2-3 ІІ. Негізгі бөлім


Қауіпсіздік техникасы ережелерінің



бет18/19
Дата08.04.2023
өлшемі158,65 Kb.
#80459
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   19
Байланысты:
информатика курс

Қауіпсіздік техникасы ережелерінің тармақтары



Сабақ бойынша рефлексия
Сабақ мақсаттары немесе оқу мақсаттары шынайы, қолжетімді болды ма?
Барлық оқушылар оқу мақсатына қол жеткізді ме? Егер оқушылар оқу мақсатына жетпеген болса, неліктен деп ойлайсыз? Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?
Сабақ кезеңдерінде уақытты тиімді пайдаландыңыз ба? Сабақ жоспарынан ауытқулар болды ма және неліктен?

Бұл тарауды сабақ туралы рефлексия жасау үшін пайдаланыңыз. Сол бағандағы өзіңіз маңызды деп санайтын сұрақтарға жауап беріңіз.




Жалпы бағалау
Сабақта ең жақсы өткен екі нәрсе (оқыту мен оқуға қатысты)?
1:
2:
Сабақтың бұдан да жақсы өтуіне не оң ықпал етер еді (оқыту мен оқуға қатысты)?
1:
2:
Осы сабақтың барысында мен сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістіктері/ қиыншылықтары туралы нені анықтадым, келесі сабақтарда не нәрсеге назар аудару қажет?


Қорытынды.
Қоғамды демократияландыру мен ізгілендіруге байланысты туындап отырған басты мәселе мектептегі білім мазмұнын ізгілендіру негізінде қайта құру, оның ішінде мектептің оқу үрдісіне компьютерлік технологияны енгізу болып отыр. Ал оның өзі оқушының өзіндік бағдарлай және дами алатын субъект дәрежесіне көтерілуін , сонымен қатар арнайы оқу ортасын жасау арқылы оның өзіндік танымдық іс- әрекетін қалыптастыруды талап етеді. Аталған міндетті шешу үшін негізгі мектептердің 7 сыныбынан бастап информатиканы пән ретінде енгізудің орны ерекше. Жаппай компьютерлендіру кезеңінде компьютерлік технологияны оқу үрдісінде пайдалану арқылы оқушылардың танымдық іс-әрекетін қалыптастырып, дамытуда үлкен жетістіктерге жетуге болатындығы практика жүзінде дәлелденіп отыр.

Оқушылардың танымдық іс-әрекеттерінің теориялық негіздері Л.С.Выготский, В.В.Давыдов сияқты психологтардың және ғалымдар М.А.Данилов, Л.Н.Ланда,Ж.А.Қараев т.б еңбектерінде жан- жақты қарастырылған. Оқушылардың танымдық іс-әрекетін қалыптастыруда оқыту үрдісін оқушылардың өз бетіндік бағдарлау әрекеті мен оқуға деген ынтасын арттырудың компоненттерін жүзеге асыруға бағытталған оқытудың әдіс- тәсілдерін пайдалану жеткілікті. Бұл мәселе И.Я.Лернер, М.И.Махмутов және т.б ғылымдардың еңбектерінде қарастырылған. Сонымен бірге, Ш.Амоношвили, В.Ф.Шаталов сияқты жаңашыл педагогтардың еңбектерінде бұл мәселелердің практика жүзінде іске көрініс тапқан.

Оқушының өзіндік танымдық іс-әрекеті танымдық қызығушылықтан туындайды. Олай болса, Г.И.Щукинаның пікірінше, танымдық қызығушылық оқудың ең негізгі мотивтерінің бірі бола отырып, оның белгілі бір жағдайларға байланысты «жеке тұлғаның іс-әрекеті мен жекелеген әрекеттерінің дамуына қуатты түрткі күшіне айналады». Сонымен, бұл жағдайлардан оқушы өздігінен жорамалдауға, бақылауға, іздеуге мүмкіндік алатындай дәрежеге жетіп, өзіндік танымдық іс- әрекет жасауына жағдай жасалады.

Т.И.Шамованың пайымдауынша, оқушылардың танымдық белсенділігін арттырудың құралы ретінде оқу мазмұны, оқытудың әдістері мен ұйымдастыру формалары есептеледі. Сондай- ақ танымдық белсенділікті арттыру құралдарының жүйесі төмендегідей талаптарға жауап беруі тиіс:


> Оқытуды ұйымдастырудың барлық кезеңдерінде оқушылардың ішкі оқу ынтасын ояту мен дамыту,
> Оқушылардың алдына қойған іс-әрекетінінің мақсатын қою мен жоспарлауды қамтамасыз етуге бағдарлауды көтермелеу;
> Оқушылардың оқу ақпаратын өңдеуде интеллектуальдық іскерлігін қалыптастыру;
> Оқушылардың өзін -өзі бақылауы мен түзетуі негізінде оқытуда оқу танымдық іс әрекетін қамтамасыз ету.
Аталған мәселелер оқыту үрдісінде компьютерлік технологияны пайдалануда оқушылардың танымдық белсенділігін арттыруға байланысты зерттелген. Бірақ информатика пәнін оқытуда, сыныптан тыс сабақтарды ұйымдастыру және информатика мен басқа пәндерді сабақтастырып оқытуда оқушылардың өзіндік танымдық іс әрекетін арттыру мәселелері осы уақытқа дейін ғылыми түрде зерттелмеген тың мәселелердің біріне еніп отыр. Сондықтан да бұл мәселе қарастырылып отырған мәселенің көкейтестілігін одан әрі арттыра түседі.

Ғылымдардың айтқан пікіріне сүйене отырып, біз оқушының өзіндік танымдық іс- әрекеті деп олардың компьютерде жұмыс жасау барысында өздігінен жоспарлау, бағдарлау, тексеру және қорытынды жасау сияқты шығармашылық ойлау қабілетін талап ететін әрекеттер тізбегін түсінеміз. Оқушының өзіндік танымдық іс- әрекетін арттыруда мұғалімнің жасайтын жұмысының мақсаты оқушының шығармашылық қабілетін дамытуға байланысты болатынын жүргізілген практикалық жұмыстар нәтижесінде:

* Өтілген материал мен өтілетін материалдың арасындағы байланысты әр түрлі мысалдар беру арқылы оқушының білімін толықтыру;

* Оқушының өзіндік жұмысын ұйымдастыру мақсатында олардың оқыту үрдісіндегі белсенділігін арттыру;

* Оқушыға берілетін теориялық білімді күнделікті өмірмен байланыстыра оқыту арқылы өз бетімен білім алып, білім деңгейлерін кеңейту дағдыларын қалыптастыру;

* Оқушының шығармашылық қабілетін компьютердің көмегімен дамытуға мүмкіндік беретін практикалық білім дағдыларын қамтамасыз ету.






Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   19




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет