1Тақырып. Философияның пайда болуы және дамуы Философияның пәні мен иялары Философияның негізгі бағыттары: материализм және идеализм Дұнетанымның негізгі тұрлері Философияның пәні мен категориялары



бет65/80
Дата16.09.2023
өлшемі0,86 Mb.
#108155
1   ...   61   62   63   64   65   66   67   68   ...   80
Байланысты:
1Тақырып. Философияның пайда болуы және дамуы Философияның пәні -emirsaba.org

Толық мақаласы: Ренессанс философиясы
ХV ғасырдың аяғында өндірістің, сауданың, әскери саланың жедел қарқынымен өсуі – техниканың, табиғаттану ғылымдарының, математиканың, механиканың дамуына себепші болды. Қолөнер өндірісінен машина өндірісіне өту басталды. Капиталистік өндірістік қатынастардың одан әрі дамуы ХV ғ. аяғы мен XVI ғ. басында ұлы географиялық жаңалықтардың ашылуына алып келді. Мұның бәрі сайып келгенде ақыл-ойдың схоластикалық ойлаудан азат болып, дүниетанудың жаратылыстану ғылыми тәсілдеріне көшуін талап етті. Бұл бағытты Қайта өрлеу дәуірінің аса ірі ойшылдары Н.Кузанский (1401-1464), Н.Коперник (1473-1543), Дж. Бруно (1548-1600), Г.Галилей (1564-1642) және т.б. жақтады. Бұл дәуірде жаңа мәдениет – гуманизм пайда болды.
Жалпы алғанда Қайта өрлеу философиясы негізгі үш бағытта дамыды:
  1. Біріншісі (Н.Кузанский, П.Мирандолла, Леонардо да Винчи, т.б.) адамның еркін, бостандығын өздерінің философиялық ілімдерінің негізгі өзегі етіп қабылдап, рухани өмірде, мәдениетте гуманизм (адам сүйгіштік) деген бағытты дүниеге әкелді.


  2. Екіншісі (Т.Компанелла, Т.Мор), қоғамдық құрылысты сынап, утопиялық социалистік идеяға бой ұрады.


  3. Үшіншісі (Н.Коперник, Д.Бруно, Г.Галилей), табиғаттану ғылымдарының жетістіктеріне сүйене отырып, христиан дінінің әлемнің пайда болуы және оның құрылысы туралы іліміне сәйкес келмейтін, табиғат құбылыстарын өз заңдылықтарына сүйеніп түсіндіруге болатын көзқарастың дамуына үлкен әсер еткен революциялық жаңалықтар ашты.


XVII ғасырдағы ғылыми революция және философия


Жаңа заман философиясы мен мәдениетінің дамуына Ренессанс (Жаңғыру) үлкен ықпалын тигізді. Ренессанс дәуірінде білімнің қарқынды дамуы, антик мәдениетін қайта жаңғырту, жаратылыстанымдық ғылымдардың пайда болуы сияқты құбылыстар орын алды. XVI-XVII ғ.ғ. Батыс Еуропадағы дамыған елдерде феодалдық қоғамдық қатынастар біртіндеп ыдырап, капиталистік өндірістік қарым-қатынастар өмірге келіп, жаңа қоғамдық тап-буржуазия дербес әлеуметтік күшке айнала бастады. XVII ғасырдағы материализм механистік және метафизикалық сипатта болды, өйткені ол кездегі ең дамыған ғылымдар механика мен математика еді. Сондықтан философияның ғылымға қатынасын анықтау көптеген философтардың маңызды міндетіне айналды. Осыған орай философ-эмпитистер Локк және Юм, трансценденталист Кант философия мен жаратылыстану арасындағы шекараны демаркациялау туралы мәселені шешумен айналысты.
Ағылшын философы Ф.Бэкон (1561-1626) – жаңа заман материализмнің негізін салушы болып есептеледі. Жаңа ғылымның міндеті – адамның табиғатқа үстемдігін арттыру, ал ол үшін ғылым заңдарын танып-біліп, соларға сәйкес әрекет ету болды. Ф.Бэкон жаңа философия методологиясының мынадай принциптерін ұсынады:
  1. табиғатты зерттеудегі объективтілік;


  2. ғылыми және философиялық әдістің өзіндік құндылығы;


  3. табиғаттан технологиялық үстемдік;


  4. табиғи әлемді зерттеудің индуктивті әдісі.


Бэконның пікірінше ғылым адамның табиғаттан үстемдігін қамтамасыз етеді және бақытты қоғам құрудың алғышарттарын қалыптастырады:


  1. ағылшын философы Т.Гоббс (1588-1679). Материя, оның пікірінше, мәңгі, бірінші, ал жеке денелер екінші.


  2. француз философы Р.Декарт (1596-1650) керісінше, бірінші орынға ақыл-ойды қойып, тәжірибенің рөлін төмендетті – оны ақыл-ой нәтижелерін жай тәжірибеде тексеру ғана деп қарады.


  3. Нидерланд философы – Б.Спиноза (16362-1677) философияға геометриялық әдісті енгізді. Спиноза табиғат қана шын өмір сүреді деп санады. Діннің шығу себебін ол адамдардың надандығынан, белгісіз болашақ алдындағы қорқынышынан іздейді.


  4. Джон Локк (1632-1704) – ағылшын материализмнің ірі өкілі, ол білімді діни сенімге бағындыруға қарсы шықты.


  5. Ағылшындық идеалист Дж.Беркли (1685-1753) материализмді теріске шығарды.


  6. Ағылшынның екінші бір субъективтік идеалисі Д.Юм (1711-1776) Берклидың ілімін агностицизм бағытында дамытты.


Жинақтай айтқанда, Беркли және басқа идеалистер материалистік көзқарастың дамуына кедергі жасауға тырысқанымен, оның ілгері жылжуын тоқтата алмады.


Ағартушылық философиясы және француз материализмі
XVII-XVIII ғ.ғ. алғашында Англияда, содан соң Францияда, кейінен Германияда феодалдық қоғам идеологиясына қарсы, адамның ақыл-ой бостандығы үшін күресте ағартушылық деп аталатын кең ауқымды философиялық ағым пайда болды.
Ағылшын ағартушысы Дж.Толанд (1670-1722), француз ағартушылары Пьер Гассенди (1592-1655), Шарль Луи де Монтескье (1689-1755), Вольтер (1694-1778), Кондильяк (1715-1780), Руссо (1712-1778), неміс ағартушылары Х.Вольф (1679-1754), Лессинг (1729-1781), Гете (1748-1832), т.б. діни сенімге шек қойып, ақыл-ой мен ғылыми дүниеге көзқарасқа кең жол ашу, моральды діннің «қамқоршылығынан» азат ету, сөйтіп, ақыл-ойдың табиғи дамуына жол ашу үшін күресті.
XVIII ғ. орта шенінен бастап әсіресе Францияда буржуазиялық революцияны идеологиялық жағынан әзірлеуде материалистер Д.Дидро (1713-1784), Ж.О.Ламетри (1709-1751), П.А.Гольбах (1723-1789) және К.А.Гельвеций (1715-1771) аса маңызды рөл атқарды. Олар сол кездегі Франциядағы саяси-әлеуметтік құрылыспен аяусыз күресті.
Классикалық неміс философиясы
Классикалық неміс философиясының негізін салушы И.Кант (1724-1804) болды. Өзінің творчестволық қызметінің бастапқы кезеңінде И.Кант жаратылыстану мәселелерін зерттеп, оларды материалистік тұрғыдан шешті.
И.Кант даулист болды, өйткені ол материалдық нәрселердің объективті өмір сүретіндігін мойындады, алайда олар мәнін танып-білуге болмайтын «өзіндік зат» болып табылады деді. Ол заттармен қатар өмір сүретін құбылыстар дүниесі, немесе табиғат, адам санасынан тәуелсіз, өздігінше өмір сүре алмайды – ол «өзіндік заттардың» сезім мүшелеріне әсер етуі нәтижесінде пайда болады, демек, ол адам сезімдерінің жиынтығынан басқа ештеңе емес, дейді Кант.
Канттан кейін классикалық неміс философиясын дамытқан И.Г.Фихтенің (1762-1814) және Ф.Шеллингтің (1775-1854) идеалистік ой-пікірлері өзінің логикалық жалғасын
Г.Гегель (1770-1831) философиясынан тапты. Гегель дүниеде өмір сүретін барлық нәрсені негізгі ұғымдардың қозғалысы – абсолюттік идеяның дамуы деп санады. Гегельдің философиясы – сана, рух алғашқы, бірінші, ал материя, табиғат екінші туынды, тәуелді деп дәлелдейтін объективтік идеализмнің айқын түрі болып табылады.
Л.Фейербах (1804-1872) материализмді бұрынғы қалпына келтірді, бірақ ол диалектиканы жоққа шығарды.
Орыс философиясы
Толық мақаласы: Орыс философиясы
Ресейде философиялық ой-пікірдің өз дәстүрлері мен ерекшелітері бар. Олар, көбінесе, Ресейде ғасырлар бойы орын алған мәдени-әлеуметтік процестерге байланысты. Орыс философиясындағы материалистік дәстүрлер Ломоносовтан басталады. М.В.Ломоносов (1711-1765) аты әлемге әйгілі бірінші орыс ойшылы, ғалымы, ғылымның сан-саласын дәйекті дамытқан данышпан (материалист).
Философияның негізгі мәселесін материалистік тұрғыдан шеше отырып, Ломоносов материя атомдардан тұрады, ал атомдар өзара қосылыса келе молекулаларды құрайды, ал соңғылардың қосылысынан аралық заттар түзіледі деп есептеді. Әлеуметтік өмірді түсіндіруде Ломоносов ағартушылық, гуманистік көзқарасты ұстады. Сондай-ақ оның көзқарасында деизмнің элементтері де бар еді.
Ломоносов сияқты А.Н.Радищев те (1749-1802) дүниенің материалдығын, атап айтқанда қозғалыс материяның негізгі бір қасиеті екенін уағыздады. Орыс философиясының тарихында ХІХ ғасырдағы революцияшыл демократтардың материализмі мен диалектикалық ой-пікірлері ерекше орын алады. Бұл философияның басты өкілдері, көрнекті орыс материалистері В.Г.Белинский, А.И.Герцен, Н.Г.Чернышевский, Н.А.Добролюбов, Д.И.Писарев тек теория жүзінде емес, сондай-ақ патшалық Ресейде 40-60 жылдары пісіп жетіліп келе жатқан шаруалар революциясының идеологтары болды.
ХІХ ғасырдағы қазақ ағартушыларының дүниетанымдық көзқарасы
Ресейге күштеп қосылу нәтижесінде Қазақстанда өндіргіш күштер мен халық ағарту ісін ұйымдастыру және басқаруда ілгерілеу байқалды. Орыс революционер демократтарының идеалдары Қазақстан ағартушы демократтарының жанына жақын келді. Олардың кейбірі (Уәлиханов, Абай, Алтынсарин) Н.Г.Чернышевскийдің, Н.А.Добролюбовтың, А.И.Герценнің, В.Г.Белинскийдің еңбектерімен, ал кейбірі (Уәлиханов, Абай) авторларымен таныс болатын.
Қазақ ағартушылығының негізін салушы Шоқан Шыңғысұлы Уәлиханов (1835-1865) – демократиялық ұлттық мәдениетіміздің көрнекті өкілі. Энциклопедист-ғалым, шығыстанушы, саяхатшы, публицист және қоғам қайраткері Шоқан Уәлиханов өз бойында шын мәнінде еуропалық білімділік пен Шығыс халықтарының мәдениеті жайлы терең түсінікті үйлестірді және қысқа ғұмырында мол да жан-жақты шығармашылық мұра қалдырды. Ш.Уәлиханов тікелей философиялық мәселелер жөнінде еңбектер жазбаған, алайда, көптеген шығармаларынан философиялық пікірлері мен тұжырымдарын байқауға болады. Ол «Қазақтардағы шамандықтың қалдығы», «Даладағы мұсылмандық жөнінде», «Тәңір (құдай)» деген еңбектерінде философияның негізгі мәселесіне қатысты пікірлер айтады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   61   62   63   64   65   66   67   68   ...   80




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет