1Термодинамиканың негізгі түсініктері. Термодинамиканың бірінші бастамасы


Осы дәріске ағымдық, аралық, қорытынды бақылау бойынша тест тапсырмалары және сұрақтар



бет7/25
Дата04.04.2023
өлшемі0,9 Mb.
#79077
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   25
Байланысты:
Тезисы лекции (4)

Осы дәріске ағымдық, аралық, қорытынды бақылау бойынша тест тапсырмалары және сұрақтар

  1. Энтропия нені сипаттайды?

  2. Гиббс-Гельмгольц теңдеуі.

  3. Термодинамиканың негізгі функциялары.

  4. Термодинамиканың үшінші бастамасы.

1.Қандайтермодинамикалық функция процестің өлшемі ретінде қолдануға ыңғайлы?


A) кез-келгені, олардың әрқайсысының өзгерісін есептеу арқылы табуға болады;
B) энтальпия, бір ғанафункция, өзгерісін тәжірибе арқылы табуға болады;
C) энтропия, оның өзгерісін оңай табуға болады: түзілу немесе жану жылулары мәндерін кітаптан алып, процестің жылу эффектісін есептеуге, ал ∆S теңдеу ∆S=∆H/T бойынша;
D) ∆G немесе ∆F, T,P(V)=Const болғанда олар процестің бағытының өлшемі ретінде, яғни практикада үнемі қолданатын жағдайларда;
E) ішкіэнергия, кез-келген процестің ағымы оның өзгерісімен анықталатындықтан;
*****
2.Заттың абсолюттік энтропиясын анықтауға бола ма?
A) әрқашан, онымен процестің сипаты анықталады: фазалық ауысу, химиялық әрекеттесу және т.б.
B) жоқ,энтропияның мәнін ішкі энергияныкі сияқты анықтауға болмайды;
C) болады, тек идеалды газдар үшін;
D) болады, тек идеалды ертінді үшін;
E) болады, Планкпостулатына сәйкес,заттардың энтропиясы тұрақы нольде нольге тең;
*****
3.Ішкі энергия-бұл изохорлы–изоэнтропиялық потенциал, ол келесі теңдеуде көрсетілген:
A) dU=TdS-PdV;
B) TdS=dU-PdV;
C) dU=CvdT;
D) dU=dF+TdS;
E) dU=dH-PdV.
*****
4.Қандайтермодинамикалық функция процестің өлшемі ретінде қолдануға ыңғайлы?
A) ішкіэнергия, оның өзгерісі молекуладағы химиялық байланыстың мықтылығымен байланысты болғандықтан;
B) энтальпия, оның өзгерісін кітаптағы мәндері арқылы есептелмейді, тәжірибе арқылы да табуға болады;
C)изобаралық–изотермиялық потенциал, оны қолданудың шарты P,T=Const практикада оңай қолдануға мүмкіндік береді;
D) энтропия, процестің бағытын дәл анықтауға мүмкіндік береді, бұл функцияның статистикалық сипатында процестің қандай да бір бағытының ықтималдығын ескеріледі;
E) изохоралық–изотермиялық потенциал ғана, химиялық реакция бағытын дәл көрсетеді, себебі, DF=DU-TDS. мұндағы, ΔU – ішкі энергия өзгерісі химиялық байланыстың мықтылығымен байланысты, ал ΔS –процестің ықтималдығымен.
*****
5.Фугитивтілік дегеніміз:
A) идеалды ертіндідегі ұшқыш заттың концентрациясы;
B) реалды газдарда химиялық потенциалдың мәнін алу үшін, идеалды газдардың химиялық потенциалының теңдеуінде қысымның орнына қоятын шама;
C) идеалды ертіндідегі еріген зат пен еріткіш концентрацияларының қатынасы;
D) араласпайтын екі сұйық арасында таралған заттың концентрациясы;
E) салыстырмалы бірлікте көрсетілген компоненттің ұшқыштығы;
*****
6.Энтальпия бұл:
A) изобаралық-изоэнтропиялық потенциал;
B) изохоралық-изотермиялық потенциал;
C) изобаралық-изотермиялық потенциал;
D) изохоралық-изоэнтропиялық потенциал;
E) энтальпия потенциал болып есептелмейді.
*****
7.Қандай функциялар сипаттамалық деп аталады?
A) система параметрлері-T,P,V,C, олар тікелей өлшенеді, системаның термодинамикалық күйіне сипаттама береді;
B) барлық термодинамикалық функциялар, оларқолданылу шартына тәуелсіз сипаттамалық функциялар болады;
C) олардың нақты айнымалылары тұрақты кезде есептелген термодинамикалық функциялардың туындылары ғана сипаттамалық функциялар болады;
D) сипаттамалық функция тек ішкі энергия болады, оның T,P(V)=Const кезінде табылған мәні системаның термодинамикалық тұрақтылығын көрсетеді;
E) сәйкес параметрлердің тікелей және туындысы түрінде системаның барлық термодинамикалық қасиеттерін көрсететін күй функцияларын сипаттамалық деп атайды.
*****
8.Гельмгольцэнергиясы сипаттамалық функция бола ма?
A) иә, dF≤-SdT-PdV теңдеуінен, Гельмгольцэнергиясы–TжәнеVтәуелсіз айнымалылардың сипаттамалық функциясы екені байқалады;
B) иә, тек идеалды газ системасында өтетін процестер үшін;
C) иә, Гельмгольцэнергиясы кез келген жағдайда сипаттамалық функция болады;
D) Гельмгольцэнергиясы кез келген жағдайда сипаттамалық функция бола алмайды;
E) жоқ, бола алмайды, оның мәні тікелей өлшенбейді.
*****
9.Қай теңдеу F функциясының изохоралық-изотермиялық потенциал екенін көрсетеді?
A) dF≤dU-TdS-SdT;
B) (dF/dT)v=-S;
C) dF=dG-PdV;
D) dF≤dU-TdS;
E) dF≤-SdT-PdV.
*****
10.Химиялық реакция жүргенде системаның ішкі энергиясын экспериментті түрде анықтауға бола ма?
A) болады, термодинамиканың Iзаңынан, V=Const болғанда, ΔU=QV.
B) барлығы системаны құрайтын заттардың табиғатына тәуелді.
С) жоқ, бұл мән тек теориялық түрде есептеледі.
D) болмайды: компоненттердің ішкі энергиясының абсолюттік мәндері белгісіз.
E) болады, Гесс заңынан, P=Const болғанда, ΔU=QP.

1

№ 5
дәріс

5 Физика-химиялық анализ және фазалық тепе-теңдік
Жоспар:

  1. Дербестік дәрежесі және компоненттер, фазалар.

  2. Клапейрон-Клаузиус теңдеуі.

  3. Екі компонентті система. Бір-бірінде ерімейтін қатты заттар.

  4. Термиялық және физико-химиялық анализдер.

Бірнеше фазадан тұратын жүйені, әртекті-гетерогенді деп атайды. Фаза деп химиялық және физикалық қасиеттері бірдей жүйені біртекті-гетерогенді бөліктерінің жиынтығын атайды. Фазаны механикалық жолмен бөлуге болмақ.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   25




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет