2-3 ІІ. Негізгі бөлім


Информатика сабағында жаңа инновациялық технологияларды пайдалану



бет16/19
Дата08.04.2023
өлшемі158,65 Kb.
#80459
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   19
Байланысты:
информатика курс

2.2.3 Информатика сабағында жаңа инновациялық технологияларды пайдалану
Қазіргі біздің заманымыз – Қазақстанның көркеюі үшін оқушылардың таланты мен қабілетін ашып, оларды оқыту барысында дамыту өте маңызды. Қазіргі кезде жаңа технологияны меңгеруде ұстаздар үшін өзекті мәселе бұл – жан-жақты дамыған, тәрбиелі, білімді, шығармашыл, ізденімпаз, қоғамда өз орыны бар тұлға қалыптастыру.
Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі білім беру тұжырымдамасының негізгі мақсаты: білім беру жүйесінің барлық деңгейінде қоғамның талаптарына сәйкес білімді, кәсіби біліктілігі жоғары тұлғаны тәрбиелейтін бәсекеге қабілетті білім негізін қалыптастыру[1].Бүгінгі таңдағы ұстаздардың міндеті мемлекет дамуына жауапкершілік жүгінің салмағын сезінетін нарық жағдайында сынаққа төтеп беретін, комуникативті, функционалды шәкірт дайындау. Қазіргі заманға сай пән мұғалімі ғана болу аз, мұғалім – ұстаз, инноватор, иннотехник болуы тиіс.
Тұңғыш елбасымыз Н.Ә. Назарбаев жолдауында айтқандай: «Болашақта өркениетті дамыған елдердің қатарына ену үшін заман талабына сай білім қажет[2]. Қазақстанды дамыған 50 елдің қатарына жеткізетін, терезесін тең ететін – білім». Сондықтан, қазіргі даму кезеңі білім беру жүйесінің алдында оқыту үрдісінің технологияландыру мәселесін қойып отыр. Оқытудың әртүрлі технологиялары сарапталып, жаңашыл педагогтардың іс – тәжірибесі зерттеліп, мектеп өміріне енуде.
Мұғалім иннотехник инновациялық технологияларды жетік меңгерген педагог дәрежесіне көтерілу үшін инновациялық технологияларды меңгеру керек, содан кейін пән бойын ша қандай тарауға, не тақырыпқа пайдалану тиімді деген зерттеу жүреді. Яғни, әрбір инновациялық технологияларды меңгереді, содан кейін меңгерген технологияларды апробациядан сабақ барысында қолдану өткізеді, мұғалім талдау жасай отырып, қандай тарауға немесе тақырыпқа сай қарап тиімді технологияны таңдайды.[4].
Кембридждік оқытудың әдіс-тәсілінің негізгі міндеті – мұғалімдерге педогогикалық тәжірибелерін жетілдіру мен бағалауға көмектесу. Сондықтан оқыту мен оқудың қазіргі заманағы әдістері мұғалімнің күнделікті тәжірибесі және кәсіби мәнмәтінмен өзара байланыста қарастырылады.
Сондай-ақ қазіргі заман талабы ақпараттық – коммуникативтік технология. Қазіргі кезде жаңа технологияны меңгерген ұстаздар үшін оқушыларға білім беру барысында осы ақпараттық –коммуникативтік технологияның пайдасы өте зор. Аталмыш әдіс – тәсілде оқыту мен оқуда ақпараттық-коммуникациялық технологияларды (АКТ) пайдалау тәсілі информатика пәнімен тікелей байланыста.
Ақпараттық–коммуникативтік технология электрондық есептеуіш техникасымен жұмыс істеуге, оқу барысында компьютерді пайдалануға, модельдеуге, электрондық оқулықтарды, интерактивті тақтаны қолдануға, интернетте жұмыс істеуге, информатика пәнінің рольі ерекше. Ақпараттық әдістемелік материалдар коммуникативтік байланыс құралдарын пайдалану арқылы білім беруді жетілдіруді көздейді.
Ақпараттық – коммуникативтік технологиялардың келешек ұрпақтың жан-жақты білім алуына, іскер әрі талантты, шығармашылығы мол, еркін дамуына жол ашатын педагогикалық, психологиялық жағдай жасау үшін де тигізер пайдасы аса мол.
Осы инновациялық технологияны пайдалану барысында информатика пәнінен оқушылар сыни тұрғысында ойлау әдісі мұғалім қызметінде ұйымдастыра отырып, оқушыларды жеке, топпен жұмыс жасау негізінде білім алуымен ұштасады. Бұл әдістердің ерекшелігі оқу әдісінде қолданылады. Осы технологияны пайдалу барысында оқушылардың пәнге деген қызығушылықтары өзгеріп, өз бетінше ізденіп, сыни тұрғыдан ойлау қабілеттерінің артқаны байқалады.
Ақпараттық-коммуникативтік технологияны пайдаланудың мәні компьютерлік техниканың мүмкіндіктерін баланың жеке тұлғасын дамыту проблемасының маңына топтасқан дидактикалық – әдістемелік проблемалық міндеттерді шешуге бағындыру болып табылатындай. Сондай-ақ педагогтың компьютерлік сауаттылығы ақпараттық – коммуникативтік технологияны пайдаланудағы жеке тәжірибесін тұжырымдау есебінен сапалы түрде артады.
Қазіргі заман талабына сай адамдардың мәлімет алмасуына, қарым-қатынасына ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың кеңінен қолданысқа еніп, жылдам дамып келе жатқан кезеңінде ақпараттық қоғамды қалыптастыру қажетті шартқа айналып отыр. Осы орайда келешек қоғамымыздың мүшелері – жастардың бойында ақпараттық мәдениетті қалыптастыру қоғамның алдында тұрған ең басты міндет.
Жаңа педагогикалық технологияның ерекшеліктері – өсіп келе жатқан жеке тұлғаны жан–жақты дамыту. Инновациялық білімді дамыту, өзгеріс енгізу, жаңа педагогикалық идеялар мен жаңалықтарды өмірге әкелу. Бұрынғы оқушы тек тыңдаушы, орындаушы болса, осы технологияларды пайдалану барысында қазіргі оқушы – өздігінен білім іздейтін жеке тұлға, дүниетаным қабілеті жоғары, дарынды, өнерпаз, іздемпаз, талапты, өз алдына мақсат қоя білетін тұлға екендігін байқауға болады.
Информатика сабағында ақпараттық – коммуникациялық технологияларды пайдалану арқылы оқушылардың ақпараттық құзіреттілігін қалыптастыру, қазіргі заман талабына сай ақпараттық технологияларды, электрондық оқулықтарды және Интернет ресурстарды пайдалану оқушының білім беру үрдісінде шығармашылық қабілетін дамытуға мүмкіндік береді. Оқушылардың ақпараттық құзырлылығы мен ақпараттық мәдениетiн қалыпастыру қазiргi таңда үздiксiз педагогикалық бiлiм беру жүйесiндегi ең көкейтестi мәселелердiң бiрiне айналып отыр.
Инновациялық технология электрондық есептеуіш техникасымен жұмыс істеуге, оқу барысында компьютерді пайдалануға, модельдеуге, электрондық оқулықтарды, интерактивті тақтаны қолдануға, интернетте жұмыс істеуге, компьютерлік оқыту бағдарламаларына негізделеді. Ақпараттық әдістемелік материалдар коммуникативтік байланыс құралдарын пайдалану арқылы білім беруді жетілдіруді көздейді. Жедел дамып отырған ғылыми –техникалық прогресс қоғам өмірінің барлық салаларын ақпараттандырудың ғаламдық процесінің негізіне айналды. Ақпараттық технологиялық дамуға және оның қарқынына экономиканың жағдайы, адамдардың тұрмыс деңгейі, ұлттық қауіпсіздік, бүкіл дүниежүзілік қауымдастықтағы мемлекеттің рөлі тәуелді болады.
Жаңа ақпараттық технологиялар дегенiмiз – бiлiм беру iсiнде ақпараттарды даярлап, оны бiлiм алушыға беру процесі. Бұл процесті icкe асырудан негiзгi құрал компьютер болып табылады. Компьютер – бiлiм беру iсiндегi бұрын шешiмiн таппай келген жаңа, тың дидактикалық мүмкіндіктерді шешуге мүмкiндiк беретін зор құрал. Бірақ әлі күнге дейін біз осы зор құралдың шексіз мүмкiндiктерiнің оннан бiрiн де пайдалана алмай отырмыз.
Оқытудың ақпараттық-коммуникативтік және интерактивтік технологиялары бағыттары:
а) электронды оқулықтар;
ә) телекоммуникациялық технологиялар;
б) мультимедиалық және гипермәтіндік технологиялар;
в) қашықтықтан оқыту (басқару) Интернет.
Информатика сабақтарында ақпараттық – коммуникациялық технологияларды пайдаланудың тиімділігі:
· оқушының өз бетімен жұмыс жасауы;
· аз уақытта көп білім алып, уақытты үнемдеу;
· білім-білік дағдыларын тест тапсырмалары арқылы тексеру;
· шығармашылық есептер шығару кезінде ақпараттық процестерді түсіндіру арқылы жүзеге асыру;
· қашықтықтан білім алу мүмкіндігінің туындауы;
· қажетті ақпаратты жедел түрде алу мүмкіндігі;
· экономикалық тиімділігі;
· іс-әрекет, қимылды қажет ететін пәндер мен тапсырмаларды оқып үйрену;
· оқушының ой-өрісін дүниетанымын кеңейтуге де ықпалы зор.
Электрондық білім беру пайдалану арқылы даралап оқытуға ақпа­­­раттық-коммуникациялық техно­логияларды пайдаланудың тиімділігі:
1. Мультимедиялық мүмкіндіктерді қолдау(музыкалық немесе дикторлық дайындау, анимация бейне-клиптер, слайд-шоу).
2. Жүйенің басқару құрылымы – оқытушы өз ойын, көзқарасын, өз кезегіндегі материалдық ұсынылымын, әртүрлі аудиторияға бір ғана оқу мәліметтерін ұсынуға мүмкіндік алды.
3.Білімді бақылау арқылы нәтиже алу, бағалау.
Ақпараттық технологияны сабақ­тарда пайдалану нәтижесінде төмен­дегідей жетістіктерге қол жеткіземіз.
1. Сөзжұмбақ, кестелерді құру үшін дербес ком­пьютерді қолдану арқылы материалдарды өңдеу.
2. Барлық тілдердегі сөздерді сауатты жазу мен көркемдеп безендіруді үйретеді.
3. Дербес компьютерді пайдалану арқылы оқу­шылардың өзіндік және жұмыс жасауды игеру мен білім алуды кеңейту.
4. Интернет желісін пайдалану арқылы оқу­­­шы­лар электрондық пошта арқылы хат-ха­­бар­­лама алмасу, өзінің ойын еркін жеткізу.[3].
Сонымен қатар, оқушылар интеллектуалдық, шығармашылық және коммуникативтік істерін дамыта алады, оқушының оқу белсенділігі артады, сабақтың негізгі кезеңдерінің бәрінде оқушыларға шығармашылық жұмысты ұсынуға болады.
Әр пәндерді оқытуда интернетті сабақта пайдаланудың негізгі артықшылығы сол жан-жақты ақпараттар алу. Интернетті сабақта пайдаланғанда электронды оқу курстарымен оқушы жұмыс істеуге мүмкіндік алады.
Орыс педагогі К. Д. Ушинский айтқандай, қазіргі заман талабына сай, әр мұғалім, өз білімін жетілдіріп, ескі бірсарынды сабақтардан гөрі, жаңа талапқа сай инновациялық технологияларды өз сабақтарында күнделікті пайдаланса, сабақ тартымды да, мәнді, қонымды, тиімді болары сөзсіз.
Осы орайда, «Сабақ беру – үйреншікті жай шеберлік емес, ол – үнемі жаңадан жаңаны табатын өнер» деген, Жүсіпбек Аймауытовтың сөзін айта кету артық болмас.
Ғалымдардың зерттеуіне сүйене отырып, компьютерлік бағдарламалардың қолданылуының үш негізгі формасын бөліп алуға болады:
1) компьютерлік қолдаумен жүретін сабақтар;
2) оқушылардың бағдарламамен өздік жұмысы;
3) қашықтан оқыту (мұғалім мен оқушының компьютерлік торап арқылы өзара іс-әрекеті).
АКТ-ны қолдану сабақтарында, басқа сабақтардағы сияқты, мұғалімге келесі мәселелерді шешуге тура келеді[5]:
– дидактикалық (сабақтың оқу материалын дайындау, компьютерлік бағдарламаны талдау);
– әдістемелік (тақырыпты беруде АКТ-ны қолдану әдістерін анықтау, сабақтың нәтижесін талдау, келесі оқу мақсатын қою);
– ұйымдастырушылық (оқушының шамадан тыс жүктелуін және уақытты тиімсіз өткізуді болдырмайтындай етіп жұмысты ұйымдастыру);
– оқыту (қарастырылған тақырып бойынша оқушылардың білімдерін және ұсынылған бағдарлама бойынша біліктері мен дағдыларын нығайту және бекіту).
Қай заманда болсын өзінің атқаратын қызметіне қарай, жеке қасиеттерінің көптүрлілігіне орай, өзіне міндеттелген талаптарға сай, оқытушы мамандығы басқа мамандықтарға қарағанда ең қиын және ең ізгілікті мамандық болып саналады. Себебі, мұғалімнің негізгі міндеті жер жүзіндегі ең құнды дүние — адамды кемелдендіру болып табылады. Оқушы жүрегінен орын алатын педагог рухани бай, зиялы және шығармашыл тұлға болуы қажет.
Қорыта келгенде, информатика сабағында жаңа инновациялық технологияларды пайдалану,осы электрондық әдістемелік оқу құралында айтылған мәліметтерді сабақта пайдалану өте тиімді, ол оқушының өз бетімен жұмыс жасауына көмектесіп қана қоймай, ойлау қабілетін дамытады. Бұл, әрине оқытушының тақтаға жазып түсіндіргенінен әлдеқайда тиімді, әрі асерлі. Меңгерілуі қиын сабақтарды компьютердің көмегімен оқушыларға ұғындырса, жаңа тақырыпқа деген баланың құштарлығы оянады деп ойлаймын. Мұғалімдер де өздеріне қажетті әдістемелік, дидактикалық көмекші құралдарды молынан ала алады. Заман талабына сай жас ұрпаққа сапалы білім беруде әдістемелік оқу құралын сабаққа пайдалану – оқытудың жаңа технологиясының бір түрі ретінде қарастыруға болады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   19




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет