1Тақырып. Философияның пайда болуы және дамуы Философияның пәні мен иялары Философияның негізгі бағыттары: материализм және идеализм Дұнетанымның негізгі тұрлері Философияның пәні мен категориялары



бет51/80
Дата16.09.2023
өлшемі0,86 Mb.
#108155
1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   ...   80
Байланысты:
1Тақырып. Философияның пайда болуы және дамуы Философияның пәні -emirsaba.org

12 Дәріс: Қоғам және мәдениет


Жоспар:
1. Әлеуметтік философияның пәні және түсінігінің мәні.
2. Қоғам философиялық ұғым мен құрылымы.
3. Қоғам типологиясы.
4. Материалдық және рухани мәдениет.
1.Қоғамды зерттеудің методологиялық негізі
Адамзат қоғамы- табиғаттың ерекше бөлігі, ол табиғаттың ұзақ уақт эволюциялық даму нәтижесінде пайда болды. Адамзат қоғамы- әлемдегі барлық тірі жүйенің ең жоғары, ерекше сапалы даму дәрежесінің нәтижесі. Қоғам дегеніміз – адамдардың алуан түрлі саналы іс-қимылы мен кызметінің негізінде қалыптасқан тарихи қауымдастығы. Адам қоғамда өмір сүріп, әрекет етеді, ол қоғамның ажырамас бір бөлігі және оған тәуелді.
Қоғамдық өмірге, оның дамуына байланысты қөзқараста бұрын идеализм үстемдік етіп келді. Оның үш түрлі себептері бар. Біріншіден, адамдардың іс-әрекеті олардың делебесі қозуынан, ал делебе қозу санадан басталады, олай болса, бәрін билейтін сана, деп қарады.Екіншіден, түрлі құбылыстардың ішкі зандылықтарын ашып көрсете алмады. Сондықтан олардың себептерін кез келген, кездейсоқтық жағдайларға танып, метафизикалық пікірде болды. Үшіншіден, тарихты жасайтын жеке адамдар деп санады, халықтың шешуші рөлі мойындалмады.
Қоғамды ғылыми принциптер негізінде зерттеу нәтижесінде, оның даму заңдылықтарын ашу барысында әлеуметтану, саясаттану ілімдері дүниеге келді. Бұл ғылымдар адамзат тарихын түсіндірудің кілтін, көзін қоғамның материалдық-экономикалық қатынастар жүйесінең, шығарып, оны жан-жақты терен талдап дәлелдеді.
Әлеуметтік философия қоғамның, оның дамуының философиялық-методологиялық теориясы болып табылады. Философиялық теория ретінде ол қоғамдық құбылыстарды, процестерді зерттеп-талдағанда, оның негізгі мәселесін шешу тұрғысынан қарайды. Ал социологиялық теория дегенде қоғамды зерттеп, талдау біртұтас ыңғай, бүтін бір құбылыс, белгілі бір жүйе, өзін-өзі дамытушы ретінде де оның нақты салаларын бөлшектерін талдап, арнайы қарауды да айтамыз.
Қоғамдық болмыс- адамзат тарихының даму кезеңдеріндегі әлеуметтік практиканың нәтижесі.
Қоғамда түрлі қатынастар бар. Олар негізінен алғанда материалдық және идеологиялық қатынастар болып екіге бөленеді. Материалдық қатынастар адам санасынан тыс, ой елегінен өтпей-ақ қалыптаса береді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   ...   80




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет