2-3 ІІ. Негізгі бөлім



бет8/19
Дата08.04.2023
өлшемі158,65 Kb.
#80459
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   19
Байланысты:
информатика курс

Ашық программалар әдісі.   Ашық программа ұғымы программалардың құрылымы мен қызметі туралы білімді меңгерудің, осы программаны құру моделін түсінудің шығармашылық тәжірибесін көрсетеді.


Ашық программалар әдісі оқушыларды шығармашылық деңгейге бағыттап оқытуды мақсат деп, ал игерген білім мен қалыптасқан іскерлікті практикалық жағдайға көшіруді – алғышарт деп қарастырумен ерекшеленеді. 


Ашық программаны өңдеу әдісі кейбір программалармен қолданушы ретінде таныс өңдеушінің, оның мәнді бір бөлігін ерекшелеп алып, оның тәуелді бөлігін жоғары деңгейлі программалау тілінде жазуынан байқалады.


Дәстүрлі оқыту әдісінде алгоритм ұмынан бастап, сызықтық, тармақталушы, қайталанушы алгоритмдерін, процедура құрылымдарын, т.б. меңгерген соң программалауға репродуктивті тәсілмен (игерген білім мен іскерлікті ең қарапайым мысалдарға қолдану) үйрету қалыптасқан. Демек, ашық программаны оқушының әрекетіне негізделген әдіс деп түсінуге болады.

Информатикада дайын программалық жабдықтарды қолдану және жаңа алгоритмдер мен программаларды бұрынғы программаларды жетілдіру негізінде дайындау тәжірибесі шығырмашылықпен оқыту мәселесі түрінде өз шешімін тапқан. 

Әдістің алғышарты: 1) толық түсіндірмесі текстің ¾ бөлігін қамтитын, оқулықтарда кездесетін программалар; 2) мысалдар келтіру арқылы программалау тәсілдерін оқыту әдісі; 3) берілгендері алдын – ала белгісіз болып келген жаттығулар арқылы «тірі» тілді үйрену; 4) программалау тілдерін үйрену.. 
Кейбір программалардың құрылымын көрсететін модельдер ашық программа ретінде анықталады. Бұл құрылымға енетін программалардың міндеті – оқушыларға ашық программа тексін, оның қолданылуын , ашық программаларды өңдеу әрекетінің шығармашылық тәжірибесін үйрету болып табылады. Бұл жағдайда ашық программалар модель ретінде қарастырылады. Сондықтан, ол өзіне тән маңызды қасиеттерге ие болады және оқыту мақсаттарына сәйкес түрлі қызмет көрсете алады.

Ашық программалардың қарапайымдылығы мен оның мазмұнын өзгертуге болатындығы оқушылар үшін тиімді болып есептеледі. Себебі, ашық программа жұмыс істейтін модель болғандықтан оқушылардың оны тікелей қолданады және өзгерістер енгізеді.

Осы қарастырылған мәселелерді белгілер жүйесі және кері жору арқылы көрсетуге болады (2 - кесте).

2- кесте

Салыстыру белгісі


Ашық программа

(оқу программасы)

Жабық программа

(өндірістік программа)


1

2

3

Қолданылуы


Ұғымды толық оқып үйрену үшін қолданылады.


Өндірісте қолдануға арналған, оған түсінік беру қажет емес.


Көлемі

Көлемі үлкен емес. Экран бетінде толық көрінеді.

Көлемі жұмыс мақсатына сәйкес болады.


Тіл деңгейі


Жоғары деңгейлі тілде беріледі.


Машиналық кодпен компиляцияланады.


Өзгергіштігі


Өзгерістер енгізуге болады. Мұғалім мен оқушы программаға өзгерістер енгізе отырып жетілдіруді оқыту мақсатына жетудің тиімді жолы деп бағалайды.


Программа авторлық құқықпен қорғалғандықтан, программист мүддесі сақталады.


Үлгісі

Программисттерге «тыйым салынған әрекеттерге» шектеу қойылған, программалаудың өнегелі үлгісі көрсетіледі.

Тиімділігін арттыру мақсатында «кері байланыс әрекеттері» жасалуы мүмкін.


Түсініктеме


Түсініктеме – ашық программаның ажырамас құрамды бөлігі.


Компиляция кезінде түсініктемелер өшіріліп тасталады.


Қателер

Қателерді оқушылардың өзі тауып, түзетуі үшін әдейі қателермен берілген прграммаларды қамтиды.

Бұл жағдайда қателер жібермеу жолдары алдын – ала ескеріледі.


Тез әсер ету


Алгоритмнің орындалу процесін көрсету үшін экрандағы көріністі баяулату мүмкіндігі бар.


Тез әсер етудің жолдары қарастырылады.


Айнымалылардың тазалығы


Барлық айнымалылардың мәні ескеріледі. Олардың программалау мақсатына сәйкес қолданылады.


Түзетуден соң пайдаланылмаған айнымалылар «жарамсыз» болады.


Тест тазалығы


Тестте қолданылмайтын код болмайды, яғни барлық символдар қолданылады.


Программада орындалмайтын командалардың кездесуі мүмкін.


Құрылымдылығы 


Программада құрама командалардың құрылымын жазу міндетті болып есептеледі. 


Орындау жылдамдығы кеөзінде командалардың құрылым реті сақталмауы мүмкін.


Берілгендерді енгізу


Алғашқы берілгендермен мәндерді тікелей текстке енгізуге болады.


Берілгендерді файлдан немесе жету үшін компьютердің типі, тілдің нұсқасы ескеріледі.


Тасымалданатындығы


Компьютерге тәуелсіз болу үшін, тілдің негізгі ішкі қоры қолданылады.


Тиімді нәтижеге жету үшін компьютердің типі, тілдің нұсқасы ескеріледі.


Басқару

Жоғары деңгейлі тілде жазылғандықтан, компилятор немесе интерпретатор арқылы басқарылады.

Компиляцияланған программа түрінде орындалады.


Тіл

Шартты тілде жазылуы мүмкін.

Компиляторға арналып жазылады.




Ашық программалармен оған балама программаларда есептерді шешу алгоритмі ортақ болғанымен, олардың өзіндік айырмашылығы бар. Бұл айырмашылық оқыту мақсатына сәйкес программалау тілін таңдауға және кез – келген тілде программаның орындалу мүмкіндігіне сәйкес байқалады. 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   19




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет