Алгоритм құру және өңдеу тәсілдерін оқыту әдістері .Алгоритм құру әліппесінен бастап, оларды мысалдар арқылы оқыту мұғалімнің дәстүрлі ісіне айналған. Бұл жағдайда игерілетін білім мазмұны мұғалімге анық болғанымен оқушының білімді игеру процесі жасырын өтеді. Оны алдымен тілдің құрылымын, синтаксисін, командалардың қызметін, қолдану тәсілдерін жан – жақты меңгеріп, алгоритмнің орындалу процесін дәптерде немесе тақтада жазып көрсеткен кезде айқындауға болады. Кейбір жағдайда, мысалы тіл құрылымының автоматты түрде орындалуы кезінде оқушылар берілген командалардың қызметін түсінбеуі мүмкін. Бұл кезде мұғалім сабақта командалардың орындалу процесін сипаттайтын көрнекілерімен бірге, компьютерде қалыптасқан тәжірибеге сүйенуі тиіс. Мұнда алгоритм құру мен оны өңдеу тәсілдерін үйретудің дидиктикалық функциясы оқушылардың программалың іскерлігін қалыптастыру болып табылады. Дамыған іскерлік жоғарыдан төмен қарай қадымдап бөліктеу (анализ) және төменнен жоғары қарай біртіндеп жинақтау (синтез) операциялары негізінде жүзеге асырылады. Алгоритм құруға үйрету және оқушылардың ойлауын дамыту бағытындағы оқыту әдістерін қолдану кезінде теория мен практика үнемі тығыз байланыста болады.
Алгоритмді дәптерге жазуда, ЭЕМ – де программаны түзуде кері байланыс жылдам орындалады. Сондай – ақ компьютерді қолдану жағдайында шыққан нәтижені көру мүмкіндігі оқушының өзін - өзі бақылауына жағдай тұғызады. Программаны жүргізу кезіндегі кездескен қатені ізтеу дедукция әдісіне негізделеді. Бұл кезде кәсіби өңдеушінің іскерлігі алгоритмнің орындалу барысын тұжырымдай білуі, кездескен қиындықтарынан жол таба білуінен көрінеді.Ал оқушы үшін алгоритм құрып, оны прграммалау тіліне аудару, компьютерге енгізіп, программаны жүргізу іскерлігі маңызды болып табылады.
Программаның дұрыстығы, оның қойылған мақсатқа жетуі, тестілеудің өткен шекті саны арқылы индукциялық ой қорыту тағайындалады. Бұл кезде сөз, байқау, әрекет үштігі қайта жаңғырады, яғни алгоритмді текст түрінде жазу – сөз, программаның орындалуы – байқау, қатені іздеп табуы мен оны дұрстауы - әрекет ретінде анықталады. Бұл оқушы әрекетінің шығармашылық түрі болып табылады. Осы орайда оқу программасын дәптерге жазып, сонан соң компьютерге енгізген тиімді ме, әлде дәптерге жазбай – ақ бірден компьютерге енгізген дұрыс па? – деген сұрақ туындайды. Зерттеу барысы оқушылардың бірден компьютерде орындауды тиімді деп есептейді. Алгоритм құру іскерлігі оны ойда модельдеу процесімен қатар жүреді. Бұл жағдай олимпиада кезінде айқын байқалады. Себебі, оқушылар программаны дәптерге жазып, уақыт жоғалтқысы келмейді. Дегенмен оқушының мүмкіндігін ескеріп, программаны алдымен дәптерге жазып, олардың әртүрлі нұсқаларын салыстырып, нәтижесін компьютерде тексерудің тиімді екенін жоққа шығаруға болмайды.