1Тақырып. Философияның пайда болуы және дамуы Философияның пәні мен иялары Философияның негізгі бағыттары: материализм және идеализм Дұнетанымның негізгі тұрлері Философияның пәні мен категориялары



бет6/80
Дата16.09.2023
өлшемі0,86 Mb.
#108155
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   80
Байланысты:
1Тақырып. Философияның пайда болуы және дамуы Философияның пәні -emirsaba.org

3.Ежелгі Үнді философисы
Б.з.д. 1500ж. шамасында Үнді қалалары батыстан келген арийлердің шапқыншылығына ұшырайды. Бұл жауынгерлер қоныс теуіы, егінімен айналысады, бірақ Оңтустік және шығыс Үндістанға қарай отырады. Б.з.б. Ганг аралығында иерархиялық қоғам пайда болды. Қоғамның топтары «қаста» деп аталады. Каста- кәсіппен айналысу, үйлену т.б. әдет-ғұрыптармен басқарылатын адамдардың ерешке тобы. Варна- каста- букіл халықты 4 үлкен кастаға бөледі. Олар:
1.әдет-ғұрыптарды белгілеп, Құдай алдында діни қағидаларды үйретуші – «брахмандар»;
2.соғыс жүргізетін және қоғамды қорғайтын -«кшатрийлер»;
3.вайшьилер- саудамен, колөнермен айналысатындары;
4.қара жұмыспен айналысатын «шудралар». Варна адамның жанының бұрынғы өмірдегі іс-әрекет алғысқа бөленетіні не жазалау тағайындалатыны жөніндегі тақырыпты лайық ретте баяндайды.
Ведалар діни ғұрыптар кітаптарын құрастырды. Веда – санскритте- өзі «білім» деген мағнаны білдіреді. Барлық ведалық әдебтер 4 топқа бөлді: Ригведа, Самоведа, Яджурведа, Атхарведа.
1.Ең ертедегі ведаң іліміндегі құрылымы мен ең үлкен көлемі б/п Ригведа – «Гимннің ведасы», «риг»- мақтау, өлен, тақпақ. Онда адамның өмірі, оның ұзақтылығы, бақыт, байлық, қөнілді сәт құрбандық шалғанда ғана айтылады.
2.Самоведа- айтылу ведры- бұл ән жинағы, ригведаның өлеңінен 1474 өлеңнен құрылады.
3.Яджурведа – «ядж - құрбандық шалу». Бұл веда басқалардаң ерекше. Бұнда өлендер құрбандық щалғанда ғана айтылады.
4. Атхарведа жанағы тайпалардың араласуын белдіреді. Әрбір Веда төрт бөлімдірдең түрады:
а.Упанишадалар- бұл жалпы веданың философиялық бөлімі;
б.Араньяктар - адамдар орманга барып, өмірдің соңғысына шындық пен оның табиғаты туралы фил-қ ой-толғау;
в.Брахмандар- дің туралы бөлім.
Индия философиясы екі топқа бөленеді:
ортодоксальдық –ведаларға сенетіндер және ортодоксальдық емес – ведаларға сенбейтіндер. Бірінші топқа алты мектептер кіреді: миманса, санкхья, йога, ньяя, вайшешика, веданта.
Екінші топқа үш мектептер кіреді: чарвака, джайнизм және буддизм.
Индуизм қазіргі Үнді елінде кең таралып, брахманизм ілімі негізінде әр түрлі діни нанымдарды бір жүйеге біріктірген дін. Инд-ң тарихы 14-12 гг б.з.д. Үнді еліне ариялардың басып келуімен қалыптасты. Негізгі қағида: дене өлгенде жан өлмейді, ол денеден шығып басқа адамның денесіне аусады (сансара). Жаңа денеге жан кіргенде, адамның жаңа өмірге оның бұрынғы өмірінде істеген қылықтары ықпал етеді. Осыған байланыстағы индуизімде «карма» деген ұғымға келеміз. Егер сен қазір өзінді төмен және нашар болсан, адамдарға ұнамасан, онда бұл сенің жемісің- кармаң, яғни индуизм былай оқытылады:
дхарма- бұл әркімнің жазылған мәнгілік міндеттемелер мен хұқыктар.
Индуизмде үш Құдай бар:
Брахма- жаратушы; Вишну- сақтаушы; Шива – бұзушы, қайта жаратушы.
Ертедегі үнді философиясы үшін адамның « өзін басқа барлық нәрседен және басқа барлық нәрселерді өзінен» көру білудің зор маңызы болды. Сондай-ақ адамды рухани жағынан жетілдіру – мәселесін барлық философиялық танымдаудың өзегі үнді философиясы адам танымға және бай тұрмысқа талпыну мен қатар, терең рухани өмірге, рухани дүниеге де талпыну тиіс деген талап қойды. Ертедегі үнді философиясында тән екінші бір ерекшелік – онда салт-сана мәдениеттің үстемдігіне байланысты. Бұл мәдениет ұстаздың бет бейнесін толық қайта жасауды, яғни оның қимыл-әрекетіне сөйлесуіне, ойлауына еліктеу арқылы оған толық ұқсауды талап етеді.


Буддизм
Буддизм – (б.з.д. 6-5 ғғ.) діни ілім ретінде дүниеге келді. Ол брахманизмге қарсы әділдік көксеген таптар арасында пайда болды. Бірақ кейін үстем таптар оны өзінің құралы ретінде қолданды. Брахманизм ислам, христиан діндері сияқты, дүниежүзілік ірі діндерге жатады. Оның негізін салған Сиддхартха Гаутама Будда (б.зд. 623-524 ж). Бұл дін Шығыс елдеріне –Қытай, Жапония, т.б.- кең тараған. Буддизм теориялық философиядан гөрі діни этикаға негізделген. Мақсаты адамдардың түрлі рухани азаптан босату және оған жетудің жолын іздестіру. Буддизмде төрт басты мәселе бар:
1.өмір азапқа толы; 2.ол азаптардың себебі бар – ол- қанағатсыздық, ұдайы бола берсе деген құштарлық, тойымсыз әбестік-; 3.азаптарды тоқтатудың мүмкіндіктері;
4.азаптан құтылудың кезі бар. Олай болса, бұл дін бойынша, адам өмірін, оның рахат, ләззатқа ұмтылуы азаппен қабаттас болады. Буддизм пікірінше, азаптан құтылу о дүниеде емес, осы дүниеде болмақ. Ол үшін адам тәніне, нәпсіне тарту керек. Оның «нирвана» дейді. Буддизм кейін бірнеше ағымдарға бөлінеді.
Ертедегі Үнді философиясында материалистік ағымдар болады. Оны локаята немесе чарвактар дейді. Локаята бұл дүниеден басқа о дүние бар дегенге сенбестік білдіреді. Табиғатты заттар: ауа, от, су, жерден тұрады дейді. Өлген организм ыдырап, алғашында өзін құрған бөлшектерге айналды. Ләззат пен азап бірлекте, азапты жою мүмкін емес, бірақ оны жеңілдетуге, азайтуға болады дейді. Олар жұмақ, тамұқ дегенге сенуді, Құдайы беруді бос қиял, жалған сенім деп ұғындырады. Локаятаның шығу себебі- ежелгі рулық қоғам ыдырап, таптық қоғамның, мемлекетінің пайда болуы. Сонымен қатар жаңа әлеуметтік топтардың: сауда, қолөнер, жер өңдеумен айналысатындардың пайда болуы. Олар бұрынғы топтар: діни адамдарға, әскери адамдарға кері бағытта пайда болды. Сөйтіп буддизм, джайнизм, локаядан басқа Үнді философиясы сол кезден бастап, осы заманға дейін алты бағдарда өмір сүреді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   80




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет