Қоғам түсінігінің мәні. Философияда "қоғам" түсінігі негізгі ұғымдарға жатады. Қоғам туралы жалпылама ғылым ретінде адам қоғамы қалай құрылатынын, жүйе ретінде қалай қалыптасатынын және қызметтену заңдылықтарын зерттсйді. Сондықтан адам қоғамының түсінігінің анықтамасын ашып алу маңызды. Ұзақ уакыт бойы батыстың әлеуметтік ойшылдары қоғамды мемлекетке теңестіріп қараған. Платон бірінші болып қоғам және мемлекет ұғымдарының айырмасын анықтауға талпыныстың үлгісін берді. Ол мемлекеттің қажеттілігін әбден айқын "саяси емес" талаптармен байланыстырады. Адамдардың өзара жәрдем мен маңызды қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін бірлесіп қоныстануын ол мемлекет деп атайды. Қоғамды құрушы құрамдас бөліктсрі, халықты, жерді сыртқы жаудан қорғау, елдің ішкі тәртібін сақтау мемлекеттің атқаратын міндетті істерінін казіргі ұғымында таза саяси болып табылады. Құрылымдық байланыстарды қамтамасыз ететін жауынгерлердіңтобы табиғаты бойынша саяси күшті иеленеді.
Аристотель өз ұстазының қоғамды мемлекеттік-саяси құрылымдауы туралы ойларын билік пен үстемдік тұрғысынан зерделейді. Сондықтан әлеуметтік байланыстың негізгі түрін "үстемдік бағынушылық" қатысына саяды. "Билік жүргізушілік пен бағынушылық", - деген Аристотель, - қажеттілік кана емес, ол пайдалы да, өйткені адамдардың табигатына тән біреулері бағынуға, басқалары үстемдік қылуға туганынан жаратылған. Бірақ қоғамда саяси қатынастардан басқа әлеуметтік байланыстар да бар. Ол - достық қарым-қатынас. Бір-біріне тәуелсіз адамдардың өзара қатынасының ең жоғарғы түрі. Бірақ достықты пайдакүнемдікке пайдалануы да бар. Сондықтан отбасылық және мемлекеттік байланыс достықтың өзгеше түрі ретінде пайымдалады.
Кейін әлеуметтік философияда қоғамды табиғи күй тұжырымдамасы түрғысынан қарайтын болды. Бірак Т. Гоббс қоғам мен мемлекетті дәстүрлі теңдестіруге негіздейді. Оның жазуларында "қоғамға қарсы барлығына бәрінің қарсы соғысы табиғи халжағдайдан туындағаны, олардың себептері бастапқыдан әркімге тән абсолюттік еркіндікте, бір-біріне бірдей шығын келтіруге тең қабілеттілікте, бір-біріне "табиғи қастык тілегінде" жатқаны арқылы көрсетіледі. Бұл күй жағдайдан күтылу - қоғамдық бейбітшілік келісім арқылы бір-бірінің еркіндігіне, меншігіне және өміріне қол сұғудан азаматтардың өзара бас тартуы. Оны сақтаудың кепілі-билікке ие болуды бейнелейтін мемлекет, ал барлық азаматтар оның пайдасына өз "табиги еркіндігінің" бір бөлігінен бас тартып, құқықтарып шектейді. Қоғам - мемлекеттік дене іспеттес, барлығын билеп-төстеуші де, жарылқаушы да.
Ағылшындық ойшылдар Д. Юн мен А. Смит " адамның ең табиғи күйі" деп "мемлекеттік билігі жоқ қоғамдык қүрылысты мойьндайды. Олардың ұғьшынша, халжағдайды 'әділеттілік" пен ''табиғи заңдар" арқылы реттеу мүмкін болады. "Әділетгілік" "қоғамдық мүдденің жалпы сезімінен", "өзара пайданьң жалпы сезімнен" шығады деп түсінеді. Әділетті болу коғамға пайдалылығымен өлшенеді.
И. Кант адамзат тарихының бас мұраты "қоғамдағы ауытқушылыққа жеткен шарасыздық келісімді" рухани тұтастыққа айналдыруын көздеу деп пайымдайды. Гегельдін мемлекет пен қоғам жөніндегі тұжырымдамасында, қоғамдагы адамгершілік саяси бірлік, жалпы жігердің көрінісі деп ұғындырады. Гегель азаматтық қоғамды "парасаттылықтың сыртқы мемлекеті" деп текке айтпаған.
А. Сен-Симон Смиттің ойын ары жетілдіріп, қоғамды өнер-кәсіп орны ретінде алып қарайды. Оның мақсаты қоғамның әр мүшесіне қосылған үлесіне сэйкес артықшылықтар мен тұрмыстык молшылык беру дейді. Сондықтан өндіріс жүйесінде тікелей жұмыс істейтіндер қоғамда өзі қосқан улесіне лайықты орнын алуға тиісті.
О. Конттың қоғамдык әлеуметтануында психология, саяси экономия, этика және философия тарихының түсініктері мен тәсілнамалық амалдарын ұштастырып, біріктіріп қолданады. Қоғамдық өркендеудің мәнін адамгершілік сезімдерінің табиғи дамуының нәтижесі ретінде ашып көрсеткен ол коғамның шығуын бұрышыдай адам денесімен емес, ал жалпы биологиялык организммен ұқсастырады. Осы адамгершілік сезімдер қоғамнын бөлшектерін – отбасын, халықты, ұлтты бүтін адамзатты және қоғамныц әлеуметтік тәртіп туралы ойларын өздігінен жүмыс істейтін тетік ретінде бәрін біріктіреді. Сондықтан ол барлық әлеуметтік құбылыстарды "жалпы өркениеттің күй-жағдайымен" байланыстырып қараудың қажеттілігіне ерекше көңіл аударады. Осыдан әлеуметтік кұрылымның қызметтену міндеттерінің жіктелуіне ықыласын койды. Саяси басқару атқаратын сондай міндетті қызметтердің бірі ғана. дегенмен бұл қоғамның бөлшектерінің ыдырауына қарсы әсер етуіне бағытталғанның маңыздысы.
Неміс элеуметтанушысы Ф.Теннис (1Н55-1936 ж.ж) жасаган қоғамның түжырымдамасында, әлеуметтік қатынастардың әркайсысы адамдардың бірлесіп өмір сүруге бірлескен жігерінің негізінде болатынын көрсетеді. Бұл ұмтылыстар адамдардың өзімшілдікке бейімділігінен басым болады. Т. Гоббстың "табиғи күй" ретіңдегі "барлығының барлығына қарсы соғысы туралы түсінігі әлеуметтік байланыстарының тек кана бір түрін көрсетеді деген Теннис, адамның, шындығында. бір-бірімен түрлі қатынастарда болатынын атайды. Олардың өзара әрекеттестігі басқаныың еркін жоюды ғана емес, ал оны қолдауды да білдіреді. Тарихи даму барысында қоғамның алғашқы сатыларында отбасылық, көршілестік, жолдастық, қауымдык карым-қатынастар басым болады, олар өзіндік кұндылығымен, табиғилығымен ерекшеленеді. Бірақ бүл қауымдастықтың орнына барған сайын пайдакүнемдік, ұтымды есепке негізделген қоғамдық қатынастар қалыптасады. Акыл-парасатылыққа негізделген есеп, надандыктың өркендеуі әлеуметтік байланыстарды оны сақтаушылары үшін сырткы, кездейсок болуға айналады. Бүныңжоғары көрінісі әмбебапты қоғам мен әмбебапты мемлекет тұжырымдамасында бейнеленеді.
Э. Дюркгейм Теннистің қоғам туралы түжырымдамасын әлеуметтік байланыстың органикалық және механикалық түрлерін карама-қарсы қою деп ұқты және оның қауымнан қоғамға қарай тарихи даму нобайын қабылдап, коғамды әлеуметтіктің ең табиғи және органикалық түрі екенін мәлімдейді. Ол қоғамдағы ынтымактастыкты таза адамгершіліктің, ізгіліктің бейнесі ретінде түсінеді. Еңбек бөлінісі органикалық және механикалық ынгымактастықтың айырмасын білуге мүмкіндік береді. Бұларды Дюркгейм қоғамнық екі түрі еместігін айтып ескертіл, олар бір ақиқаттың екі жағы деп көрсетеді. Ол қоғамды өзіндік құндылыкка ие және басқа қазыналарды белгілейтін бәрін қамтушы шындық ретіпде қарайды. Еңбек бөлінісі әдептілік-өнегелілік міндетті қызмет атқарады, өйткені әр жеке адамның ерекшелігінің шығуы мен дамуын қамтамасыз етеді, бірегей болуына кепілдеме береді, әрі осы арқылы коғамдық түтастықта етене үйлесімін табады. Бірак, Дюркгеймнің пайымдауынша түтастыктың үйлеспеушілігі белгілі деңгейде ауытқушылықты болғызбай коймайды.
Марксизм ілімінде коғамның жүйе кұрушы белшегін әлеуметтік қатьшастар атқарады. Әлеуметтік қатынастар адамдардың араларында олардын тіршілік әрекеті барысында қалыптасатын тұрақты байланыстарын тікелей білдіреді: Маркстің ойынша, қоғам жеке адамдардан тұрмайды, ал олардын бір-біріне қатысты байланыстары мен қатынастарының қосындысьш керсетеді. Әлеуметтік қатынастардың сипаты қоғамның өзднің ерекшелігін және адамдардың өздерінің мәнді қасиеттерін анықтайды. Сондықтан социалистік, капиталистік, феодалдық қоғамның адамы деп айтылады.
Роберт ІІарк (1864-1919) адамдардың ұжымдық жүріс-тұрысын өздері жасаған ортамен тығыз өзара байланыста зерттейді."Әлеуметтік ұжымдасулар" ортамен өзгеше өзара әрекет жасайды. Бұл қатынастардың биотикалық қағидасы. Ол биологиялык байланыстармен қатар әлеуметтік құбылыстар қауымдасуының ортамен өзара әрекетінің экологиялык негізінде ұлгаяды. Парктін экологиялык әлеуметтануы қоғамның құрылымдарында биологиялық және әлеуметтік қозғаушы күштерді үйлестіретін қатал айқындалган заңдылықтарды көруге мүмкіндік береді.
Парсонс қоғамды өзгеше әлеуметтік жүйенің түрі ретінде, езін-өзі қамтамасыз етудің жоғарғы деңгейіне жетушілік деп таниды. Қоғамның өзін-өзі қамтамасыз етуі мәдени жүйенің сырттан жөн сілтеп аныктайтын белгілі мәдени бөлшсктерді ережелер мен мөлшерлер жиынтығына айналдыруы, әлеуметтік рөлдерді тандаудың мүмкіндігін беруі және оны орындайтын жеке адамдарға себептерін дәлелдеуді қамтамасыз етуі, сондай-ақ жеткілікті мөлшерде техникалык-экономикалық кешенді және елдің жерін бакылауға қабілетті болуында.