамасы, босат, еркімен өссін тал шыбық! Ауа мен күнге, ай менен нұрға малшынып. Бұлқынып жатыр, ұмтылып жатыр, қарашы, Кішкентай жүрек көрсетіп жатыр қарсылық!