1.Үлгілі бағдарлама бойынша 2-4 сынып аралығында бастауыш сынып оқушылары фонетика саласынан игеруге тиісті білім мазмұнына талдау жасау



бет2/2
Дата03.11.2022
өлшемі39,27 Kb.
#47281
1   2
2.Сауатты сөйлеуге қалыптастырудың негізгі қағидалары
1. «Біріккен сөз» тақырыбын өткенде күнбағыс, итмұрын, асқабақ сияқты өсімдіктердің, аққу, бірқазан, көкқұтан сияқты құстардың суреттері бойынша ауызша сөйлем құратып, құраған сөйлемдердің суретін жауып қойып, жатқа жазғызып, біріккен сөздердің жазылуын меңгерулеріне аса көңіл бөлемін.
2. Оқушыларды сауатты жазуға үйретуде сөздік жұмыс жүргізудің де маңызы зор. Мысалы: дана – данышпан, ақылды, білімді т.с.с.
3. Мәнерлеп оқу – сауатты жазудың негізі. Дұрыс оқыған бала ғана дұрыс жаза алады. Оқу – жазуға үйретудің алғашқы кездерінен бастап балаларды түсініп оқуға үйрету керек. Түсініп оқу кезінде баланың оқыған әрбір сөзді нақты затпен байланыстыра алуы, оқығанына мән бере білуі, оқыған сөздерінің бір-бірімен байланысын, түсіне білуін ескеруіміз қажет. Оқушыны шығарманы түсініп оқуға төселдірудің бір жолы - әңгімелесу арқылы өткізу. Алдын-ала әңгімелесу балалардың бұрын көрген – білгендерін еске түсіру мақсатымен жүргізіледі. Балалардың оқығанын көз алдына елестетіп, қатесіз түсініп оқу. Сөйтіп оқушылар саналы түрде сауатты оқуға үйренеді.
Оқу – жазудың алғашқы кезінде асықпай жай оқыту керек. Бірте-бірте балалардың оқу шапшаңдығын арттыру шарт. Оқушыны шапшаң оқуға дағдыландыра отырып, мұғалім белгілі шамадан асып кетпеуі қажет. Оқу шапшандығы мен түсіну шапшаңдығы қатар дамуы тиіс. Балалар оңай түсінетін тым жеңіл әңгімелерді, ертегілерді ешбір дайындықсыз оқуға болады. Шапшаң оқу дауыс ырғағын келтіріп оқумен тікелей байланысты. Тым асығып оқыған бала дауыс ырғағын келтіріп оқи алмайды. Оған үйретудің ең тиімді жолы – қайыра оқыту. Бірақ балалар мәтіннің мазмұнын ұғынып, оны қызығып оқитын болуы керек. Сонымен оқушы дұрыс түсініп,әрі мәнерлеп шапшаң оқуға дағдыланған сайын оқытудың мәні арта түседі.
4. Оқушыларды қатесіз жазуға дағдыландыру үшін көшіріп жазуға көп көңіл бөлу керек, немесе сөйлемде қалдырып кеткен сөздерді дұрыс тауып, оны орнына қойып, үйлестіріп жазу, берілген сөздерден сөйлем құрап жазу, сұрақтарға толық жауап жазу сауаттылыққа көмегін тигізіп отырады.
5. Оқушыларды сауатты жазуға үйретуде түрлі жазба жұмыстардың жаттығулар, сөйлемдер, мазмұндама, шығарма, диктанттардың пайдасы зор.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет