53.Ертегілер мен аңыздар. Халықтық ертегілер –халық өмірін бейнелейтін фантастикалық негізге құрылған халықтың ғасырлар бойы жасап келген өмір тәжірибесі, оның мәдениетімен салты , әдеті мен ғұрпы , шаруашылық кәсібінің түрлері , тілінің шебер ерекшеліктері қамтылған .
Халық ертегісі ішінде балалардың сүйіп оқитын , олардың жас ерекшеліетеріне тән мұралар сондай көп . Халық ертегілерінің бай фантастикасы балалардың ойына қозғау салып , өмірдің неше алуан қияпатын танытады , сана- сезім , ақыл- ой қызметінің ерте дамуына , ерте қалыптасуына жәрдемдеседі . Халық ертегісін балалардың сүйіп оқитыны, барлық ықыласымен сүйсіне тыңдайтыны , оның ғасырлар бойы ұрпақтан- ұрпаққа айтылып, әбден екшеліп халықтың даналық , тапқыр ой-пікірлері жинақталып , әрі көркем , әрі жеңіл тілмен берілетіндігінде . Басталған жерден- ақ оқиғасы қызықты , ұшқыр қиялды болып келеді де , баланың ойын бірден қызықтырып , жетектеп әкетеді .
Халық ертегілерінің балаларды қызықтыратын тағы бір ерекшелігі ондағы адам бейнелері барлық жағынан әбден жетілген болады . Ертек оқиғасындағы әр алуан толық кейіпкерлердің іс- әрекеттері , ол кейіпкерлердің тапқырлық , ерлік айлакерлік , ісі оңына келе беретін аңқаулық мінездері балаларды таң- тамашаға қалдырып, сүйсіндіріп отырады . Ертегілерден осындай тамаша ерекшеліктерді балалардың эстетикалық талғамдарын дамытуға зор әсер етеді.
Аңыз әңгімелер- халық поэтикалық шығармасындағы бұрынғы болған оқиғалар мен нақты адам өмірі туралы мәліметтерден тұратын әңгіме.
Шешендік өнер қай қоғамда болса да ,халыққа халық көпшілікке әсер ететін ,оның сапасын ,сезімін баурап ,жігерін тасытатын қуатты құрал болып келген ол өнер күні бүгінге дейін солүшіни қасиетін жойған жоқ.
Демек ,халық алдында баяндама жасап ,дәріс оқитн ғылым ,жазушы жалпы әрбір білімді ,мәдениетті адам үшін шешендік өнер туралы білімнің тарихымен танысу артық емес.
Шешендік сөздердің дамуына үлес қосқан Бұхар,Алдар,Мұрат ,Дулат ,Шөже ,Махамбет,Шернияз ,Шом,Қазтуған сынды ақын жыраулардың шығармаларында кестелі сөз ,оралымды ой мол кездеседі.
ХІ-ХІІІ ғ аралығындағы (Майқы би,Аяз би)