Дүние Жүзі Қазақтарының Құрылтайы — Алматы қаласында 1992 жылы 28 қыркүйек пен 4 қазан аралығында дүние жүзі қазақтары өкілдерінің қатысуымен өткен құрылтай. Дүние Жүзі Қазақтарының Құрылтайына ТМД елдерінен 350 адам және көптеген шет елдерден делегаттар қатынасты. Құрылтайда қазақ халқының тағдыры, ата-баба мұрасы, тілі, бүкіл дүние жүзіндегі қазақтарды біртұтас ұлттық мемлекетіне біріктірудің құқықтық негіздері, т.б. мәселелер жөнінде баяндамалар тыңдалды. Бұл орталыққа ұлт өмірін жан-жақты зерттеп, қазақтардың әлеуметтік-экономика, мәдени, рухани тыныс-тіршілігіндегі мәселелерді шешу міндеттері жүктелді. Құрылтай шет елде жүрген қазақтарға олардың артында арқа сүйер іргелі елі барын танытты.
Өзінің қайнар бастауын сонау 1992 жылдан алатын әлем қазақтарының Құрылтайлары жер шарының түкпір-түкпірінде тұратын этникалық қазақтардың іскерлік сұхбаты алаңына айналуда. Құрылтай қазақ халқының мәдениетіне, тарихына және салт-дәстүрлеріне жаңаша тұрғыда қарауға, оны молайтуға мүмкіндік береді. Ол, сондай-ақ, біздің отандастарымыздың Қазақстанға өз еркімен қоныстануына жол ашады. Осынау маңызды іс-шара көші-қонға жауапты мемлекеттік органдарға шетелден қоныс аударушылардың өздерінің тарихи отандарында бейімделуіне, этникалық көші-қон мәселелерін шешуге, көші-қон жәнен білім туралы заңдарына байланысты уақыт талабын ескеруге жаңаша тұрғыдан қарауға көмектеседі.
Дүниежүзі қазақтарының құрылтайы және отандастарымыздың елімізге оралуының маңызы. 1991 жылы республикада жергілікті ұлт өкілдерінің үлес салмағы 40%-ды құрады. Қазақ халқының азшылыққа айналуына қуғын-сүргін, күштеп қоныс аударту, депортация, өлкедегі ашаршылық секілді оқиғалар әсер еткен. Сарапшылардың пікірінше, кез келген елдің ішкі этносаралық тұрақтылығын сақтау үшін жергілікті ұлт өкілдерінің үлес салмағы 75–80% болуы керек. Осы тұрғыда иммиграция, ирредента, эмиграция мәселелеріне зор көңіл бөлініп отыр.
Қазақстанның ұлттық қауіпсіздігін, елде саяси тұрақтылықты қамтамасыз етуде көбінесе жергілікті ұлт пен көптеген диаспоралардың өзара түсіністікке негізделген арақатынасы және жалпы халық санындағы қазақтардың үлес салмағының өсуі маңызды рөл атқарады. Бұл мәселеде шетелдегі қазақ диаспораларының өз отанына көшіп келуіне жол ашу, елде орналасу мүмкіндіктерін қамтамасыз ету анағұрлым оңтайлы шешім болып табылды. Біріншіден, отандастарымыздың тарихи отанына көшіп келуі демографиялық үдерістерді шешудің тиімді жолдарының бірі саналады. Өйткені оларда көпбалалы отбасын қалыптастыру ұстанымы берік сақталған. Екіншіден, Қазақстандағы жұмыс күшінің жетіспеушілігін жоюға жәрдемдеседі. Өзбекстан, Қырғызстан, Қытай, Тәжікстан елдерінен арзан жұмыс күшінің үнемі және жаппай ағылуы экономикалық жағынан өте тиімсіз. Сондықтан олардың орнына этникалық қазақтардың келуі, тапқан табысты өз елімізде жарату мен салық төлеу республика бюджет қорын толықтырады. Үшіншіден, шетелдердегі қазақтардың туған Отанына қайта оралуы қазақ тілі мәртебесін көтереді. Өзбекстан, Қытай, Моңғолия қазақтары мемлекеттік тілді еркін меңгерген. Ресей қазақтары да ана тілін меңгеруге аса ниетті. Төртіншіден, белсенді көші-қон ағымы арқылы тарихи әділдікті орнатуға мүмкіндік аламыз. Бесіншіден, экономикалық, мәдени, спорт табыстарына қол жеткіземіз. Отандастарымыздың еліміздің әлеуметтік-экономикалық, ғылыми, мәдени, саяси өмірінде елеулі өзіндік үлес қосып жүргені мәлім. Мысалы, Өзбекстаннан елге оралғандардың бірі – сәулетші, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік Елтаңбасының авторы Жандарбек Мәлібеков. Түркиялық Халифа Алтай – Құранды араб тілінен қазақ тіліне алғаш рет аударды.
65. «Жаңғыртылған «Жаңа Ұлы Жібек жолы» Қазақстан экономикасының дамуында басты рөл атқарады». Сіз бұл тұжырыммен қаншалықты келісесіз? Өз жауабыңызға кем дегенде екі дәйек пен дәлел келтіріңіз. Бұл тұжырыммен келісемін.
1-дәйек:Ұлы Жібек жолының әлеуметтік-мәдени маңызы үлкен. Ұлы Жібек жолы тармақтарының Қазақстан қалалары арқылы өтуі мәдениет пен өнердің дамуына септігін тигізді. Саудамен қатар, Қытай, Алдыңғы Азия, Еділ Бұлғариясы т.б. елдермен дипломатиялық және экономикалық қарым-қатынастар орнатқан жол болды. Жібек жолы жаңа технологиялар мен жаңалықтар, мәдени, ғылыми жетістіктер алмасу жолы да еді. Қазақстан осы жол арқылы қағаз және оқ-дәрімен танысты. Бүкіл әлем соғыс арбаларын жасауды игерді, басқа да әскери өнер жаңалықтары тарады. Сақтардың «аң стиліндегі» алтын бұйымдарының таңғажайып үлгілері осы жол арқылы бүкіл әлемге паш етілді. Жібек жолымен Қазақстанға басқа елдердің сәулет құрылыстары, бейнелеу өнері, би, музыка сияқты мәдени ауысулары ағылып жатты. Жергілікті халық киім-кешек пен қару-жарақ, сауыт-сайман, дәмдеуіштер мен кептірілген жемістер сатып алды. Батыс пен Шығысты түйістіріп тұрған сауда жолымен христиан, буддизм, ислам, манихейлік діни ағымдар тарады. Қазақстан аумағын мекендеген халықтар ғасырлар бойы әртүрлі діндер мен конфессияларға төзімді және келісімді өмір сүріп келгені – ежелден келе жатқан дәстүр.
2-дәйек:Ұлы Жібек жолының ортаазиялық бағытында халықаралық сұхбат үрдісі орнықты. Батыс пен Шығыс, Еуропа мен Азия түйісетін Ұлы Жібек жолында біріне бірі ұқсамайтын мәдениеттердің өзара құндылықтар алмасулары үшін қолайлы жағдай қалыптасты.
1-дәлел: 1987 жылы ЮНЕСКО шешімі бойынша Ұлы Жібек жолын қайта жаңғырту жобасы қабылданды.
1996 жылы Ташкентте түркі мемлекеттері президенттерінің бірлескен декларациясында Ұлы Жібек жолы басты нысан етіп алынды. 1997 жылы Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Н.Ә. Назарбаев «Қазақстан Республикасында Ұлы Жібек жолы бойында туризм инфрақұрылымын дамыту туралы түркі тілдес мемлекеттер басшыларының Ташкент декларациясын, ЮНЕСКО мен ДСҰ жобасын іске асыру» туралы Жарлыққа қол қойды.
2-дәлел:1998 жылы «Жібек жолы тарихи орталықтарын қайта өркендету, түркі тілдес мемлекеттердің мәдени мұрасын сақтау және дамыту, туризм инфрақұрылымын жасау» мемлекеттік бағдарламасы бекітілді. Қазіргі таңда Қытай мен Орталық Азия елдері бойынша «Бір белдеу, бір жол» стратегиялық бағдарламасы, «Жібек жолының экономикалық белдеуі» бастамасы жүзеге асырылуда. Сонымен қатар біздің жерімізден «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» автокөлік дәлізі өтеді. Бұл жоба тасымалданатын жүктердің транзитінен Қазақстанға қаржылай мол табыс әкеледі.