2-3 ІІ. Негізгі бөлім


Компьютерлік сауаттылық түсінігі, компонеттері



бет12/19
Дата08.04.2023
өлшемі158,65 Kb.
#80459
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   19
Байланысты:
информатика курс

Компьютерлік сауаттылық түсінігі, компонеттері. Компьютерлік сауаттылық ұғымы мектепке «Информатика және есептеуіш техника негіздері» пәнін енгізумен бірге қалыптасып, бірден мектеп дидактикасының жаңа ұғымдарының қатарына қосылды. Оқушылардың компьютерлік сауаттылық талаптарын қалыптастыру әрекеті бірінші бағдарламаның түсіндірме сөздігінде-ақ жасалынды [2,32]. Жүйеленген мазмұндамаларда компьютерлік сауаттылықтың компоненттері мектепке «Информатика және есептеуіш техника негіздері» пәнін оқытудың алғашқы әдістемелік басшылығының мұғалімдерге арналған нұсқасында жазылды [15,16]. Онда оқушылардың компьютерлік сауаттылығының мазмұнын құрайтын компоненттер төмендегідей топтарға бөлінген:
ЭЕМ-ге арналған алгоритмдерді сипаттаудың түрі ретінде бағдарлама, алгоритм ұғымы, оның құрылымы, алгоритмді жазу әдістері мен тәсілдері, бағдарламалау тілдерінің бірінде
бағдарламалау негіздері;
ЭЕМ-мен қарым-қатынас жасаудың практикалық дағдылары;
ЭЕМ-нің құрылысы, оның негізгі әлементтерінің жұмыс істеу принциптері;
өндірісте және адамзат іс-әрекетінің басқа салаларындағы компьютердің рөлі және қолданылуы.
Айтылған компоненттерді талдау компьютерлік сауаттылық
(КС) ұғымының пайда болуы, оқушылардың алгоритмдік мәдениеті (АлгМ) ұғымына ЭЕМ-мен қарым-қатынас икемділігі, ЭЕМ-нің құрылысы мен жұмыс істеу принциптерін білу, сонымен қатар, қазіргі қоғамдағы ЭЕМ-нің рөлі сияқты «машиналық» компоненттерді қосу арқылы кеңею нәтижесінде пайда болатындығын көрсетеді Бұл компьютерлік сауаттылық ұғымының алгоритмдік мәдениет ұғымымен байланысы жаңа курстың бағдарламасына берілген түсініктемеде анық көрсетілді, ол курстың міндеттерінің бірі «сегізжылдық мектептің алгебра курсының алгоритмдік бағытын аяқтау және жүйелеу» [32,5-б] және ИЕТН курсының алғашқы әдістемелік міндетінің сапасын анықтап берген мұғалімге арналған әдістемелік нұсқауларда «оқушылардың алгоритмдік мәдениетінің компоненттерін қалыптастыру компьютерлік сауаттылықты қалыптастырудың негізі ретінде қарастыру міндеті тұрды» [16,3-б].
Осы эволюциялық ауысуды көрнекілік үшін формуламен белгілейміз [2]: АлгМКС. 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   19




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет