ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ ЖОҒАРЫ БІЛІМ МИНИСТРЛІГІ АБАЙ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ
ПЕДАГОГИКА ЖӘНЕ ПСИХОЛОГИЯ ИНСТИТУТЫ ЖАЛПЫ ЖӘНЕ ҚОЛДАНБАЛЫ ПСИХОЛОГИЯ КАФЕДРАСЫ
2 – КУРС ПЕДАГОГИКАЛЫҚ МАМАНДЫҚТАРҒА АРНАЛҒАН ОҚУ ПРАКТИКАСЫНЫҢ КҮНДЕЛІГІ (психологиялық қамтамасыз ету) Студенттің аты-жөні: Махмутов Мансур
Курс _____2 курс________________________________________
Институт _Филология көп тілді институті______________________ _
Кафедра ___ Шет тілі кафедрасы________________________
Білім бағдарламасы_ Шет тілі: Екі шет тілі _____________
6– апта бойынша орындалатын тапсырмалар:27.02. – 04.03.2023ж. 1.Қабылдауды диагностикалауға арналған әдістемелер. 2. Қабылдаудың көлемін анықтауға арналған әдістемелер. 3. Бастауыш мектеп жасындағы балалардың қабылдау ерекшеліктері. 4. Көру арқылы қабылдауды анықтауға арналған әдістемелер.
1.Әдістеме «Мына суретте не жетіспейді?»
Балаға тәр түрлі сериялардан құралған суреттер беріледі.Әр суреттің бір бөлігі жетіспейді.Диагностика жүргізуші баланың тапсырманы орындауға қанша уақыт жұмсағанын білу үшін секундамер қосып қояды.Диагностика көрсеткіші баланың қабылдау деңгейінің қаншалықты дәрежеде екенін білу үшін баллдық шкаламен бағаланады.
2. Қабылдауды анықтауға және дамытуға арналған әдістеме Нұсқау: төмендегі суреттерді рет – ретімен мәселеге байланысты орналастыр.
“Фигураны тап” Мақсаты: Бұл әдістеме баланың зейін деңгейін анықтауға арналған. Әдістемеде балаларға сурет ұсынылады.
Нұсқау: «Баланың алдына қатарынан бес сурет қойылады. Сурет сол жақта орналасқан тігінен оң жақта тұрған бөлек төрт суреттің біреуіне ұқсайды. Тезірек сол ұқсас суретті тауып көрсету».
Алдымен байқау үшін баланы бір суретті табуға шақырады. Кейіннен зерттеуші балалардың түсінгеніне көз жеткізген соң , бірден онға дейінгі суреттерді табуға шақырады. Эксперимент бала он тапсырманы аяқтағанға дейін жалғасады, бірақ уақыты 1,5 минуттан аспауы керек.
Бағалау нәтижесі 10 ұпай - бала барлық тапсырманны 45 секундта шешті.
8-9 ұпай -бала барлық тапсырманы 45-50 секундта шешті.
6-7 ұпай -бала барлық тапсырманы 50-60 секундта шешті.
4-5 ұпай -бала барлық тапсырманы 50-70 секундта шешті.
2-3 ұпай -бала барлық тапсырманы 70-80 секундта шешті.
0-1 ұпай - бала барлық тапсырманы 80 секундта шешті
10 ұпай - өте жоғары.
8-9 ұпай - жоғары.
4-7 ұпай -орташа.
2-3 ұпай -төмен.
0-1 ұпай -өте төмен.
3. Бастауыш мектеп – өскелең ұрпаққа білім берудің бастамасы. Қазіргі қоғам талаптарының өзгеруіне байланысты, еліміздің көркейіп-өрендеуіне,ел талап-тілектерінің бетбұрыстарына байланысты жаңа ұрпақтың психологиясы да айтарлықтай өзгерістерге ұшырап, оны неғұрлым өмір талабына қарай өзгерту міндеттері қойылды. Еліміздің егемендігі мен тіліміздің тәуелсіздігі де өскелең ұрпаққа жаңа талаптар қояды. Бала психологиясын жан- жақты зерттеп, оны терең білу, оның даралық ерекшеліктерімен үнемі санасып отыру мектеп пен мұғалімдерге жауапты да құрметті міндеттер жүктейді.
Бастауыш мектеп кезеңіне 7-10 жас аралығындағы балалар жатады. Бұл кезеңде баланың денесі едәуір дамып, бұлшықеттері мен шеміршектері, сүйектері нығайып, табаны сүйектенеді, омыртқасы, барлық мойын, арқа бел бүгілістері дамиды. Мидың маңдай бөліктерінің жетілуі баланың психикалық іс-әрекеті мен жүйкесінің қалыптасуына үлкен рөл атқарады.
Жекелеген психикалық үрдістердің қарқынды дамуы баланың бастауыш мектеп шағында жүзеге асады. Бұл кезде балада қабылдау қабілеті жетіледі. Көру мен есту қабілеті дамып, түстерді айқын ажырата алады. Қабылдаған заттардың қасиеттері мен сапаларын меңгереді. Қоғам өміріндегі жаңа негіздерге бақылампаздығы артып, қабылдауын басқарып, оны қажетті мақсатқа бағыттай алады.
4. «Артығын тап» Мақсаты: Баланың бейнелі – логикалық ойлау процесін, жалпылау мен талдау ақыл-ой операцияларын зерттеу. Әдістемеде балаларға әртүрлі заттар бейнеленген суреттер сериясы ұсынылады. Бұл әдістеме мектеп алды даярлық топ балаларына арналған.
Нұсқау. Әр суретте бейнеленген төрт заттың біреуі артық. Суретке мұқият қарап, қай зат және неліктен артық екенін анықта.
Тапсырманы орындауға 3 минут беріледі.
Қорытынды бағалау 10 ұпай – бала тапсырманы 1 минуттан аз уақытта орындайды, барлық суреттердегі артық заттарды таба алады және себебін түсіндіреді.
8-9 ұпай – бала тапсырманы 1 минуттан 1,5 минутқа дейінгі уақытта орындайды.
6-7 ұпай – бала тапсырманы 1,5 –тан 2,0 минутқа дейінгі уақытта шешеді.
4-5 ұпай – бала тапсырманы 2,5 минуттан 3 минутқа дейінгі уақытта шешеді.
2-3 ұпай – бала тапсырманы 2, 5 минуттан 3 минутқа дейінгі уақытта шешеді
ұпай – бала 3 минут аралығында тапсырманы шеше алады.