2 – курс педагогикалық мамандықтарға арналғАН


Студент-практиканттың аты-жөні



бет2/7
Дата11.04.2023
өлшемі57,69 Kb.
#81680
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
Пед,маманд.арналған оқу практ. күнделігі

Студент-практиканттың аты-жөні:
Оқу орнының атауы:
Институты:
Мамандығы:
Курсы, тобы:


Психолог-әдіскер: Бейсембаева Кенже Доғаровна


2-КУРС ПЕДАГОГИКАЛЫҚ МАМАНДЫҚТАРҒА АРНАЛҒАН ОҚУ ПРАКТИКАСЫН ӨТКІЗУДІҢ МАҚСАТТАРЫ МЕН МІНДЕТТЕРІ


Мақсаты: білім беру мекемесіндегі оқу процесінің психологиялық тұрғыда қамтамасыз етілуін бекіту, теориялық оқыту нәтижесінде меңгерген білім, білік, дағдыларды студенттердің тәжірибе барысында қолдану қабілетін қалыптастыру.
Міндеттері:
1. Студенттерде педагогикалық іс-әрекеттің психологиялық бейнесін қалыптастыру;
2. Студенттерге білім беру процесінде жетістікке жету барысында қажетті психологиялық іскерліктер мен дағдыларды қалыптастыру;
3. Сабақты психологиялық талдау қабілетін қалыптастыру және дамыту;
4. Білім беру процесінде оқушылар пен мұғалімдерге деген этикалық қарым-қатынасты және болашақ мұғалімнің кәсіби-маңызды сапаларын қалыптастыру.


ОҚУ ПРАКТИКАСЫНЫҢ МАЗМҰНЫ ЖӘНЕ ҰЙЫМДАСТЫРЫЛУЫ


2-курс педагогикалық мамандықтарға арналған оқу практикасы (психологиялық қамтамасыз ету) университеттегі оқу процесімен қатар, үздіксіз түрде 15 апта көлемінде ұйымдастырылады.
Оқу практикасының негізгі мазмұны:

  1. Оқу практикасының мақсаты мен міндеттерімен танысу;

  2. Оқу практикасының барысында 15 аптаға белгіленген тапсырмаларды орындау және әр аптаның соңында есеп беру;

  3. Оқу практикасының күнделігін уақытында толтыру;

  4. Психолог-әдіскермен әр аптада кеңес беруге қатысу;

5. Психологиялық әдістемелерді қолдану арқылы сыныпқа және оқушыға психологиялық-педагогикалық мінездеме құрастыруды үйрену.
Оқу практикасының ұзақтығы – 15 апта.
Өткізілу мерзімі – 23.01. 2023ж – 06.05.2023ж.
Практиканың бірінші күнінен бастап студент өз жұмысының күнделігін жүргізуге міндетті, кейін оның материалдары есеп беру кезінде қолданылады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет