1Тақырып. Философияның пайда болуы және дамуы Философияның пәні мен иялары Философияның негізгі бағыттары: материализм және идеализм Дұнетанымның негізгі тұрлері Философияның пәні мен категориялары



бет53/79
Дата19.05.2023
өлшемі474,2 Kb.
#95132
1   ...   49   50   51   52   53   54   55   56   ...   79
2. Қоғамның құрылымы. Көрнекті әлеумеітанушылардың көбі қоғамды жүйе ретінде қарайды. Жүйе тұтастық ретінде өз бөлшектерінің қосындысы ғана болмайды. Түтастықтың бірегейлігін оның бөлшектерінің өзара байланысы мен өзара тәуелділігінің өзгеше әдісі мен тәртібін қамтамасыз етеді. Жүйенің зерттелуі, оның негізгі кұрамдас бөліктерін олардың тетіктерінін қызметтену мен өзара қимылын оқудан басталады.
Қоғамның құрылымдык бөлшектеріне адамдар, әлеуметтік байланыстар мен әлеуметтік әрекеттестіктер және қатынастар, әлеуметтік институттар мен ұйымдар, әлеумеітік топтар, қауымдар, мелшерлер мен кұндылықтар және т.б. жатады. Олардың әрқайсысы басқалармен азды-көпті өзара тығыз байланысты болады, қоғамда ерекше орын алады және өзгеше рөл атқарады. Осыған байланысты әлеуметтанудын ең басты мақсаты қоғамның құрылымын анықтау, оның маңызды бөлшектеріне топтастыру өткізу, олардың өзара байланысы мен өзара қимылын, қоғамдағы орны мен рөлін айкындау болып табылады.
Социологияда қоғам күрылымы түрлі тұрғыдан қаралады. Мысалы, егер кұбылыстар мен өзгерістердіц себепті-салдарлы оайланысын, олардың бір-біріне бағынуын анықтағанда, қоғамды әдетте (марксизмде) біртұтас жүйе ретінде таниды. Бұл түрғыдан қоғамды төрт салаға бөледі - экономикалық, саяси, әлеуметтік және рухани (идеологиялық). Бұл саланың әрқайсысының қоғамға қатысты алғанда оған бағынышты, ішкі жүйешесі болады. Сонымен бірге жүйенің әр бөлІгі өзара ықпал етеді. Басқаша алып қарағанда, бірінші кезекте әлеуметтік оайланыстардың түрі болса қоғам жүйе ретінде келесі жүйенің бөліктерін енгізеді; әлеуметтік қауымдасулар (топтар), әлеуметтік институттар мен ұйымдар, әлеуметтік рөлдер, мөлшерлер мен құндылықтар. Бұлардың әркайсысы, жоғарыда көрсетілген қоғамның салалары сияқты, өздері жеткілікті күрделі және оған бағынышты бөліктері бар әлеуметтік жүйе болып көрінеді.
Бірлескен байланыстар мен әрекеттестіктерден тыс адамдардың әрекеттері қоғамдык, әлеуметтік ретінде емес, ал даралык, жекелік болып шығады. Адамдар мен олардың топтарының тәуелділігі мен үйлесімділігін көрсететін - әлеуметтік әрекет. Әлеуметтік байланыс өзара байланыс түрінде көрініс табады. Ол мына бөлшектерден түрады: осы байланыстың субъектілері, байланыстың пәні, заты (байланыстардың мазмұнын сипаттайды); байланысты жүзеге асыру тетігімен оның саналы реттелуі. Өзіне ұқсастардың дүниесіне кіруші адамдардың жүріс-тұрысы, оның дене кұрылысы мен басқа физикалык қасиетіне ғана байланысты емес, ал көбінесе бірге тұратын және бірлесіп әрекеттенуші жүріс-тұрысына ықпал жасаушы адамдарға тэуелді. Қоғамның өркендеуі барысында бұл тэуелділік бұлжытпай үдейе, күшейе түседі. Қазіргі дамыған қоғамда адамның өмір сүруі мен дамуын басқа адамдармен тығыз байланыстан тыс елестеу тіпті мүмкін емес.
ӘлеуметтІк байлапыс түрлі тұлғаларда көрініс табады. Мы-салы, әлеуметтік түйісу түрінде сөз сыртқы, терең емес, үстірт. көбінесе адамдардың өткінші, бірлі-жарым немесе дүркін-дүркін қайталанатын байланыстары туралы болса. Соңғылары адамдардың өмірі мен ісіне елеулі ықпал жасай алмайды (мысалы, жол жүрушілердің, қоғамдық коліктегі, көрермендердің кинотеатр мен театр қойыльшындағы, басқа қоғамдық орындардағы жүздесулері сиякты түйісулері). Тағы бір түріне әлеуметтік әрекеттестік жатады. Әлеуметтік әрекеттестік - бұл өзара себептелінген әлеуметтік жүйе: бір субъектінің қимылдары бір мезгілде басұаларының қайтарушы қимылдарының себебі мен салдары болады. Қашан адамдар өзара және ілеспелі, біршама терең, орнықты және үнемі бір-бірінің мінез-құлқына әсері тиеді, ал оның нәтижесінде әлеуметтік қатынастар жаңарып қана қоймай, олар. әдетте, өзгереді де сонда орын алады.
Әлеуметтік қатынастар әлеуметтік әрекеттестіктің көрінуінің бір түрі (әлеуметтік қауымдасулар мен институттармен қатар). Әлеуметтік қатынастар әлеуметтік қимылдардын ұзақтыгымен, орнықтылығымен және жүйелілігімен, олардың өзін-өзі жаңартуымен, әлеуметтік байланыстардың мазмұнынын кеңдігімен ерекшеленеді. Бұларға, мысалы, тапаралық, ұлтаралык және басқа топаралық қатынастар жатады. Мазмұны жағынан әлеуметтік қатынастар әр алуандығымен көрінеді. Бұл, әсіресе әлеумеітік субъектілер өзара қатынастарында басшылықка алатын мақсаттар мен кұндылықты бағыттарының әр түрлілігімен (байлык, билік, білім, мәртебе, абырой, ізгңлік, әділеттілІк, достық, махаббат және басқаларымен) анықталады.
Қоғамның әлеуметтік құрылымының маңызды бөлшектеріне әлеуметтік топтар мен әлеуметтік қауымдасулар жатады. Олар әлеуметтік әрекеттестіктің түрі ретінде адамдардын, бірлестіктері болып көрінеді және бірлескен, ынтымақтасқан, келісілген қимылдарды жүзеге асыруға адамдардың талаптылығын қанағаттандыруға бағытталады. Бірлесіп әрекет етудің пайдасы мен артықшылығын ұкқан адамдар азды-көпті топтар мен қауымдасуларға тұтастырылады, осы арқылы жеке әрекеттерден гөрі әдетте жоғары табыстарга жетеді. Әрине әлеуметтік топтар мен қауымдасуларға көбінесе ортақ белгілер, нышандар, мүдделері, міндетті кызметтері немесе мақсаттары, жалпы әлеуметтік жағдайлары барлар бірігеді. Әр нақты қоңамда осы сиякты бірлесулер, топтар мен қауымдасулар көптеп саналады.
Әлеуметтік топ түсінігінің әлеуметтануда бірнеше мағынасы бар. Кең мағынада ол жалпы коғамды, тіпгі бүкіл адамзатты қамтиды. Ал тар мағынада бұл тусінікті қоғамның ішінен оның көліктерін, ішкі жуйелерін бөліп көрсеткенде қолданылады. Бұл тұрғыдан әлеуметтік топты белгілі жекелік, ұжымдық және қоғамдық мүдделер мен мақсаттарды жүзеге асырушы азды-көпті көп санды әрекеттенуші адамдардың жиынтығы деп түсінеді. Бұған сансыз көп әлеуметтік топтың өзіде кіреді.
Әлеуметгік әрекеттестіктің тағы бір маңызды түрі және қоғамның әлеуметгік байланыстарынын бір түрін инстиіуционалдык деп атайды. Бұл үйымдар бірлестіктерінің араларындағы байланыстар. Осылардың негізінде қалыптасатын әлеуметтік жүйелерді әлеуметтік институттар деп атайды. Әлеуметтік институттар қоғамда әлеуметтік басқару мен әлеумсттік бақылау қызметін атқарады.
Сыртқы жағынан әлеуметтік институт тұлғалардың, мекемелердің жиынтығы ретіңде және нақты әлеуметтік қызметті іске асырушы болып көрінеді. Мазмұндық жағынан - бұл белгілі адамдардың нақты жағдайлардағы мақсатқа сәйкес бағытталған жүріс-тұрыстар үлгісінің белгілі жүйссі. Мысалы, әділет жүйссі әлеуметтік институт ретінде сырт жағынан адамдар, мекемелер мен материалдық кұралдар болып сипатталады, ал мазмұндық тұрғысынан бұл осы әлеуметтік міндетті қызметті қамтамасыз ететін құқықтық шегі бар адамдардың бір ұлгіге келтірілген жүріс-түрыстарының жиынтығы. Көрсетілген мінез-қүлык ұлгілері әділет жүйесіне тән белгілі рөлдерде (сот жүргізуші рөлі, прокурордың, қорғаушының, тергеушінің және тағы басқалардың рөлі) іске асырылады.
Сонымен әлеуметтік институт әлеуметтік іс-әрекеттің және әлеуметтік қатынастарының бағытын өзара келісілген мақсатқа лайық бейімделген ұлгіге келтірілгеп жүріс-түрысы арқылы анықтайды. Олардың шығуы мен жүйеге толтасуы әлеуметтік институттың шешетін мақсатына байланысты. Әр осындай институт іс-әрексттің мақсатының болуымен, оған жетуді қамтамасыз ететін нақты міндетті кызметтерімен, әлеуметтік тұғырлар мен рөлдердін, жиынтығьшен, сонымен қатар тұғыр мен рөлдің қолдап дем беруін және ауытқушы жүріс-тұрысты басуды қамтамасыз ететін макұлдау жүйелерімен сипатталады.
Әлеуметтік институттар бес топқа бөлінеді 1). экономикалық өндіріспен шұғылданады, материалдық игіліктерді үлестіреді, еңбекті ұйымдастырады және с.с; 2) саяси биліктің міндетті қызметтерін іске асырушылықпен байланысты; 3) сертификация институттары тұғырларды үлестіру мен адамдық қорларды белгілейді; 4) туысқандық институттар неке отбасы және жастарды әлеуметтендіру құбылыстарымен байланысты; 5) діни-салттар, әдет-ғұрыптар және іс-әрекеттермен, ғылыми және көркем шығармашылықпен байланысты мәдени институттар қоғам мәдеииетінің сабақтастығын нығайтады және дамытады, келесі ұрпақтарға табыс етеді, әрі адамдардың дінге, мәдениетке көңіл бөлуін қалыптастырады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   49   50   51   52   53   54   55   56   ...   79




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет