2-3 ІІ. Негізгі бөлім


Базистік оқу жоспары (БОЖ)



бет15/19
Дата08.04.2023
өлшемі158,65 Kb.
#80459
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   19
Байланысты:
информатика курс

Базистік оқу жоспары (БОЖ) – негізгі мемлекеттік нормативті құжат ретінде, мемлекеттік стандарттың құрама бөлігі болып, сондай-ақ нақты білім беретін мекемелердің оқу жоспарының негізі және оның финанстық жабдықталуының басты құжаты болып табылады; 

Білім беретін мекемелердің оқу жоспары – БОЖ негізінде дайындалады. 

Оқу бағдарламасы – оқу пәні бойынша білім, біліктілік және дағды мазмұнын, негізгі дүниетанымдық ілімді оқыту логикасын ашатын, оларды оқытуға жұмсалынатын уақыт мөлшері, тақырыптар реті мен сұрақтар көрсетілген нормативті құжат. 

Бұйрықтар, жарлықтар, әдістемелік хаттар т.б. – білім беру басқармалары шығаратын құжаттар.
Сонымен, ҚР «Білім туралы» Заңының талаптарына сай стандартта мыналар болуы керек:
әрбір мектептің оқушыға беретін білім мазмұнының ең аз (базалық) көрсеткіші;
оқушының білім деңгейіне қойылатын талаптар;
–жалпыға бірдей білім стандартының талаптарына сәйкес, оқушылардың жетістіктерін бағалайтын тәсілдер.
Мектептегі білім сапасын жақсарту мақсатында оқушыларға берілетін білім мазмұны білім мен білімділікке қойылатын талаптарды белгілейтін нормативтік құжат – пән стандартты болып табылады.
Базистік оқу жоспарына сәйкес информатикаға бөлінген сағат санының қысқалығына байланысты білімге қойылатын талаптар да қайта қаралып нақтыланады.
Стандарт құрылымы талапқа сәйкес төмендегідей бөлімдерден тұрады:
қолданылу аймағы;
нормативті сілтемелер; анықтамалар мен қысқартылған сөздер; 
жалпы ережелер, информатика пәнінің жалпы сипаттамасы;
оқу бағытының түрлері мен мазмұны;
информатикадан оқу жүктемесінің көлемі;
информатикадан білім берудің базалық мазмұны;
оқушылардың дайындық деңгейіне қойылатын талаптар;
оқу үрдісін ұйымдастыру мен оны жүзеге асыру шарттарына қойылатын талаптар.
Қазіргі жалпы білім беретін мектептерде информатика курсын үздіксіз оқытудың төмендегідей құрылымы ұсынылады: пропедевтикалықбазалық (негізгі) және бағдарлы кезеңдер.
Бірақ, бұл ұсынысты барлық мектептер толық меңгермейді, мектептің спецификасына байланысты біреулері – толық, ал біреулері толық емес.
Информатика курсы бойынша мектептегі білімнің негізгі өзегі – информатиканың базалық курсы, өйткені информатика бойынша білім беру стандартының жобасына сәйкес базалық курс «оқушының информатика бойынша дайындығының міндетті жалпыбілімдік минимумы» болып табылады.
Мектептегі информатика пәнін негізінен іске асыратыны информатиканың базалық курсы, себебі информатикадан білім беру жобасының стандарты бойынша, базалық курс информатикадан оқушылардың дайындықтарының міндетті жалпы білімдік минимумын қамтамасыз етеді.
Информатиканың базалық курсының құрылымын мына мазмұндық сызықтар (бағыттар) құрайды:
ақпарат және ақпараттық процесстер сызығы;
ақпаратты ұсыну сызығы;
компьютер бағыты сызығы;
формализациялау және модельдеу сызығы; 5) алгоритмдеу және бағдарламалау сызығы; 6) ақпараттық технологиялар сызығы.
Базалық курс міндетті білім берудің элементі ретінде ол қолжетімді болуы тиіс. Қолжетімділік екі аспект бойынша түсіндіріледі: біріншіден, курстың теориялық материалы пәнді оқитын оқушының білімі мен дамуы деңгейіне сәйкес болуы, екіншіден, жалпы білім беретін мектептер үшін оқытуды қамтамасыз ететін қажетті компоненттердің бәрі болуы керек.
Информатиканы оқыту деңгейі, басқа пәндермен салыстырғанда оның қамтамасыз етілу деңгейіне байланысты. Ең басты мәселе пәннің техникалық және бағдарламалық қамтамасыз етілуі.
Информатиканың базалық курсын оқыту әдістемесінің мәселелерін талдай отырып, біз ҚР Білім министрлігі ұсынған, баспадан шығарылып жалпы білім беретін орта мектептерге арналған республикалық оқулықтар жиынына енгізілген оқулықтар мен оқу құралдарына сүйенеміз.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   19




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет