1.Қз тарихы кезеңделуі. Қз аумағындағы тас дәуіріне сипаттама


-1950 саяси қуғындауға ұшыраған қазақстандық зиялылар



бет47/70
Дата13.05.2023
өлшемі188,03 Kb.
#92828
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   70
57.1930-1950 саяси қуғындауға ұшыраған қазақстандық зиялылар
1930 Кеңес Одағында социалистік қатынастар қалыптасып, сталиндік тоталитарлық жүйе толық орнықты.
1928 Кеңес үкіметінің басшылығына келген Сталин 1929 жылды «ұлы бетбұрыс» жылы деп атады(ешбір жазықсыз миллиондаған адамның өмірін әкету). Ұлт зиялыларының өкілдері Кеңес үкіметін құлатуға ұмтылғандары үшін айыпталды, қуғын-сүргінге ұшырады. 1922 басшылық қызметтегі «Алаш» партиясының бұрынғы мүшелері орындарынан қуылды.Аштық пен жаппай қуғын-сүргін, жазықсыз адамдарды қуғындауы күштеп жер аударуы осы жылдардағы басты оқиғалар болды.
Қазақстанда халыққа қысым жасау саясаты, әсіресе, 1925 қыркүйекте БК(б)П Қазақ өлкелік партия комитетінің бірінші хатшылығына Голощекиннің келуімен күшейді.
1928 «буржуазияшыл ұлтшылдар» атанған «Алашорданың» бұрынғы қайраткерлерінің бәрі тұтқындалды. «Алаш» партиясының өкілдерін қудалау мақсатында кез келген айла-шарғы пайдаланылды. Баспасөзде олардың атын қаралайтын мақалалар жарияланып, тікелей арандату әрекеттері жасалды, олардың отбасы мүшелері, жақындары тұтқындалды.
Оларға «буржуазияшыл-ұлтшылдар» деген айып тағылды. Сол жылы 44 алашордашы тұтқындалып, оның ішінде Ж. Аймауытов, Ә. Байділдин, Д. Әділев ату жазасына кесіліп, қалғандары түрмеге қамалады.
Ұлт зиялыларының екінші тобы 1930ж. қыркүйек-қазанда тұтқындалып, оның 15-і Ресейге жер аударылды. М. Дулатов лагерьде қайтыс болды, қалғандары Байтұрсынов, М. Жұмабаев т.б жазасын өтегенімен «Алашорданың» қызметіне араласқаны үшін қайта айыпталып, 1937-1938жж. атылды.1936-1938жж. ҚЗ 25833 адам партиядан шығарылып, олардың 8544-іне «халық жауы айыптар тағылды.
«Халық жауларының» көпшілігінің тағдыры КСРО Жоғарғы Сотының Әскери алқасының мәжілістерінде құпия жағдайда шешіліп жатты. 1930 Л. Мирзоян, Ү. Құлымбетов, Н. Нұрмақов, Т. Рысқұлов. О. Жандосов, Т. Жүргенов сынды көрнекті ппарти+ мемлекет қайраткерлері «халық жаулары» ретінде тұтқындалды.
1920-1950 заңсыз қуғын-сүргіннің бір көрінісі – мемлекет және оның қызмет иелері мен органдарының қарапайым адам құқықтарын бұзып, аяққа таптауы болды. Бұл заң бұзушылық қуғын-сүргін саясатын жүзеге асыру барысында бұқаралық сипат алып, оған заңдық негіз бен жариялылық түр берген Кеңес заңдарының нормалары нұсқаулармен бүркемеленді.



      1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   70




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет