1Тақырып. Философияның пайда болуы және дамуы Философияның пәні мен иялары Философияның негізгі бағыттары: материализм және идеализм Дұнетанымның негізгі тұрлері Философияның пәні мен категориялары



бет52/80
Дата16.09.2023
өлшемі0,86 Mb.
#108155
1   ...   48   49   50   51   52   53   54   55   ...   80
Байланысты:
1Тақырып. Философияның пайда болуы және дамуы Философияның пәні -emirsaba.org

2.Қоғамның салалары
Қоғам өмірі – алуан түрлі қатынастардаң тұратын аса күрделі әлеуметтік шындық. Олар белгілі бір салаларға бөленеді. Оларды түсінуді біраз оңайлату мақсатында топтастыра келіп, мынадай төрт салаға бөліп көрсетуге болады:
1.экономикалық сала,2.әлеуметтік сала, 3.саяси сала, 4.рухани сала.
Кең мағынада алғанда «әлеуметтік» ұғымы «қоғамдық» ұғымымен тепе-тең. Алайда, ол ұғымды философияда тар мағынада қолданып, топтар мен таптық қатынастарды, ұлттар мен ұлттық қатынастарды, отбасы және соған байланысты оқу, тәрбие, тұрмыс жағдайы сияқты, мемлекет пен құқықты және олардың арақатынасы мен қызметін т.б. қамтиды.
Қоғам өмірінің аса күрделі саласы- рухани өмір. Ол қоғамдық сананың түрлі формалары мен деңгейлерін: саяси және құқықтық сананы, моральдық және эстетикалық сананы, дін мен ғылымды, қоғамдық және жеке адам психологиясын т.б. қамтиды. Қоғамдық сананың бұл формалары рухани мәдениет деп аталады.
Қоғам өмірінің саласы деген ұғым алуан түрлі, өзара күрделі байланыстағы қоғам өмірін терең зерттеу мақсатында біртұтас қоғамдық субъектінің іс-әрекетінің жеке салаларын бөліп алып қарастыру үшін қолданылатын абстракция, яғни бұл ұғым әлеуметтік философияның категориясы болып табылады. Осы тұрғыдан алғанда, ол қоғамды танып білудің методологиялық «аспабы» десе де болады. Олай болса, қоғамдық өмір салаларының ішінен негізгі, экономикалық саланы бөліп алып, адамның біртұтас нақты іс-әрекетінің ішкі мәнін, сырын ашуға болады.
3.Қоғамның тарихи тұрпаты
Ғылыми диалектика әлеуметтік практикаға сүйене отырып, социологияны тұңғыш рет ғылыми негізге қойды және адам қоғамының абстрактілі болмағанын, оның нақтылы тарихи қоғам түрінде, яғни белгілі бір қоғамдық-экономикалық формация түрінде әрқашан да өмір сүргенін және өмір сүре беретінін көрсетеді. Қоғамдық-экономикалық формация дегеніміз ерекше «әлеуметтік организм», өзінің даму, әрекет жасау заңдары мен нақтылы құрылымы бар қоғамдық қатынастар бар қоғамдық қатынастар жүйесі болып табылады.
Қоғамның тарихи үлгілері бір-бірінен материалдық игілікті өндіру тәсілдері арқылы ажыратылады. Ал қоғамның, формацияның саналық ерекшелігі ондағы өндірістік қатынастарға байланысты болады. Сонымен, әрбір қоғам, яғни қоғамдық-экономикалық формация өзіне тән ерекше даму дәрежесімен және өндіргіш күштердің сипатымен, экономикалық базисімен, белгілі бір әлеуметтік құрылымымен, қондырмасымен, мәдениеті мен, адамдардың этикалық тұтастығы, отбасы әлеуметтік құбылыстардың өзіне тән ерекшеліктерімен сипатталады.
Әрбір қоғамдық формацияның негізінде белгілі бір өндіріс тәсілі болады. Өндіріс тәсілінің алмасуы қоғамдық формацияның ауысуына бастайды.
Кейбір батыс идеологтары қоғамдық-экономикалық формация теориясын өркениеттілік теориясымен алмастырмақ болды. Бірақ, бұл теория қоғамдық даму заңдылығын аша алмайды. Мәселен, А.Тойнби адам баласы тарихын 21 өркениетке бөледі. Әрбір ел, ол теория бойынша, өз алдына өркениет. Бұл теория елмен-елдің байланысын, әсерін ескермейді, даму заңдылықтарын ашпайды. Экономикалық теорияға қарсы индустриялық осы теориясын У.Ростоу да жасады. Мәселен, У.Ростоу 1960 жылы «Экономикалық даму сатылары. Коммунистік емес манифест» деген кітап жариялады. Онда ол адам баласы тарихын мынандай бес кезеңге бөледі:
1.дағдылы қоғам, 2.көтерілуге жасалған дайындық кезңн, 3.көтерілу кезеңі, 4.тез жетілу кезеңі, 5.мұқтаждықты жаппай қанағаттандыру ғасыры.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   48   49   50   51   52   53   54   55   ...   80




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет