1Тақырып. Философияның пайда болуы және дамуы Философияның пәні мен иялары Философияның негізгі бағыттары: материализм және идеализм Дұнетанымның негізгі тұрлері Философияның пәні мен категориялары



бет16/80
Дата16.09.2023
өлшемі0,86 Mb.
#108155
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   80
Байланысты:
1Тақырып. Философияның пайда болуы және дамуы Философияның пәні -emirsaba.org

Эпистемология


Эпистемология (көне грекше: ἐπιστήμη — «ғылым»[1] және көне грекше: λόγος — «сөз»[1]) немесе гносеология (көне грекше: γνῶσις — «білім»[1] және λόγος — «слово», «речь») немесе таным теориясы— философия ғылымының саласы, танымның мәнін, ерекшелігін, әдіс кұрылымын, деңгейін, басқа таным формалармен байланысын зерттейтін ғылыми таным теориясы.[2]. Басқаша айтқанда, адамның тану қабілеті, танымның бастауы, формалары, әдістері туралы, ақиқат және оған жетудің жолдары туралы ілім. Айналадағы қоршаған дүниенің адам санасында белсенді бейнелеуін, танымның жалпы шарттары мен мүмкіндігін, білімнің шындыққа қатысын, қоғамдық практика негізінде іске асатын таным процесінің заңдылықтарын, оның негізгі формаларын, әдістер, гепотезалары мен теорияларды құру мен дамытудың принциптерін зерттейтін философия ғылымының саласы.
Тарихы
Эпистемология философиямен катар пайда болып, өмір сүріп келе жатыр. Дегенмен егер қателік жібермесе, адам ақиқатты ақиқат ретінде тани алмас еді. Сондықтан гносеологияда адамның қалай адасатыны және одан кейін қалай тура жол табатыны да зерттеледі. Гносеология үшін дүние, адам және адамзат коғамы туралы дәйекті білімдердің болуының қандай практикалық маңызы бар деген мәселенің өмірлік мәні ерекше. Осындай толып жатқан мәселелер жиналып келіп, "Білім деген не?"деген сұраққа жауап беретін таным теориясының өзекті мәселесін құрайды.[3][4]
Таным - бұл адамның бейнелеу әрекетінің ерекше түрі. Философия тарихында таным деп адамның дәлелденген білім алу үшін әлемді және ондағы өзін мақсатты түрде бейнелеу аталған. Таным дегеніміз-білім алу үшін шығармашылық ізденіс. Таным адамның практикалық іс-әрекетінің рухани жағы болып табылады. Таным - адам арнайы танымдық мәселе мен есептерді қойып, мақсатты түрде қол жеткізетін ақпараттық жоғарғы деңгейі. Таным - адамның нақты мақсатына бағытталған және шығармашылы іс-әрекетінің әлеуметтік процесі. Оның нәтижесінде сыртқы әлемнің идеалды образдары қалыптасып, олар туралы білім пайда болады. Таным теориясы немесе Эпистемология - бұл философия ғылымының бір бөлігі. Онда таным табиғаты мен оның мүмкіндіктері, шегі туралы мәселе қойылып зерттеледі. Таным теориясы туралы термин философия ғылымына 1854 жылы шотланд философы Дж.Феррердің еқбектері арқылы енді. Бірақ таным туралы мәселе өте ертеден бастап-ақ қойылып келеді. Өйткені танымнан тыс білім де, ғылым да да болуы мүмкін емес. Таным теориясы этика, эстетика, адам туралы философиялық ілімдермен тығыз байланысты. Дегенмен, ол жалпы философия теориясының дербес бөлімі ретінде өзінің мағынасын сақтайды.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   80




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет