1.Қз тарихы кезеңделуі. Қз аумағындағы тас дәуіріне сипаттама


-1922 Қз-да жер-су реформасы, мақсаты негізгі іс-шаралары



бет44/70
Дата13.05.2023
өлшемі188,03 Kb.
#92828
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   70
51.1921-1922 Қз-да жер-су реформасы, мақсаты негізгі іс-шаралары
ҚЗда 1921-22жж. ЖЭС аясында жүргізілген шаралардың бірі жер-су реформасы болды. Реформаның негізгі міндеті 1920ж. құрылған ҚАКСР-нің территориясында қазақ жерлерін біріктіру болды. Патшалық биліктің жүргізген саясаты нәтижесінде ҚЗда жер мәселесі өте күрделі мәселелердің біріне айналған еді. Ресейдің орталық аудандарынан, әсіресе сталиндік реформа кезеңінде шаруалардың қоныс аударуы Орта Азия мен ҚЗда отарлаудың құрамды шарттарының бірі болды. Патша өкіметінің қоныстандыру саясаты барысында орыс шаруалары жергілікті тұрғындардан орасан зор егістік жерлерді басып алды. Тек 1916 ж. өзінде Жетісу мен Сырдария обл. қоныстанушы шаруалардың қолында 2659 млн. десятина жер болды. Жергілікті тұрғындардың жерін тартып алу 1916ж. ұлт-азаттық көтерілісті басып-жаншу барысында ерекше жыртқыштықпен жүргізілді. Жазалаушылардан қашқан тұтқындардың иесіз қалған жерін иемденумен бірге, шұрайлы егістік жерлерді жазалау шараларын қолданып, қорқытып – үркіту тәсілдері арқылы да иелену кең өріс алды. Осылайша жерді басып алу 1920ж. дейін жалғасып келді. Патша әкімшілігінің тікелей қамқорлық жасауы нәтижесінде орыс және жергілікті шаруаның жер иеленуге деген құқында теңсіздік көзге ұрып тұрды. Жер-су реформасы қарсаңында орыс шаруалары барлық дақылдар егістігінің тең жартысын иемденді және жергілікті тұрғындармен салыстырғанда жермен 15 есе артық қамтамасыз етілді.
Міне, осындай теңсіздік жағдай Түркістанның егінші дихандарын бұрынғы тартып алынған жерлерді қайтаруды талап етуге итермеледі. Басшы органдар кеңес үкіметінің беделін көтеру мақсатында бұл талаптарды түсіністікпен қабылдады.Біріншіден, отаршылдықтың қалдығын жойып,жергілікті тұрғындардың сеніміне ие болса, екіншіден “ауылшаруашылығы пролетариатының” мүддесіне қызмет жасаған болып, тап күресінің өртін тұтатып жіберу еді. Реформа барысында Кеңес өкіметінің жергілікті органдары бұл міндеттерді іске асыра алды.
52.1920-1940 Қз-ғы индустрияландыру саясаты+ ерекшеліктері+салдары
1925ж. партияның ХІV съезінде Кеңес Одағы индустрияландырудың басталғаны туралы шешім қабылдады.
Мақсаты: КСРО-ны аграрлы елден жетекші индустриялы державаға айналдыру.Индустрияландырудың басты көзі ауыл шаруашылық болды.1928-1932ж.ж бірінші бесжылдық пен тұспа-тұс келді. Индустрияландыру өлкенің табиғи байлықтарын зерттеуден басталды. КСРО Ғылым академиясы 20-30жж. кешенді экспедициялар ұйымдастырды. Нәтижесінде республиканың жаңа ғылыми геологиялық картасы жасалды. Индустрияландыру барысында бұқаралық социалистік жарыс өрістеді. 1930ж. республикада 10мың нан астам екпінділер болды.
ҚЗ индустрияландыру ерекшеліктері:

  • Өлкедегі индустрияландыру жоғарыдан жүзеге асырылып, шикізат көздері екпінді қарқынмен игерілді. Мұнай Ембіде өндіріліп, өңдейтін орталық Орскіде салынды.

  • Білікті жұмысшы мамандар, инженер-техник қызметкерлер сырттан, негізінен Ресей мен Украинадан әкелінді.

  • Урабандалу күшті жүріп, қалалар мен қала үлгісіндегі қоныстар, қала халқы көбейді.

  • Әміршіл-әкімшілік басқару жүйесінің әдістері мен іске асырылды

  • КСРО бойынша ең ірі кәсіпорындар құрылысы басым болды.

  • ҚЗ өнер кәсібінде машина, станок жасау, құрылыс материалдары өндірісі болған жоқ, жеңіл өнеркәсібі артта қалды.

Индустрияландыру салдар:

  • Республика аграрлы елден индустриялы – аграрлы елге айналды

  • ҚЗ қорғасын өндіру бойынша Одақта бірінші орынға, түсті металдар өндіру бойынша екінші орынға, мұнай өндіруден үшінші орынға шықты.

  • Қарағанды КСРО-ның үшінші көмір базасына айналды.

  • Республикада 120 ірі өнер кәсіптік кәсіпорын салынды, мың километр ден астам жаңа темір жол іске қосылды.

  • Жұмысшы табының өсуі жүріп жатты, кеңестік біліктілігі жоғары инженерлік-техникалық зиялы қауым қалыптасты.

  • Индустрияландырудың сипатты белгісі урбандану (қалалардың өсуі) болды.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   70




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет