1Тақырып. Философияның пайда болуы және дамуы Философияның пәні мен иялары Философияның негізгі бағыттары: материализм және идеализм Дұнетанымның негізгі тұрлері Философияның пәні мен категориялары


Таным — адам қызметінің ерекше түрі



бет17/79
Дата19.05.2023
өлшемі474,2 Kb.
#95132
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   79
Байланысты:
1Òà?ûðûï. Ôèëîñîôèÿíû? ïàéäà áîëóû æ?íå äàìóû Ôèëîñîôèÿíû? ï?í³

Таным — адам қызметінің ерекше түрі
"Білу деген не?" деген сұраққа берілетін жауаптың маңыздылығы Гетенің "Фаустында" былай жазылған:



. Білудің мәні не?
Міне, досым, мәселе қайда?
Бұл тұрғыда бізде бәрі орнында емес.
Заттардың мәніне үңілгендерді,
Барлық жандарға сырын жайып салғандарды
Алауларға өртеді және тепкіледі.
Бұл сізге бесенеден белгілі..."



Таным теориясы мәселелері
"Таным" деген не?", "Білімді қалай алуға болады?" деген мәселелер төңірегінде ойлана отырып, адам сонау ежелгі заманда-ақ өзін табиғаттың бір бөлшегі ретінде сезінген. Уақыт өте келе бұл мәселені саналы қойылуы және оны шешуге тырысуы салыстырмалы тәртіпті пішін алып, сол кезде білім туралы ілім қалыптасты. Философтар таным теориясының мәселелері төңірегінде ой қозғай бастады. Гносеология — айналадағы әлемді тану туралы философиялық ғылым. Таным теориясы немесе гносеология (грекше gnosis — білім, таным) — философиямен бірге, оның іргелі бөлімдерінің бірі ретінде пайда болды және қалыптасты. Ол адам танымының сипатын, білімінің формаларын, оның жадағай түрінен тереңіне бойлау әдістерін зерттейді. Гносеологиядағы орталық ұғымдарға "таным субъектісі" мен "таным объектісі", "білім", "таным" жатады. Таным субъектісі деп белгілі бір мақсатқа бағытталған танымдық қызметті атқарушыны айтамыз. Ол — бірдеңені танып, білуге тырысушы. Ол адам немесе тұтастай қоғам болуы мүмкін. Таным объектісі деп танымдық қызмет бағытталған нәрсені айтамыз. Демек, ол танылушы, былайша айтқанда, кітап, молекула, атом, адам немесе тұтастай табиғат болуы мүмкін. Таным объектісі материялық, дүние немесе рухани құбылыс, сонымен катар субъектінің өзі де болуы мүмкін. Таным объектісі мен субъектісі бір-бірінің мәнділігін шарттастырады: субъектісіз объект болмайды, объектісіз субъект болмайды. Таным үдерісінде олар бір-біріне маңыз аларлық ықпал етеді. Сонда танымдық қызмет субъекті мен объект қатынасы және олардың өзара әрекеттесуі болып шығады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   79




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет