1.Үлгілі бағдарлама бойынша 2-4 сынып аралығында бастауыш сынып оқушылары фонетика саласынан игеруге тиісті білім мазмұнына талдау жасау



бет1/2
Дата03.11.2022
өлшемі39,27 Kb.
#47281
  1   2
Байланысты:
Оқытудың қарым-қатынастық әрекеттік сөйлеу әрекетінің түрлерін дамыту әдістемесі


1.Үлгілі бағдарлама бойынша 2-4 сынып аралығында бастауыш сынып оқушылары фонетика саласынан игеруге тиісті білім мазмұнына талдау жасау.
Оқу пәнінің 2-сыныптағы базалық білім мазмұны
17. Тіл және сөйлеу (2 сағат):
1) сөйлеудің адам өміріндегі маңызы мен оның қажеттілігі;
2) ауызекі және жазба тілде сөйлеу туралы түсінік.
18. Дыбыс және әріп (24 сағат):
1) у дыбысы. Сөз ішінде у дыбысының бірде дауысты, бірде дауыссыз болып келуі. У әрпінің
емлесі: дауыссыз дыбыстан кейін келген у әрпінің алдында ү, ұ дыбыстары естілгенімен, жазылғанда
олардың орнына у-дың өзі ғана жазылатыны;
2) дауысты ы, і әріптеріне аяқталған сөздерге у әрпі қосылғанда, ы, і әріптерінің түсіп
қалатыны;
3) и дыбысы. И-дің дауысты, ал й - дауыссыз дыбыс дыбыс екені. И-дің бірде жуан, бірде
жіңішке болатыны. И, й әріптерінің емлесі;
4) я, ю әріптерінің жазылуы;
5) дауыссыз дыбыстардың қатаң, ұяң, үнді болып бөлінетіні;
6) б, п дыбыстары. Б және п әріптерінің емлесі;
7) қ, ғ және к, г дыбыстары. Қ, к дыбыстарынан аяқталған сөздерге дауысты ы, і дыбыстары
жалғанса, олардың ғ, г дыбыстарына айналуы;
8) л, р дыбыстары. Л, р әріптерінің емлесі;
9) н, ң дыбыстары. Олардың бір-бірінен өзгешелігі және емлесі.
19. Мәтін (7 сағат):
1) мәтін туралы түсінік. Жеке сөйлемдерден мәтіннің өзгешелігі. Мәтіннің тақырыбы және
ондағы негізгі ойды анықтау. Мәтіннің мазмұнына сай ат қою. Мәтінге, сюжетті суреттерге ат қою;
2) мәтіннің құрылымын байқату: негізгі ойды беру формасы сөйлем екені, мәтіннің бөліктері
(басқы, ортаңғы (негізгі), соңғы (қорытынды)) туралы ұғым қалыптастыру. Мәтіндегі азат жолдың рөлін аңғарту;
3) мәтіндегі сөйлемдердің байланысы. Дұрыс құрылмаған мәтінді қайта құру. Әр алуан мәтін түрлерін аңғарту: әңгімелеу, сипаттау, пайымдау;
4) заттардың негізгі бөліктерін байқату: таныс заттарды көрсетіп, олардың басты белгілері жайлы әңгімелету, сипаттап айтқызу. Берілген мәтінге байланысты сұрақтарға жауап беру;
5) берілген жоспар бойынша мазмұндама жазу. Берілген тақырып, тірек сөздер, суреттер т.б. бойынша мәтін құру.
20. Сөйлем (14 сағат):
1) сөйлем туралы түсінік. Сөйлемнің мәтіннен өзгешелігі. Тұтас мәтінді сөйлемдерге бөлу: берілген мәтіндегі сөйлемдердің ара жігін ажырату;
2) сөйлемнің айтылу мақсатына қарай түрлері: хабарлы сөйлем, сұраулы сөйлем, лепті сөйлем. Сөйлем түрлерінің айтылу интонациясын байқату;
3) сөйлем соңына қойылатын тыныс белгілері (нүкте, сұрау, леп белгісі);
4) сөйлемдегі сөздердің байланысы. Сұрақ қою арқылы сөйлемнің ішінен бір-бірімен байланысып тұрған сөздерді табу;
5) сөздердің орналасу тәртібін ескере отырып, сөздерден сөйлем құрау. Сұрақ бойынша сөйлемді кеңейтіп жазу (екі сөзден тұратын сөйлемді үш сөзді етіп құру). Үлгі, сызба, суреттер бойынша сөйлем құрап жазу. Дұрыс құрылмаған сөйлемді түзеп, қайта жазу.
21. Сөз және оның мағынасы (6 сағат):
1) сөз және оның мағынасы туралы түсінік;
2) мағынасы жуық, мәндес сөздер, қарама-қарсы мағыналы сөздер, әртүрлі мағынаны білдіретін сөздер (терминдер айтылмайды);
3) сөздердің қолдану ерекшелігі;
4) мәтіндегі сөздерді мағыналарына қарай ажырата білу.
22. Сөз құрамы (12 сағат):
1) сөздің түбірі мен қосымшасы туралы алғашқы түсінік;
2) түбір мен қосымшаның бір-бірінен айырмашылығы;
3) қосымшаның жұрнақ, жалғау болып бөлінуі. Олардың әрқайсысының өзіндік белгілері.
23. Сөз таптары (35 сағат):
1) кім? не? кімдер? нелер? қандай? қай? не істеді? не қылды? қайтті? қанша? неше? Нешінші? сұрақтарына жауап беретін сөздер туралы түсінікті қайталау;
2) сөз табы туралы түсінік. Зат есім, оның мағынасы, сұрақтары. Жалқы есім және жалпы есім. Жалқы есімнің жазылу емлесі;
3) зат есімнің жекеше және көпше түрлері. Зат есімнің көпше түрін сөз құрамына талдау, көптік жалғаулары;
4) Етістік, оның анықтамасы, сұрақтары. Дара және күрделі етістіктер;
5) сын есім және оның анықтамасы, сұрақтары. Сын есіммен зат есімнің байланысы;
6) сан есім және оның анықтамасы, сұрақтары. Сан есімнің зат есіммен байланысып айтылуы.
24. Сөйлеу мәдениеті (2 сағат):
1) сөйлеу мәдениеті туралы түсінік. Әдемі сөйлеу – әдептілік Амандасу, сәлемдесу, танысу, алғыс айту кезінде қолданылатын сөздер.
25. Жыл бойы өткенді қайталау (14 сағат).
26. Жыл бойына арналған жазба жұмыстары (20 сағат).
3. Оқу пәнінің 3-сыныптағы базалық білім мазмұны
27. Тіл және сөйлеу (2 сағат):
1) сөйлеу туралы берілген ұғымды кеңейту. Сөйлеу мәнерлілігі. Дауыс ырғағының сөйлеу жағдайына сәйкес болуы.
2) ауызекі және жазба тілде сөйлеу ерекшеліктері.
28. Дыбыс және әріп (16 сағат):
1) Дыбыс туралы 2-сыныпта өткенді қайталау;
2) Э, е, ф, в, ц, ч, ш, щ дыбыстарының ерекшеліктерін меңгерту. Бұл дыбыстарды дұрыс айтып, сауатты жазуға дағдыландыру;
3) В, ф дыбыстары мен әріптерінің ерекшеліктерін салыстыру;
4) Ч, щ дыбыстары мен әріптерінің ерекшеліктері;
5) Х, Һ дыбыстары, олардың айтылу ерекшеліктері. Х, һ дыбыстарына қатысты сөздердің
емлесі.
29. Мәтін (7 сағат):
1) мәтін туралы берілген ұғымды қайталау. Мәтін құрастырудың сызбасы (басқы, ортаңғы, соңғы бөліктері).
2) мәтінді логикалық аяқталған бөліктерге бөлу (жоспар және жоспарсыз). Жоспар құру. Әр
алуан мәтін түрлерін құрастыру: әңгімелеу, сипаттау, пайымдау, олардың бір-бірінен ерекшеліктері.
3) мәтіндегі сөйлемдердің байланысы. Берілген жоспар, суреттер бойынша және белгілі бір жағдайға байланысты әңгіме құрастыру. Сөйлеу ортасына, сөйлеу мақсаты мен сөйлеу тақырыбына сәйкес диалог құру.
4) бірлесіп жасалған жоспар бойынша 50-70 сөзден құралған қысқаша шығарма жазу.
5) мәтінді ықшамдау және жалпылау арқылы қысқарту. Терме баяндау.
30. Сөйлем (22 сағат):
1) сөйлем туралы 2-сыныпта берілген білімді қайталау;
2) сөйлем түрлерін әртүрлі жағдаяттарда (ситуация) орынды қолдана білу;
3) сөйлем мүшелері. Тұрлаулы және тұрлаусыз мүшелер;
4) бастауыш пен баяндауыштың байланысы. Бастауыш пен баяндауыштың арасына қойылатын сызықша;

5) жалаң және жайылма сөйлем;
6) үлгі сызба, сұрақ бойынша сөйлем құрау;
7) қаратпа сөз, оның тыныс белгісі.
31. Сөз және оның мағынасы (6 сағат):
1) сөз туралы берілген білімді еске түсіру;
2) сөз мағыналарымен жұмыс: сөз өзінің тура мағынасынан басқа ауыспалы мағынада қолданылатынын және бір сөздің бірнеше мағынада жұмсалатынын байқату;
3) мәндес және қарама-қарсы мағыналы сөздер.
32. Сөз құрамы (14 сағат):
1) сөз құрамы жайында 2-сыныпта берілген ұғымдарды қайталау;
2) түбір сөз және туынды сөз;
3) туынды сөз жасайтын жұрнақтар;
4) туынды сөз бен түбір сөзді салыстыру;
5) түбірлес сөздер;
6) қосымшалардың емлесі: қосымшалардың сөздің соңғы буынымен үндесіп жалғануы, қосымша жалғанғанда кейбір сөздердің соңғы дыбысының өзгеруі немесе түсіп қалуы туралы түсінік (кітап+ы – кітабы).
33. Сөз таптары (34 сағат):
1) сөз таптары туралы берілген ұғымды қайталау;
2) зат есім туралы 2-сыныпта өтілген материалды еске түсіру;
3) негізгі және туынды зат есім. Негізгі зат есім, оның анықтамасы;
4) туынды зат есім, оның анықтамасы. Туынды зат есім жасайтын жұрнақтар;
5) зат есімнің тәуелденуі;
6) тәуелдік жалғау, оның жекеше және көпше түрлері. Тәуелдік жалғаудың емлесі;
7) етістік туралы берілген білімді еске түсіру. Негізгі және туынды етістік;
8) болымды және болымсыз етістік;
9) сын есім жайында берілген білімді еске түсіру. Негізгі және туынды сын есімдер;
10) салыстырмалы шырай жұрнақтарымен таныстыру;
11) заттарды әр алуан белгісіне, сапасына және т.б қарай салыстыру;
12) сан есім туралы берілген білімді еске түсіру. Есептік және реттік сан есімдер.
34. Сөйлеу мәдениеті (2 сағат):
1) танысу, өтіну, тілек білдіруге байланысты сөздерді пайдалану;
2) ауызекі және жазба тілде шақыру, құттықтау.
35. Жыл бойы өткенді қайталау (13 сағат).
36. Жыл бойына арналған жазба жұмыстары (20 сағат).
4. Оқу пәнінің 4-сыныптағы базалық білім мазмұны
37. Тіл және сөйлеу (2 сағат):
1) тіл және сөйлеу туралы берілген ұғымды еске түсіру. Ауызекі және жазба тілде сөйлеу
туралы түсініктерін кеңейту;
2) сөйлеудің адамдардың сезіміне, іс-әрекетіне әсері.
38. Дыбыс және әріп (7 сағат):
1) дыбысқа байланысты берілген білімді қайталау. Фонетика туралы түсінік беру. Фонетикалық
талдау жасау;
2) буын үндестігі туралы ұғым қалыптастыру: дауысты дыбыстардың сөз ішінде
жуан-жіңішкелігіне қарай үндесіп айтылуы және жазылуы;
3) дыбыс үндестігі туралы түсінік. Түбірдің соңғы дыбысы қатаң болса, оған жалғанатын
қосымшаның бірінші дыбысы қатаң болып келетіні. Түбірдің соңғы дыбысы ұяң немесе үнді болса,
оған жалғанатын қосымшаның бірінші дыбысы да ұяң не үнді болып сәйкестенуі;
4) дауысты дыбыстың әсерінен түбірдің соңындағы қатаң дыбыстың ұяң не үнді болып өзгеруі.
39. Мәтін (7 сағат):
1) мәтін және оның түрлері туралы берілген ұғымды кеңейту;
2) әңгімелеу мәтіні, оның құрылымын талдау. Өз беттерінше әңгіме құрау (7-8 сөйлем);
3) тірек сөздер, суреттер, оқығандары бойынша әңгіме;
4) сипаттау мәтіні, оның құрылымын талдау. Затты нақты сипаттау, көркемдік сипаттау,
салыстырмалы сипаттау;
5) пайымдау мәтіні. Пайымдаудың мазмұндық және құрылымдық ерекшеліктерін байқату: мұнда
түсіндіру (ой), дәлелдеу және қорытынды болатыны; пайымдауда түсінікті дәйектемелерді пайдалану.
Пікір айтуға дағдыландыру, өз ойын дәлелдей алуға, қорытынды жасай білуге үйрету;
6) қабырға газетіне мақала жазу. Саяхат кезінде көргендері, алған әсерлері жайында жазу.
Өздігінен мәтін құрау дағдысын жетілдіру: айтқан ойларының тақырыпқа сай болуы, мазмұндау
логикасының сақталуы, сөйлемдердің дұрыс құрылуы, орынсыз қайталауға жол берілмеуі және т.б.
40. Сөйлем (22 сағат):
1) сөйлемге қатысты берілген білімді қайталау;
2) синтаксис туралы түсінік беру. Синтаксистік талдау жасауға үйрету;
3) сөйлемнің дара және күрделі мүшелері;
4) сөйлемнің бірыңғай мүшелері. Сөз тіркесі туралы түсінік. Сөйлемдегі сөз тіркестерін
табуға жаттықтыру;
5) жай сөйлем және құрамалас сөйлем;
6) құрмалас сөйлемнің тыныс белгісі;
7) қыстырма сөз, олардың тыныс белгісі.
41. Сөз және оның мағынасы (5 сағат):
1) сөз мағыналары туралы білімді еске түсіру;
2) мағынасы бір-біріне жуық сөздер, мағынасы қарама-қарсы сөздер, көп мағыналы сөздер туралы түсініктерін кеңейту;
3) тұрақты сөз тіркестері туралы түсінік беру.
42. Күрделі сөздер (9 сағат):
1) күрделі сөз туралы жалпы түсінік;
2) біріккен сөз. Біріккен сөздің жасалуы және оның жиі кездесетін түрлері;
3) қос сөз және олардың жасалуы. Қос сөздердің мәні және емлесі;
4) қысқарған сөз. Қысқарған сөздердің жасалуы және олардың емлесі.
43. Сөз таптары (48 сағат):
1) сөз табы туралы өтілгенді қайталау;
2) морфология туралы түсінік. Морфологиялық талдау жасау;
3) зат есім. Зат есімнің септелуі. Септік жалғауының аттары мен септелуі. Септік жалғауының емлесі;
4) тәуелденген сөздердің септелуі;
5) көптік жалғаулы сөздердің септелуі. Зат есімнің жіктелуі;
6) жіктік жалғаулары, олардың жекеше, көпше түрлері;
7) етістік, оның жіктелуі. Жекеше және көпше жіктеу үлгілері;
8) етістіктің шақтары: осы шақ, өткен шақ, келер шақ;
9) сын есім. Сын есімнің дара және күрделі түрлері, олардың емлесі;
10) қарсы мәндес сын есімдер;
11) сан есім. Дара және күрделі сан есімдер, емлесі;
12) есімдік туралы жалпы түсінік. Жіктеу есімдіктері, олардың септелуі;
13) үстеу туралы түсінік;
14) шылау туралы түсінік, олардың мәні;
15) шылау мен шылау тұлғалас қосымшалардың жазылуы;
16) одағай сөздер және олардың емлесі;
17) еліктеуіш сөздер туралы түсінік. Олардың мәні мен емлесі.
44. Сөйлеу мәдениеті (2 сағат):
1) сөйлеу мәдениеті бойынша берілген ұғымды кеңейту: сөйлесіп отырған адамның сөзін бөлмеу, онымен ақжарқын, байыпты қалыпта сөйлесу, өзі туралы көп айта бермеу, дөрекі сөйлемеу және т.б.;
2) ауызекі және жазба тілде кешірім сұрауға немесе келіспегенін білдіруге қажетті сыпайы сөздерді қолдана білу.
45. Жыл бойы өткенді қайталау (14 сағат).
46. Жыл бойына арналған жазба жұмыстары (20 сағат).



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет