2-3 ІІ. Негізгі бөлім


Ақпараттың және коммуникациялық технологияларды меңгеру үздіксіз білім беру жүйесінің күретамыры



бет14/19
Дата08.04.2023
өлшемі158,65 Kb.
#80459
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   19
Байланысты:
информатика курс

2. 2.2 Ақпараттың және коммуникациялық технологияларды меңгеру үздіксіз білім беру жүйесінің күретамыры
Мұндай дайындықтардың қажеттілігі үздіксіз білім беру ерекшеліктерінен: жекелей білім беру бағыттарының жүзеге асуынан, білім беру процестерінің саралануынан, оқыту құралдары рөлінің күшеюінен шығады. Оқушыларға информатикалық білім беру мақсатына неғұрлым толық түрдегі қазіргі көзқарастар ғасырлар тоғысында қаралған 12 жылдық мектеп тұжырымдамасының [2], [22] [26] негізделуімен байланысты жарыққа шықты.
Информатиканың және ақпараттық процестердің табиғат пен қоғам дамуындағы орнын философиялық қайта болжау жүзеге асырылуда, ақпараттық ыңғайдың ғылыми таным тәсілі ретіндегі жалпы ғылыми мағынасын түсіну өсіп келеді.
Информатика негіздерін оқытуға қажетті құжаттар
Жалпы білім берудегі оның ішінде информатиканы оқытуға қажетті нормативті құжаттарға мыналар жатады: 

ҚР «Білім туралы» Заңы – бұл білім берудегі ең басты нормативті құжат; 

Мемлекеттік білім стандартында – жалпы білім берудің негізгі бағдарламасының мазмұнынының міндетті минимумын анықтайтын мөлшер мен талаптар, білім алушының оқу жүктемесінің максимальды көлемі, білім беретін мекемелерді бітірушілердің дайындық деңгейі, сондай-ақ, білім беру процесін қамтамасыз етуге қойылатын негізгі талаптар (оның ішінде оның материалдықтехникалық, оқу-зертханалық, ақпараттық-әдістемелік, кадрлық жабдықтау) айқындалады.
Жалпы білім берудің Мемлекеттік стандарты төмендегі қызметтер түрлерін:
барлық азаматтардың бірдей мүмкіндікте сапалы білім алуын;
Қазақстан Республикасында білім кеңістігінің бірдейлігін;
білім алушының шамадан көп жүктемеден, олардың психикалық және физикалық денсаулығын сақтауын қорғауды;
білім беру бағдарламаларының жалпы білім берудің әр сатысындағы сабақтастығын, кәсіптік білім алу мүмкіндігін;
білім алушының әлеуметтік қорғалуын; педагогтардың әлеуметтік және кәсіби қорғалуын қамтамасыз етеді.
Мемлекет білім беру мекемелеріндегі мемлекеттік стандартпен айқындалып берілетін жалпы білімнің қолжетімділігіне және ақысыздығына кепілдік береді.
Жалпы білім берудің мемлекеттік стандарты:
базистік оқу жоспарын дайындаудың, бастапқы, жалпы негізгі және жалпы орта білім берудің оқу бағдарламаларын, білім беру мекемелерінің оқу жоспарларын, оқу пәндерінің
бағдарламаларын жасаудың;
білім беретін мекемелерді бітірушілердің дайындық деңгейін объективті бағалаудың;
білім беретін мекемелердің қызметін объективті бағалаудың;
ҚР аумағында жалпы білім беру туралы құжаттың
эквиваленттілігін (нострификация) орнатудың;
білім беретін мекемелерде оқу процесін айқындайтын, оқу бөлмелерін жабдықтауға қойылатын талаптарды орнатудың негізі болып табылады. 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   19




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет