54.Әдебиеттік ертегі құрастыру. Бастауыш сыныптарда ертегілермен жұмыс үнемі жүргізіледі, балалардың ойлау қабілеті мен әдеби түсініктерін кеңейтеді. Балалардың ертегілер кейіпкерлерімен кездесуі оларды бей-жай қалдырмайды. Кейіпкерге қиын жағдайда көмектескісі келуі, ертегідегі жағдайды түсіну - мұның бәрі баланың ақыл-ой белсенділігін ынталандырады, оқуға деген қызығушылығын, байқампаздығын, қиялдауын, есте сақтау қабілетін дамытады, сонымен қатар оқушыға бағалау терминологиясын игеруге, әдеттен тыс нәрселерді көруге мүмкіндік береді. Ертегімен жұмыстану белгілі бір алгоритмге сәйкес, яғни мұғалім-оқушы өзара қарым-қатынасының тұрақты тәртібі арқылы жүзеге асырылады. Алға қойған мақсат пен міндеттерге байланысты мұғалім жұмысты әр түрлі әдіс-тәсілдермен ұйымдастыра болады.
Ертегімен жұмыстану алгоритмі. Дайындық жұмысы (музыкалық сүйемелдеу, слайд-шоу суреттері, балалардың жорамалы, лексикалық жұмыс).
Мәтінді алғашқы қабылдау (мұғалімнің мәнерлеп оқуы, дискіге жазылған ертегі тыңдау).
Ертегіні талдау (тест мазмұны бойынша сұрақтар).
Мәтінді екіншілік қабылдау (балалар бірінен соң бірі дауыстап оқиды, жұппен оқиды, өздігінен оқиды).
Басты кейіпкерлерге сипаттама, ертегінің негізгі идеясы, ертегінің жанрлық ерекшеліктері бойынша жұмыс (мәтінмен диалог).
Ертегімен жұмыстанудың әдіс-тәсілдері 1) Түсіндіру - иллюстративті әдіс. Бұл оқушының ертегіні алғашқы қабылдауы, бұл тәсілді мұғалімнің мәнерлеп оқуы немесе сахна шеберлерінің орындауымен дискідегі ертегіні тыңдату түрінде ұйымдастыруға болады. Оқулықта берілген мәтіндік сұрақтар балаларға ертегіні мұқият әрі мағынасын түсініп оқуға көмектеседі.
2) Проблемалық әдістерді мұғалім ертегі кейіпкерлерінің әрекеттерін, гипотезаларын талдауда қолданады. Мәселен, «Мақта қыз бен мысық» ертегісінде мысық сүтті төкпесе болар ма еді? Мәтінді қайта оқу кезінде туындайтын проблемалық сұрақтар. Жалпы сипаттағы сұрақтар проблемалық жағдайды қалыптастырады. Мысалы, ертегілердегі таңғажайып көлік түрлерін атаңыз (білімді жалпылау сабағы).
Оқушылар ертегі кейіпкерлерінің іс-әрекеттерін бағалауды үйренеді, мұғалім жағымды, жағымсыз кейіпкерлер мен көмекші-кейіпкерлерді анықтауға көмектеседі. Кейіпкерлерді сипаттауда арасында демалып оқу әдісі көмектеседі.