Студент – практиканттың құқығы:
Студент-практикант кез-келген жағдайда өзін ойландырған сұрақтар төңірегінде педагогикалық практика жетекшісіне, кафедра меңгерушісіне, факультет деканына, мектеп әкімшілігіне, мұғалімдерге жолығуға.
Оқу-тәрбие үрдісін жетілдіру мен практиканы ұйымдастыру туралы өз пікірін ортаға салуға, ұсыныс айтуға.
Унивеситеттегі өзіне қажетті кафедра мен кабинеттерден әдістемелік көмек алуға.
Мектеп кітапханасы мен кабинетіндегі бар құралдарды, көмекші жадығаттарды пайдалануға.
Студент- практиканттардың міндеттері:
1.Бойына мұғалімге тән жақсы қасиеттерді қалыптастырып, оқу- тәрбие
жұмыстарын жүргізе алатындай, кәсіби дайындыққа ие болуға.
2.Мектептің ішкі тәртібіне бағынуға, мектеп әкімшілігімен топ жетекшісінің
талабын орындауға.
3.Өзіне жүктелетін жұмыс түрлерін уақытылы орындауға.
4.Өзіне тиісті оқу-әдістемелік құжаттарын уақытында дайындап отыруға.
5.Мектептегі педагогикалық практиканың қорытындысы бойынша өт
кізілетін кеңеске, университеттегі конференцияға қатысуға.
6.Педагогикалық практикадан кейінгі тапсырылуға тиіс құжаттар мен сынақ
кітапшасын топ жетекшісіне белгіленген мерзімде тапсыруға.
Студент-практиканттың сыныппен, сынып жетекшісімен, мектеп психологымен бірлесіп жұмыс жүргізуінің сипаттамасы.
Сыныптағы және мектептегі оқу-тәрбие үрдісінің жағдайын зерттейді;
Сыныптың біріндегі сынып жетекшісінің қызметімен танысады (әңгіме, мектеп құжаттары, бақылау, тәрбие жұмысының жоспарын зерттейді т.с.с);
Сынып ұжымын зерттейді (диагностикалық картамен жұмыс);
Педагогикалық практика барысында тәрбие қызметін жоспарлайды;
Оқушылардың қызығушылығын ескере отырып, сынып ұжымында (КТД) ұжымдық шығармашылық істерді жасап, өткізіп және талдайды;
Сынып жетекшілері әріптестерінің ұжымдық шығармашылық істеріне қатысып және талдау жасайды;
Педагогикалық практика бойынша есеп беруге дайындалады.
Оқушылардың жасын және қызығушылығын ескеріп, кәсіптік бағдар қызметін жүзеге асырады;
Сынып жетекшілерінің, мұғалімдердің тәжірибесін зерттеу.
Психологиядағы әдіс пен әдістеме туралы ұғымдарға түсініктеме беру.
Достарыңызбен бөлісу: |