1.Əлеуметтануға кіріспе.Əлеуметтанулық қиял Əлеуметтанулық орта мен əлеуметтанулық мінез-құлық Əлеуметтік институттар


Дәріс 6. Отбасы және қазіргі заман



бет30/78
Дата07.01.2022
өлшемі163,57 Kb.
#17948
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   78
Байланысты:
Әлеуметтану

Дәріс 6. Отбасы және қазіргі заман
Дәріс №7.

Тақырыбы: Девиация, қылмыскерлік және әлеуметтік бақылау.

Жоспар:


1. Девиация туралы теориялық бағыттарды қысқаша шолу (әлеуметтанулық, биологиялық, психологиялық, экономикалық, мәдениеттанулық).

2. Девиация мен әлеуметтік бақылау.

3.Аномия мен қоғам. Деликвенттілік және қылмыс.

Девианттылық - белгілі бір қоғамның наразылығын тудыратын не тіпті жазалауға әкеп соқтыратын, нормаға қарсы іс-әрекет.

Қылмыс - заң тұрғысынан жазалауға жататын, қоғамға жат әрекет.

Девиантты мінез-құлық - жалпыға ортақ ережелерден ауытқитын әлеуметтік іс-әрекет, осы ережелерді бұзатын адамдар мен әлеуметтік топтардың қылықтары; қабылданған құқықтық немесе моральдық нормаларды бұзған адамның мінез-кұлқы.

Кең мағынасында девиантты мінез-құлық кез келген әлеуметтік ережелерден (мысалы, оның ішінде жағымды: батырлық, аса еңбек-қорлық, альтруизм, өзін құрбан ету, аса ұлкен рөл ойнау, жетістіктермен қатар, жағымсыз: қылмыс, қоғамдық тәртіпті бұзу, адамгершілік ережелерін, дәстұрді, әдет-ғұрыптарды аттап өту, өзіне-өзі қол жұмсау және т.б.) ауыт- қушылықты білдіреді.

Девианттылықты анықтау

Адамдар мәдени қалыпты әртұрлі себептермен және әртұрлі жолмен бұзуы мұмкін. Сіздің «шектен шығуыңызға» басқалардың қалай жауап беруі әдетте бұзылған ереженің салмағына байланысты. Егер сіз шіркеуге алжапқыш тағып, жаман киіммен барсаңыз я әрдайым құмыраға отырғызылған пальманы көтеріп жұрсеңіз, әдеттегі мінез-құлық ережелерін бұзасыз. Дегенмен бұған көп адам назар аудара қоймас, себебі сіз жеңіл-желпі ережелерге ғана қайшы келіп тұрсыз. Әлеуметтанушылар норманы өрескел бұзагын, қоғамның төзімінің шегінен асып кететін әрі белгілі бір формада жазалауға әкеп соқтыратын әрекеттерді девианттылық деп атайды. Басқаша айтсақ, де- вианттылық- белгілі бір қоғамның наразылығын тудыратын не тіпті жазалауға әкеп соқтыратын, нормаға қайшы келетін іс-әрекет.Девианттылықты басқалардың реакциясына қарай анықтай отырып, әлеумегтанушылар табиғатынан толықтай девиантты әрекеттің болмайтынын айтады. Бір әрекет біреулерге ереже бұзушылық

болуы мұмкін, ал басқаларға мұлдем олай көрінбейді. Соғыс кезінде, полиция қызметінде немесе өзін-өзі қорғауда басқа адамды өмірінен айыру заң бұзушылық деп есептелмейді. Белгілі бір әрекет девианттылыққа жата ма, жоқ па - ол көбіне тарихи жағдайға, оқиға болған жерге, жеке адамға және айналадағыларға байланысты. Мысалы, он тоғызыншы ғасырда әйелдердің төсекте ләззат алуы девианттылық деп қарастырылған. Ал қазір олай емес. Екі әйел алу Америка Құрама Штаттарында заң бұзушылық болып есептелсе, Сенегалда - әдеттегі жағдай. Америкада әйел адам юбка кисе - қалыпты жағдай, ал ер адам кисе - девианттылық. Қанша арақ ішкеніңді айгып ата-анаңа мақтансаң - девианттылық болуы ықтимал, ал мұны барда отырып айтсаң - қалыпты жағдай. Сол себепті әлеуметтанушылар девианттылықтың салыстырмалы нәрсе екенін айтады.

Девианттылықтың қылмыстық және қылмысқа жатпайтын екі тұрі бар. Девиантты мінез-құлықтың көпшілігі бейресми әлеуметтік бақылаудың ғана аясына кіреді. Егер іс-әрекет заң тұрғысынан жазалауға жататындай қоғамға жат әрекет болса, онда оны қылмыс деп атаймыз.Бірақ девианттылықтың көп тұрі заңға қайшы келмейді. Мысалы, бір ай бойы жуынудан бас тарту немесе көпшіліктің алдында өзін атеистпін деп жариялау заңға қарсы емес.

Девианттылыққа теориялық көзқарастар

Девианттылыққа (соның ішінде, қылмысқа) қатысты биологиялық және психологиялық тұсініктер әдетте адамның ішіндегі процестердің қалайша девианттылыққа алып келетініне бағытталады.Мұндай теориялар девианттылықтың себебін, көбінесе бала кездегі генетикадан, нейрохимиялық теңсіздіктен немесе лайықты мінез-құлық пен ұстанымды қалыптастыруда кеткен қателіктерден іздейді. Көптеген әлеуметтанушылар биология мен психологияның ауытқушылық тудырудағы рөлімен келіседі, бірақ қоғамдық кұштерді әлдеқайда маңызды деп есептейді. Әлеуметтану теориялары ауытқушылықтың себептерін адамның өзінен емес, әлеуметтік құрылымнан іздейді .

Девианттылыққа қатысты, алдымен Эмиль Дюркгейм қолданған. Дюркгейм кішігірім девианттылықтың артықшылықтарын мойындағанымен, қазіргі қоғамдағы дисфункциялы девианттылықтың себептерін талдаған маңызды зерттеулерінің бірінде жиілеп кеткен суицидті қарастырған (Durkheim [1897] 1951). Ол дәстүрлі қоғамдарда ережелер әдетте жақсы танымал болып, кеңінен қолдау тауып отырған дейді. Қоғамның ауқымы өсіп, тұрлері көбейіп, әлеуметтік өзгеріс жылдамдаған сайын қоғам нормалары пайдалануға жарамай, тұсініксіз бола бастады. Дюркгейм бұл жағдайды аномия деп этап, қазіргі замандағы суицидтің басты себебі сол деген тұжырым жасады.

Ең бастысы - Дюркгейм де, одан кейінгі құрылымдық функцияшылдар да девианттылықты жеке адамньщ ауытқуы емес, әлеуметтік мәселе ретінде сипаттады, яғни, «Бұл - жеке адамның емес, әлеуметтік құрылымның проблемасы», - деді олар. Сондықтан девианттылық проблемасын шешу ұшін жеке адамды тұзетуге тырысудың орнына қоғамдық дисфункциялықты жою керек деген пікір айтты.

Қылмысқа анықтама

Конфликт теориясын қолдайтындар қолында заңды билігі бар топтардың саяси және экономикалық мәртебесін жоғарылату ұшін пайдаланатын қаруы деп есептейді (Arrigo, 1998; Liska, Chamlin, Reed, 1985; Reiman, 2005). Осы позицияны қолдаушылар кейде қылмыстың анықтамасының өзі бай адамдардың мұддесіне қарай жасалған дейді.

Мысалы, корпорациялар қауіпті машиналарды сатқанда немесе улы химиялық заттарды суға тастағанда мыңдаған адамды өлтіруі немесе оларға залал келтіруі мұмкін. Бірақ бұл әрекеттер соттарда сирек қарастырылады.

Сонымен қатар конфликт теориясын қолдаушылар қылмыстық сот жүйесінің «қылмыстық» деп аталған іс-әрекетке жауабы биліктегілердің мұдделерін қорғайды деп санайды (Reiman, 2005). Біздің жұйе ақша жымқырушылардан гөрі көше ұрыларын жауапқа тартуға, клиенттерінен гөрі жезөкшелердің өзін жауапқа тартуға көбірек шығынданады. Сол сияқты, анаша қолданудың қаупі қоғам ұшін де, анаша қолданатындар ұшін де бірдей болғанмен (көбіне қара нәсілділер қолданатын), крэккокаинге қарсы заң (көбіне ақ нәсілділер қолданатын) «әдеттегі» кокаинге қарсы заңнан әлдеқайда қатал. Яғни басқалармен бірдей қылмыс жасаса да, кедейлер мен қара нәсілділер тұтқындауға, қудалауға және соттауға жиірек ұшырап отырады (Reiman,2005).

Дифференциалды ассоциация теориясы - айналасындағы адамдардың көпшілігі конформизмге қарағанда девиантты мінез-құлыққа жақын болса, ол адам да девианттылыққа бейімделеді деп санайды.

Тартыну теориясы - әлеуметтік құрылымдар конформизм ұшін лайықты марапат болмаған жағдайда адамдар девианттылыққа ойысады деп есептейді.

Ат таңу теориясы - белгілі бір адамдарға және іс-әрекетке «девиантты» деген ат жапсыру процесін зерттейтін теория.

Адамның девианттылығын тұсіндіру

Адамға «девиант» деген атты таңу басқалардың ережеге сай келмейтін әрекетке қатысты реакциясына байланысты болмақ. Бала алғаш рет сыныпта тәртіп бұзса, мұны қатты қуанғаннан не көңіл қошы болмағаннан жасайды. Бұл импульсивті әрекет бастапқы девианттылық деп аталады. Әрі қарай не болатыны басқалардың бұл әрекетті қалай бағалайтынына байланысты. Егер мұғалімдер, психологтар және басқа балалар оған «бұзық» деген ат таңса және бала да мұны қабылдаса, онда ол «бұзық бала» рөліне кіреді. Әрі қарай тәртіп бұзуын жалғастыра берсе, өзінің девиантты болмысы туралы тұсінік қалыптасып, екінші дәрежелі девианттылыққа қадам басады.

Ат таңу теориясының басты кемші ліктері мынада: (1) ол бастапқы девианттылықтың неден болатынын тұсіндірмейді; (2) қолға түспеген, яғни «бұзақы» деген ат таңылмағандардың неліктен екінші дәрежелі девианттылыққа бас ұратынын тұсіндіре алмайды.

Шағым жасалмайтын қылмыс - есірткі шегу, жезөкшелік, құмар ойын ойнау және порнография сияқты заңсыз тауарлар мен қызметтерді сатып алғысы келетін адамдар мен оны сатушылар арасында ерікті түрде жасалған іс-әрекет.

Жас ерекшелігі

Бүкіл әлемде жастардың арасында қылмыс деңгейі үнемі жоғары (Cook және Laub, 1998) болған. Бәлкім, тежеу теориясы мұны жақсы түсіндіретін шығар. Шындығында, басқалармен салыстырғанда жастардың жоғалтары аз. Олардың көпшілігінің тұрақты жұмысы жоқ, болса да «айырылып қалмайын» дейтіндей, қызықты жұмыс емес. Оның үстіне олардың арасында үйленген, несие алған адамдар да көп емес. Жақсы жұмыс орны бар, үйленген, әсіресе ата-анасымен, мектебімен өтетығыз қарым-қатынастағы жастар қылмысқа сирек барады Қылмыс көбінесе қол бос кезде жасалады. Әдетте бұл ешкімнің қадағалауынсыз көп уақытты дос-жаранның ортасында өткізумен тығыз байланысты. «Қызықтайтын сауық-сайран қалмады» деп сенделген жастардың көбі қызық үшін түрлі әрекетке барады. Жасөспірім шақтың өзіне тән проблемалары мұны одан сайын ушықтырып береді. Жастар жаңа достар тауып, жаңа идеяларға бас ұрып жатадәрі ересек өмірдегі бостандыққа ұмтылып, оның дәмін тата бастайд бір жағынан, ата-анасының, мектебінің және заңның тәртібі аясыншектеледі, сондықтан бұған қарсылық білдіреді .

1. Көпшілігіміз көбінесе тәртіпке бағынамыз. Қоғамдық бақылаудың үш түрі конформизмге жетелейді. Олар: 1) нормалар мен құндылықтарды бойымызға сіңіру арқылы өз-өзімізді тежеу; 2) бейресми қоғамдық бақылау; 3) ресми қоғамдық бақылау.

2. Адам белгілі бір қарекет нормаларын бұзған кезде тәртіпсіздікке барады. Оғаштық шегінен шығып, маңызды нормаларды бұзуды және осы үшін қоғамдық шектеуге ұшырауды девианттылық деп атаймыз. Қылмыс - заңға қайшы девианттық әрекет.

3. Девианттылық салыстырмалы түрде қарастырылады. Ол қоғамның берген анықтамасына, болған жайттың төңірегіндегі жалпы ахуалға және адамның мәдениеті мен субмәдениетіне байланысты болады.

4. Құрылымдық функцияшылдар адамның девианттық әрекетінің қоғамдық тәртіпсіздікке қатысын анықтау үшін шиеленіс теория-сын қолданады. Бір ауданмен салыстырғанда басқа ауданда қылмыс децгейінің неге жоғарылығын анықтау үшін, олар ұжымдық тиімділік теориясына жүгінеді. Символдық интеракционистер дифференциалды ассоциа­ция, тежеу және ат қою теорияларын пайдаланады. Олар девианттылықты девиантты іс-әрекет пен девиантты болмыс қалыптастыратын әрекеттесу нәтижелері деп қарастырады. Конфликт теориясының мамандары

девианттылықтың себебін іздейді және гендерлік, нәсілдік және таптық теңсіздік кезінде девианттылыққа жетелейтін заңдылықтарды талдайды.

5. 1960-1990 жылдар аралығында ауыр және мүліктік қылмыстар саны артты, дегенмен 1990 жылдан бері тұрақты түрде төмендеп келеді.

6. Қамаудағылардың көбі - жәбірленушісі жоқ, яғни шағым жасалмайтын қылмыс жасағандар. Мүндай қылмыстарға қатысты заңдар - ең қиын әрі орындалуы қымбатқа түсетін заңдар.

7. Кеңсе қызметкерлері, яғни ақ жағалылар жасаған қылмыс санының артуы қылмыстың тек гөменгі тапқа тән құбылыс емес екенін айғақтайды.

8. Ер адамдардың, азшылық және төменгі тап өкілдерінің, жастардың қылмыс үшін тұтқындалу ықтималдыгы жоғары. Бүл теңсіздіктің бір себебі олардың қылмысқа көбірек баратынында болса, екінші бір себебі қылмыстық сот жүйесінің оларға әркелкі қарайтынында.

9. Қылмыстық сот төрелігі жүйесіне полиция, сот және түзету жүйесі кіреді. Бұлардың әрқайсысында қүзырлы органдарга әділдікті жүзеге асыруда көп еркіндік беріледі. Дегенмен «міндетті түрде ең төменгі шекті мерзімге жазалау» заңы билік тізгінін судьялар мен адвокаттардан алып, прокурорлардың қолына береді.

10. «Қылмыскерді қатаң жазалау» ұстанымының кесірінен АҚШ түрмелері адамға толып кетті. Зерттеулерге қарасақ, ұзақ мерзімге бас бостандығынан айырудың көп қажеттігі жоқ. Қоғамның ішінде түзету және қылмысқа негіз болған әлеуметтік мәселелерді шешу түрмеге балама ретінде ұсынылады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   78




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет