2-3 ІІ. Негізгі бөлім


Ашық программа алгоритмін көрсету



бет10/19
Дата08.04.2023
өлшемі158,65 Kb.
#80459
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   19
Байланысты:
информатика курс


Ашық программа алгоритмін көрсету. Дәстүрлі әдіс бойынша ашық программа оқушының қатысуымен орындалады. Бұл кезде оқушы компьютердің көмегінсіз программаның құрылымын қайталай отырып, қарапайымнан күрделіге қарай даму мақсатын көздейді. Мұнда программа жолдарына түсініктеме берілгенімен, программаның мәні толық ашылмайды. Бұл жағдай оқушыға қиындық туғызады. Туындаған қиындық формальды тілден мазмұнды тілге дәл өту талабына байланысты туындайды. Ал, мұғалімге кездесетін қиындық программалау нәтижесін алдын – ала болжай отырып, оқушы шығармашылығын қамтамасыз етуден туындайды. Сондқтан мұғалімнің «үйдегі дайындаған программасы» қарапайым болуымен бірге, оқушымен бірлескен әрекеті кезінде кейде ортақ пікірге келуінің немесе пікір қайшылығының орын алуы мүмкін. Бұдан кейін оқушы ашық программалардың компьютер жадына алдын – ала енгізілген және түсініктемелері берілген үлгісімен белсенді әрекет жасайды. Ашық программаны қолдану әдісінің артықшылығы, мұғалімнің соңғы нәтижені ғана емес, оқушы әрекеті мен оның шығармашылық жұмысының бағытын байқайтынында. Өйткені, ашық программа оның «көз алдында» жасалады.
Әдістің кемшілігі оқушы ашық программалардың құрылымын терең түсінбеуі және кеңес алу үшін оның авторымен үнемі кездесе бермеуі мүмкін. Сондықтан, компьютерде ашық программаны сұхбат арқылы ұйымдастыру – дидактикалық тұрғыдан тиімді шешім болып табылады.


2. 1.3 Информатика сабағында дамыта оқыту технологиясын қолдану

Информатика курсының бірінші бағдарламасында оқытудың нақты мақсаттарының бастапқы мінездемесі ретінде оқушылардың компьютерлік білімділігі (ОКБ) хабарларды. ОКБ мектепке информатика пәнінің енуімен бірге қалыптасты және бірден мектеп дидактикасының жаңа ұғымдары қатарына тұрды. ОКБ мазмұнын құрастыратын құрауыштарын келесідей топтастыруға болады:



  1. Алгоритм, оның қасиеттері, оны сипаттаудың құралдары мен әдістері туралы, бағдарламалау бір тіліндегі бағдарламалау негіздері туралы ұғым;

  2. ЭЕМ-ді қолданудағы тәжірибелік қабілеттері;

  3. ЭЕМ құрылымы мен оның негізгі элементтерінің әрекет негізі;

  4. Өндірісте және басқа да адам әрекетінің бөлімдеріндегі компьютердің рөлі мен қолданылуы.

Аталған құрамдастар анализі келесіні көрсетеді, компьютерлік білімділік (КБ) ұғымының пайда болуы алгоритмдік мәдениет (АМ) ұғымының кеңеюінің нәтижесі. Мұны былай белгілеуімізге болады:
АМ КБ информатика  курсының бірінші бағдарламасы енгеннен кейін мамандар мен мұғалімдер арасында КБ ұғымының келесі қосымшалары пайда болды:

  1. Компьютермен қатынаса білу. Қолданушылық деңгейде ДК-мен қатынасу бұл – компьютерді жұмысқа дайындау, оны қосу мен сөндіру, дисплеймен жұмыс істей білу. Мұнда ең қарапайым сервистік бағдарламалармен жұмыс істеу де кіреді. Мысалы, тексттік, графиктік редактор, электрондық кесте және т.б. Бұл білім мен іскерлікті кіші буындағы және мектепке дейінгі оқушыларда да қалыптаса алады.

  2. Компьютерде ең қарапайым бағдарламаларды жасау. Бағдарламалаушыларды дайындау жалпы білім беретін мектептің мақсаты болып табылмайды, бірақ ЭЕМ үшін бағдарламалаудың негізгі негіздерін түсіну білім беру жүйесіне енуі керек. Бұл процесс созылыңқы және бірте-бірте іске асады.

  3. ЭЕМ жұмысының құрылымы мен негіздері туралы ұғым. Бұл

компонентте негізгі екі құраушы бөлінеді: а) ДК құрылымы және оның негізгі құрылымдарының функциялары б) компьютердің негізгі элементтерінің әрекет негіздері және физикалық негізі. Бұл құрамның өте қажетті дүниетанымдық мағынасы бар, бірақ оқушылардың түсінуіне қиын болып келеді.

  1. ЭЕМ-нің мүмкіншілігі және қолдану облысы, компьютермен жабдықтау әлеуметтік жалғасы туралы оқушылардың ой өрісін дамыту. Бұл құрамдастың қалыптасуы тек қана информатика курсының міндеті болып табылмайды. ЭЕМ-нің ролі бірқатар оқу пәндерінде есептерді шығару кезіндегі компьютерді тәжірибелік қолдануда көрінеді. Есеп шығарғанда, ол ЭЕМ-нің барлық негізгі салаларын қамту керек [9, 39б].

КБ ұғымы күні бүгінге дейін әдістемелік әдебиетте белсенді «жұмыс істеуде». КБ-нің жоғарыда көрсетілген 4 құрамдасы құрылымы, 4 кілтті сөздің жиынымен белгіленуі мүмкін: қарым-қатынас, бағдарламалау, құрылым, қолдану.
Бас кезіндегі информатиканы тек қана екі жоғарғы сыныпқа енгізу бағдарлама авторларына байланысты емес, ол – математикалық қордың жоқтығына, мұғалімдік кадрлардың дайын еместігіне, сонымен қатар барлығының да информатиканың мектептің оқу жоспарына кіруіне дайын еместігіне байланысты болды. Ресей Білім Министрлігінің 22.02.95 ж. №4/1 шешімі бойынша орта буынға да информатика курсы енді. Бұл құжат бойынша, анықталған мақсаттары бар, 11 жылдық мектепте информатика үш сатылы құрылым ретінде кірді:
Бірінші саты (І-ҮІ класстар) - пропедевтикалық. Бұл сатыда математика, орыс тілі және басқа да пән сабақтарында ақпараттық мәдениеттің алғашқы элементтері қалыптасады;
Екінші саты (ҮІІ-ІХ класстар) – негізгі курс, оқушыларды информатикаға дайындауда жалпы білім беру типологиясымен қамтамасыз етеді. Ол оқушылардың есеп шығарудағы информатикалық технологиялардың әдіс-тәсілдерін меңгеруге, компьютерді өзінің оқу, одан кейін кәсіби әрекетінде пайдалануына бағытталған;
Үшінші саты (Х-ХІ класстар) – білімді информатика облысында профильдік оқыту ретінде жалғастыру. Ресей білім Академиясында ғылыми бағыт шегінде жалпы білім мазмұнына негіздік кибернетикалық білімді анықтау және қамсыздандыруға көп көңіл бөлінеді. Бұл негіздік кибернетикалық білім, көптеген ғалымдардың ойынша мектеп информатикасы пәнінің негізін құру керек. Жалпы білім беретін мектептерге мұндай білім мазмұнын енгізгеннен кейін, информатика пәніне келесі мақсаттар қойылады:

  1. Ғылыми дүниетанымның негізін қалыптастыру. Мұнда ақпаратты ғылымның негізгі үш ұғымының бірі ретінде ой түйсіндіру керек.

  2. Ақпаратпен жұмыстың жалпы білім және жалпы мәдени іскерлігін қалыптастыру. Мұнда ақпарат көздерімен дұрыс пайдалана білу, ақпарат нақтылығының негізі, ақпарат пен білім қатынасы, ақпараттық үрдісті дұрыс ұйымдастыра білу, ақпараттық қауіпсіздікті бағалау қарастырады.

  3. Оқушыларды келешек мамандық әрекетінің өзгеруіне және экономикадағы ақпараттық сектордың өсуіне байланысты оқушыларды ақпаратты өңдеумен айналысатын әрекеттің әр түрлеріне дайындау қажет. Бұл ақпараттық құралдар мен ақпараттық технологияларды меңгеру болып табылады.

  4. Үздіксіз білім беру жүйесіне өтудің шарты ретінде ақпараттық және коммуникациялық технологияларды меңгеру [10, 62б].

Мұндай дайындықтың қажеттілігі үздіксіз білім берудің ерекшеліктерінен шығады.
Мектептегі информатика пәнін негізінен іске асыратыны информатиканың негізгі курстың ішінде 9-сынып, себебі информатикадан білім беру жобасының стандарты бойынша, информатикадан оқушылардың дайындықтарының міндетті жалпы білімдік минимумын қамтамасыз етеді.
Жалпы білім беру стандартының 9-сынып информатика пәнінің құрылымына сәйкес, біз информатиканы оқыту әдістемесінің келесі сұрақтарын қарастырамыз:

    1. Алгоритмдеу және программалау

    2. Формалдау және модельдеу

    3. Желілік ақпараттық тахнология

Бұл бағыттар білім берудің негізгі элементі болғандықтан, информатиканың негізгі курсы жалпыға түсінікті болу керек. Яғни, біріншіден негізгі курстың теориялық материялы оқушылардың даму және білім деңгейіне сай болу керек.
Екіншіден жалпы білім беру мектептеріндегі оқытуды қамтамасыз ететін барлық қажетті компоненттер болу қажет.
Алгоритмдеу және программалау бағыты
Алгоритмдеу бағытының стандарттық жобасы және міндетінің мазмұны мына тізбектер арқылы анықталады: алгоритм, алгоритм қасиеттері, алгоритмді орындаушылары, орындаушының бұйрық жүйесі, алгоритмді орындау түрі, негізгі алгоритмдық конструкциялар, көмекші алгоритмдер.
Мектептік жоспар бойынша информатика пәнінде алгоритмдеуді оқытудың екі мақсаттық аспектісі бар:
Бірінші - дамытушы аспект, оқушылардың алгоритмдеуді меңгере дамуы.
Екінші - программалық аспект, ЭЕМ үшін программа құру, алгоритм құрудан басталады.
Кәсіптік бағдарламалық білімдік сапасы – алгоритмдіқ ойлау қабілетінің кең дамуы болып табылады. Бастапқыда айтылған екі аспектіні талдайтын болсақ; Бірінші аспект информатика курсының іргетасты құрамдасы болып табылады. Онда оқушылар бағдарламалық тілдердің жоғарғы деңгейлі екендігімен, жаңа үлгідегі бағдарлама құру жобасымен танысады. Соның арқасында оқушылар «трансляция» (эфирге шығару) деген түсінікті қабылдайды. Екінші аспект профориенталдық мінездемені негіздейді. Программист мамандығы қазіргі уақытта кең жайылған және танымал. Мектеп қабырғасындағы бағдарламалады оқыту, оқушылардың өз білім деңгейін тексеруге және бағалауға көмектеседі. Бұл әсіресе, жоғарғы сыныптар және информатика курсы тереңдетіліп оқылатын сыныптар үшін қолайлы әдіс. Формальдау және модельдеу бағыты
«Формальдау және моделдеу» бағыты білім мазмұнының минимумында бар. Бұл бағыттың мазмұны келесі ұғымдармен анықталады: модельдей білу әдіс ретінде, қалыптасу, математикалық және ақпараттық модельдер, ақпараттық модельдеу, ақпараттық модельдердің негізгі типтері. Модельдеу бағыты информатика курсының теориялық негізі болып табылады. Ақпараттық модельдеу информатиканы оқытудың пәні болып табылады. Ақпараттық модельдеу өз алдына келесідей бөлінеді:

  • объектілер мен процесстерді модельдеу;

  • Білімді модельдеу.

Білімді модельдеу жасанды ақыл-ой тақырыбы объектілер мен процестер түсіну формасы бойынша классификацияланады. Бұл белгісі бойынша модельдер – графикалық, вербальді кестелік, математикалық, объектілі-ақпараттық болып бөлінеді.
Желілі ақпараттық технология
Компьютерлік телекомуникация - ақпараттық технологиядағы дамыған облыстардың бірі. Берілген базалық курс бөлім келесі педагогикалық мақсатты қамтыған тізімде бейнеленген:

  1. Жергілікті және ғаламдық желілердің міндеті және құрылымы жөнінде түсінік беру;

  2. Оқушыларды Internet – тің мүмкіндіктерімен желілердің ақпараттық түрінде қолдану түрлерімен таныстыру;

  3. файлдарды компьютерлік класстағы жергілікті желіде ауыстырып үйрету;

  4. Internet –тен ақпарат іздеу тәсілдерімен таныстыру.

Компьютерлік желі 2 – ге бөлінеді:

  • жергілікті

  • ғаламдық.

Сонымен, мектеп информатикасы курсындағы тәрбиелік мақсат, бұл – оқушылардың есептеуіш техника мен ақпараттық технологиялардың қоғам дамуындағы мүмкіндіктері мен рөлін түсіндірулері. Мектептегі информатика курсының оқушылардың дүниеге ғылыми көзқарасына әсері - ақпараттың ғылым негізін салушы 3 ұғымның : зат, қуат, ақпарат бірі ретінде түсінігінің қалыптасуымен анықталады. Информатиканы оқыған кезде оқушыда ой еңбегінің мәдениеті және жалпы адами мінездемесі қалыптасады, яғни мақсаттылық, бағыттылық, өз ісіне жауапкершілік, белсенділік және т.б.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   19




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет