1.Үш жүздің ханы-Абылай


Абылайдың сыртқы саясаты. Абылай ханның Қытай және Ресей билік орындарымен қатынасы



бет2/2
Дата14.02.2023
өлшемі189,01 Kb.
#67910
түріДиплом
1   2
Байланысты:
ЖАҢА ЗАМАН (5семинар)

2. Абылайдың сыртқы саясаты. Абылай ханның Қытай және Ресей билік орындарымен қатынасы
Географиялық жағынан екі ірі мемлекеттің қыспағында болған Қазақ хандығының билеушісі Абылайдың басты мақсаты — мемлекет дербестігін қалай да сақтап қалу еді. Дипломатиялық шаралардың шебері Абылай, хан болып сайлануға дейін де, Тарбағатай таулары, Алтай сеңгірі, Зайсан көлінің шығысына қарай жатқан тарихи қазақ жерін қайтаруда қыруар күш-жігер жұмсады. Жоңғария тарихи сахнадан мүлде жоғалып, оның жерін басып қалған Маньчжур-Цин билеушілері Абылаймен келісе отырып жаңа шекара белгіледі. 1760 жылы қытайлар Тарбағатай тауы маңында көшіп-қонып жүрген қазақ руларын батысқа қарай ығыстырып тастауға күш салды. Осындай жағдайда Абылай Цин әулеті билеушілерімен арадағы қайшылықтарды өзара тиімді нәтижелермен шешуге күш салып отырды.1757-1760 жылдары казақ елінің дербестігін, жер аумағының бірлігін қамтамасыз ету мақсатында Абылай Пекинде Қытайдың да билігін мойындайды. Бір жағынан Абылай 1740 -1742 жылдары Ресейге ант берумен қатар Қытайдың билігін қабылдауын дипломатиялық шешім деп бағалады. Абылай сонымен қатар Орта Азия елдерімен байланысын дамытуға да кепіл болді. XVIII ғасырдың 70-жылдарының басында Абылай бірқатар соғыстарда Ходжент әміршісіне, Ташкент бегіне соққы берді. Қазақтар жоңғарлармен соғысып жүргенде өзбек бектеріне ауып кеткен Түркістан, Сайрам, Шымкент, Созақ және басқа бірнеше қалаларды Абылай күшпен қайырып алып, қазақтардың билігіне қаратты. Олар тиесілі алым- салығын төлеп тұруға міндеттелді. Қазақстанның халықаралық жағдайы жақсара бастады. 1771 жылы Орта жүздің ханы Әбілмәмбет дүние салды. Қазақ хандығында қалыптасқан дәстүр бойынша өлген билеушінің ұлы Әбілпайызды емес, халық арасында зор беделге ие Абылайды ақ киізге көтеріп, хан сайлады. Белгілі саяси қайраткерді үш жүздің өкілдері Орта жүздің ханы ғана емес, барлық қазақтың билеушісі деп тануы оның Жоңғарияға қарсы азаттық күрестегі, халықтың басын біріктірудегі рөлін, Ресей және Қытай мемлекеттерімен дұрыс дипломатиялық қатынас орнатып, іс жүзінде елдің дербестігін сақтап қалғандығын мойындауы еді. Дегенмен, Ресей үкіметі біріккен Қазақ мемлекетінің өркендеп-дамуына құштар болмаса да, 1778 жылдың 24 мамырында Орта жүздің ханы етіп Абылайды бекітті. Абылай өзіне берілуге тиісті ханға лайықты символды қабылдауға Орынбор немесе Троицк қалаларына барудан бас тартты. II Екатерина оны Орта жүздің ханы етіп бекіту туралы грамотасын патша өкілдері арқылы ханның туған ауылына жеткізді. Абылай хан қазақ хандығын билеуде бірқатар жаңа өзгерістерді заңдастырды. «Есім ханның ескі жолында», «Қасым ханның қасқа жолында», атақты даналар Қазыбек және Төле билердің қатысуымен қабылданған Тәуке ханның «Жеті жарғы» заңдарында хан билігіне қойылған шектеулерді Абылай мойындамады. Ірі ұлыстарды билеуге хан өзіне жақын сұлтандарды тағайындады. Сот істерін шариғат ережелеріне сай жүргізетін билер қызметіне Абылай шек койды. Өз сарайында топтасқан халық батырларының қолдауына сүйеніп, Абылай ойлаған жоспарын қиындықсыз іске асырып отырды. Өзіне қарсы тұрғандарды ханның қатыгездікпен басып тастағандығы да айғақ.
Хан сонымен қатар қазақ елінің шаруашылық құрылымына да өзгерістер енгізуге тырысты. Қазақтардың Ертіс пен Есілдің бойында, Көкшетау, Тарбағатай өңірлерінде егін шаруашылығын дамытуын қолдады. 1761 жылы императрица II Екатеринаға жолдаған хаттарының бірінде ағаштан үй тұрғызу үшін бірнеше ұста және 200-300 пұт астық жіберуді сұраған. Петропавлға жақын жерде, Көкшетауда, Ертіс өңірінде, кейінірек Ақтөбе маңайында, Ой (Уйская) шебіне іргелес ауданда қыстақтары болған Абылай қазақтар үшін егін шаруашылығымен айналысудың да маңыздылығын жете түсініп, қазақ халқының дәстүрін, мәдениетін дамытуға тұрақты көңіл бөлді.

3. Абылай ханның Қырғызстан мен Орта Азия хандықтарына жасаған жорықтары


Жазба деректерде Абылайдың шетел басқыншыларына қарсы табанды соғыс жүргізгендігі айқын көрсетіледі. 1752 ж. ол бастаған қазақ әскері шамасы 15-20 мың адамдай ойраттар қолының шабуылына тойтарыс берді. 1753 ж. желтоқсанда Абылай 5 мың жауынгерімен жоңғар әскерлерімен шайқасып, бірталай қазақ жерін азат етті. 1754ж. сәуірде Абылай бастаған 1700 қазақ әскері 10 мың қалмақпен соғысуға мәжбүр болса, (Қаратал өз бойынша), сол жылдың шілде-тамыз айында 4 мың әскермен Жоңғарияға жорық жасап, 3000 қалмақты тұтқынға алып келген. 1756ж. Абылайдың бастауымен қазақтар қытайлар мен қалмақтардың біріккен күшімен екі рет шайқасып, оның бірінде жеңіліп, екіншісінде жеңіске жетеді. 1757ж. Абылайдың 6 мың әскері Қытайдың 40 мың әскерімен шайқасынан соң, қытайлар Абылайдан бітім сұрады. 1753-1754 жылдардағы шайқастарға Қабанбай, Бөгенбай, Жанатай, Керей Жәнібек, Өтеген батырлар қысы – жазы үзбестен қатысады. Абылай бірде Қалдан Серенмен бітімге келсе, бірде Дабашыны шауып, бірде оны және Әмірсананы өзіне паналатты. Сөйтіп Ойрат ұлысының бөлшектене беруін көздеді. Тегеурінді әскери қимылмен қатарластырыла жүргізілген дипломатиялық әрекеттері Абылайды өз заманының ұлы қайраткерлері деңгейіне көтерді. Осының нәтижесінде Абылай әскері 1771ж. Мойынты өзенінің бойында болған қалмақтармен ауыр шайқаста жаңа жеңіске жетті.
Саяси ахуал тұрақталған шақта Абылай қазақ жерінің бүтіндігіне қол сұққан басқалармен де ымырасыз күрес жүргізді. 1754-55 және 1764 ж. қырғыздар Жетісуда біраз ауылдарды шауып, Жауғаш, Көкжал Барақ пен Шынқожа батырлар бастаған әскерлерді Ақсу, Көксу және Шу бойында талқандайды. Осы себепті Абылай 1755, 1765 жылдары Қырғыз ұлысына қарсы жорық жасап, Іленің сол жағасын, Шу бойын тазартады, қазақ пен қырғыздың Нарынқолдан Қордайға тартылған, күні бүгінге дейін сақталып отырған шекарасын анықтайды.
Өмірінің соңғы 15 жылында Орта Азия хандықтарына қарсы тынымсыз күрес жүргізді. 1765-67 ж. Абылай қолының қоқан билеушісі Еркенбекпен соғысының нәтижесінде Түркістан, Сайрам,Шымкент қалалары қайтадан қазақтар иелігіне өтті. Ташкент алым төлеп тұратын болды. Екі жүз жылға созылған қазақ халқының жоңғар шапқыншылығына қарсы азаттық күресінің соңғы жаңғырығы алаш жұртының санасында « шаңды жорық » деген атпен белгілі. Бұл 1771ж. Еділ қалмақтарының жоңғарға қазақ жері арқылы үдере көшуі еді. Кіші жүздің ханы Нұралы асығыс әскер жиып, Жем бойында қалмақтарға алғашқы соққы береді. Балқашқа жақындаған кезде Абылай бастаған қазақтың қалың қолы қалмақтарды қоршауға алды. Осы кезде қалмақ басшылары Ұбашы мен Серен бітімге келуді, бүкіл ел жұртымен бодандыққа қабылдауды сұрап, елші жібереді. Кіріптар ұсынысты талқылау үшін шақырылған әскери кеңесте Абылай тағы да көрегендік танытып, жеңілген жауды қырып–жоюдың қажеті жоқ екендігін дәлелдеуге тырысады. Еділден ауған қалмақпен келіссөзге келіп, тым құрыса олардың Жоңғарға еркін өтіп кетуіне мүмкіндік беру жөніндегі Абылай түйінінің аржағында шығыстағы ұлы көршімен болашақтағы қарым-қатынасты ойлау жатыр. Жоңғардан азат етілген шығыстағы жерлерге қазақ ауылдарын апарып түпкілікті қоныстандыру да Абылай саясатының тереңдігін, кемеңгерлігін айқын көрсетеді. Оның әрбір іс-әрекеті қазақ халқының бүтіндігін, елі мен жерінің тұтастығын сақтауға бағытталды. Билікке таласқан Барақ сұлтан Әбілқайыр ханды өлтіргенде де Абылай ел билігін ойлап қынжылып, Төле бимен тізе қоса қимылдап, бұзық сұлтанды жазаға тарту жағында болады.Абылай соғыс жағдайына сай қол астындағы елде, әсіресе, әскер ішінде қатаң тәртіп орнатты. Сондықтан да хан бастаған жауынгерлердің ел-жұрты мен ата мекенін қорғау рухы жоғары, ұзақ жорықтарға шыдамды, шайқас даласында тегеуріні қатты болған. Абылай сан жағынан әлдеқайда басым жаумен шайқасудан еш тайынбаған және көбіне үстем шығып отырған. Абылай қазақ хандығының күшін біріктіріп, әскери жағынан қуатты мемлекетке айналдырды.

4. Қазақтардың Шығыс Түркістанға қоныстануы



Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет