2-3 ІІ. Негізгі бөлім


Информатика пәнінің білім мазмұнын жаңарту жағдайындағы мақсаты



бет3/19
Дата08.04.2023
өлшемі158,65 Kb.
#80459
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   19
Байланысты:
информатика курс

Информатика пәнінің білім мазмұнын жаңарту жағдайындағы мақсаты:
Оқу-әдістемелік электронды кешендер құру, әдістемелік пәндік Web-сайттар ашу;
Жалпы компьютерлік желілерді пайдалану;
Білім мазмұнын жаңарту жағдайында инновациялық әдістерді пайдаланып, бағдарламалық сайттар, құралдар жасау (мультимедиалық және гипермәтіндік технологиялар).
Қашықтықтан оқыту (Internet желісі) барысында өздігінен қосымша білім алуды қамтамасыз ету.
білім мазмұнын жаңарту жағдайында Smart технологияларын ұғыну арқылы информатика мұғалімдерінің кәсіби біліктіліктерін арттыру.
Оқу үдерісі кезеңдерінде информатика пәнін оқытуда Smart технологияларын қолдану қажеттілігіне негізделеді. Кәсіби қызметтің мазмұнына өзгеріс енгізіп, білім беру мазмұнын жаңарту жағдайында информатика пәнін оқытуда сандық білімдік қорларын, интернет сервистерді қолдану қабілеттерін қалыптастыруға мүмкіндік береді.
Міндеттері:
Smart learning жүйесін қолдану бойынша халықаралық тәжірибені талдау;
білім мазмұнын жаңарту жағдайында Smart learning енгізу жүйесі мәселелерін анықтау;
информатика сабақтарында Smart енгізу бойынша SWOT-талдауын құрастыру;
мектептердің Smart learning жүйесі мүмкіндіктерін және материлды-техникалық базасын есепке ала отырып информатика бойынша сабақтарды жобалауды үйрету;
тәжірибеде сандық білім контенттерін дайындау және енгізу;
информатиканы оқытуда заманауи мультимедиа-қорларын, ғаламтор қызметтерін қолдану техникасын меңгеру.
Бағыттары:
а) электронды оқулықтар;
ә) телекоммуникациялық технологиялар;
б) мультимедиалық және гипермәтіндік технологиялар;
в) қашықтықтан оқыту (басқару) Интернет;
г) робототехника;
ғ) Smart технологиялар.
Информатика пәнін оқытудағы қиыншылықтыр :
- оқу үдерісіндегі тұлғалық-дамушылық, құзыреттілік тәсілді жүзеге асыруда информатика пәні мұғалім дайындығының жеткіліксіз деңгейі;
- оқушының өз бетімен орындайтын іс-әрекетін ұйымдастырудың қажеттілігін түсіну және өздігінен жұмыс жасауды дамытуға бағытталған технологияларды қолданудың әлсіздігі;
- информатика мұғалімдерінің ақпараттық-білімдік ортасын жобалауда практикалық дағдыларының жеткіліксіз деңгейі;
- оқушыларды білім беру сапасын бағалаудың халықаралық зерттеулеріне (TIMSS, PISA) қатысуына дайындық технологияларын білуінің төмендігі;
Күтілетін нәтиже
Білім беру мазмұнын жаңарту жағдайында информатика пәнін оқытуда:
Smart технологияларын қолдану қажеттілігіне негіздеу,
кәсіби қызметтің мазмұнына өзгеріс енгізу,
мультемедиа-қорларды, Internet желілерін қолдану, қашықтықтан оқыту
оқу-әдістемелік электронды кешендер құру, әдістемелік пәндік Web-сайттар ашу;
SMART технология – жаңа заманның құралы. Білім беру мазмұнын жаңарту жағдайында информатика пәнін оқытуда шығармашылыққа көп мүмкіндік береді.
SMART тақтаның ерекшелігі:
екі қолданушы бір уақытта қолдана алады, яғни, тақтада бір уақытта жазып, сурет салуға және жасалған жұмысты файлда сақтауға мүмкіндік береді;
интерактивті тақтаның жұмыс жасау кеңістігі үлкейтілген;
Интерактивті тақтамен жұмыс жасаудың артықшылықтары:
Барлық жастағы оқушыларға тиімді;
Оқытушыға Web-сайттар және басқа да ресурстармен жұмыс жасай отырып, материалдардыоқушыларға жеткізуді күшейтеді;
Сыныпта талқылау мен араласуға кең мүмкіндік береді;
Көптеген түрлі және динамикалық материалдарды қолдану арқасында оқушы мен оқытушыға сабақты қызықты етіп өткізуге көмектеседі.
SMART құрылғылар не үшін қажет?
SMART телефон, планшет сияқты соңғы технологияларды қолданып жүрген оқушыларға бұл тақта түсінікті, әрі сабаққа деген қызығушылығын арттырады;
Сенсорлық экран тез жұмыс жасаумен қатар, бір уақытта бірнеше оқушының жұмыс жасауынакөмектеседі;
Технология жаңартылған сайын ол кешендендіріліп, сабаққа керекті материалдар да толықтырыла түседі.
Сабаққа қажетті құралдарды ресурстар сайтынан алуларына немесе интернетпен жұмыс жасауға болады;
3D объектілерді түсіндіруге көп көмегі тиеді;
Оқушылардың сабаққа қызықты, әрі белсенді қатысуына ықпал етеді;
Оқушылардың бір уақытта бірнеше оқушы жұмыс жасай алуына байланысты, топпен жұмыс жасауды да ыңғайлы;
Сабаққа керек материалдар әзір болса, жақсы өтуіне септігі тиеді;
Смарт экранда объектілер мен жазбаларды қозғауға, суреттер мен диаграммаларға комментариилер қосуға мүмкіндік береді.
Өз іс-тәжірибеме тоқталатын болсам, «SMART» технологиясының элементтерін пайдалана отырып информатика пәнін қызықты, өзгеше өткізу үшін, смарт телефон, планшет сияқты соңғы технологияны қолданып, сабаққа деген қызығушылығын арттырамын.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   19




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет