1.Əлеуметтануға кіріспе.Əлеуметтанулық қиял Əлеуметтанулық орта мен əлеуметтанулық мінез-құлық Əлеуметтік институттар


Символдық интеракционизм: элиталық сабақтастық



бет34/53
Дата11.04.2023
өлшемі199,45 Kb.
#81594
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   53
Байланысты:
1.?ëåóìåòòàíó?à ê³ð³ñïå.?ëåóìåòòàíóëû? ?èÿë ?ëåóìåòòàíóëû? îðòà

Символдық интеракционизм: элиталық сабақтастық
Қазіргі заманда элита өкілдері балаларының да жоғары деңгейде қалуын тікелей қамтамасыз ете алмайды. Мәртебелері балаларына өтуі үшін, оларға сол деңгейге лайықты білімін растайтын диплом алып беру қажет. Көп жағдайда ата-аналар мұны орындайды. Өйткені балалардың білімдегі жетістіктері, ата-аналарының әлеуметтік мәртебесіне тығыз байланысты. Бұл қалай болады? Конфликтология теорияшылары мектеп қүрылымы ңалай теңсіздікке алып келетіндігіне мән берсе, символдық интеракционистер осындай нәтиже беретін процестерді зерттейді. Сондай процестердің бірі - элиталық сабақтастық.
Элиталық сабақтстық
Мектептің мақсаты - оқушыларға білім беру. Мектепті аяқтаған кезде оқушылардың көбі компьютерде басуды, үш бөлікті тезистен тұратын эссе жазуды және есеп шыгаруды біледі. Оған қоса, ақыл-ес қабілетін арттыратын және кеңейтетін танымдық даму процестерінен өтеді. Оқу процестерінен мінсіз өткен жағдайда оқушылар сыни ойлау, дәлелдерді салыстыру және дербес ойлау қабілетін дамытуды үйренеді.
Көптеген зерттеу жүмыстарының нәтижесі бойынша, егер мұғалімдер оқушыларына зор үміт артып, оларға қиын әрі талапты тапсырмалар беріп отырса, мектеп жасындағы балалардың танымы кең болады. Мұғалімдер мұндайды оқушылары «ақылды» болып көрінсе және өздерін лайықты етіп ұстаған жағдайда істейді. Ал ондай оқушылар әдетте ақ нәсілді және бақуатты тап өкілдерінен болады.
Бұл жағдай АҚШ қоғамында мұғалімдердің бір бөлігі нәсілшілдік пен дәстүрлі стереотиптерді қолдайтындықтан болып отыр деп түсіндіріледі. Енді бірі бақуатты ақ нәсілді оқушылардың элиталық мәдениетке тән білімі мен түсінігі болғандықтан деп пайымдайды . Мұндай оқушылардың үйінде әдетте орта тап мұғалімдері бағалайтын музыка, өнер және классикалық кітаптар болады. Сонымен қатар олар мұғалімдерге ұнайтындай үлгіде өздерін ұстай алады және жақсы киінеді. Осындай мәдени капиталдың арқасында оқушылар мұғалімдермен қарым-қатынас жасай отырып, өздерінің уақыт бөлуге тұрарлық екендіктерін дәлелдейді.
Керісінше, мұғалімдер (көпшілігі «ақ») афроамерикалықтар мен мексикалық нәсілді америкалықтарды ақылсыз әрі жаманшылық жасауға үйір деп санайды. Нәтижесінде, мұғалімдер аз ұлт өкілдеріне білім беруге емес, тәрбиелеу мен қадағалауға көп уақыт жұмсайды.
Бұл процесс элиталық сабақтастықтың айқын мысалы бола алады. Қазір үстаздық етіп жүргендер - нәсілшіл, әйелдерді кем санайтын және классикалық теріс түсініктегі қоғамда өсіп, тәрбиеленгендер.
Мұғалімнің қате түсінігінің кесірінен кейбір оқушылар жетістікке жете алмай қалуы және мүмкіндіктерінің шектелуі ықтимал. Осылайша, қыздарға есептеу амалдары, үлдарға (афроамерикалық немесе «ақ») ас дайындау үйретілмейді. Ал жұмысшы таптың балаларына (ұл болсын, қыз болсын, ақ не қара болсын мейлі) физиканы емес, аспаздықты немесе автомеханиканы таңдауға кеңес береді. Бүл процесс жағдайы жоқ оқушыны жетістікке жетуден алшақтатуға көмектеседі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   53




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет