2-4 сыныптарға арналған «Әдебиеттік оқу» оқулығынан және қосымша балалар шығармаларын талдап:»көркем образдың нақтылығы мен дәлдігі»; «оқиғадағы лиризм»; «адам мінезін суреттеудегі динамика»; «эстетикалық тәрбиенің ақыл-ой тәрбиесімен тығыз



бет1/2
Дата21.04.2023
өлшемі55,79 Kb.
#85263
  1   2

2-4 сыныптарға арналған «Әдебиеттік оқу» оқулығынан және қосымша балалар шығармаларын талдап:»көркем образдың нақтылығы мен дәлдігі»; - «оқиғадағы лиризм»; «адам мінезін суреттеудегі динамика»; «эстетикалық тәрбиенің ақыл-ой тәрбиесімен тығыз байланысы»; « мазмұн мен идеяның белсенділігі»; « балалар әдебиетінің тілі, стильі, үйлесімділік пен жүйелілік» ұғымына мысалдар арқылы талдау жасау.
Балалар әдебиеті – қазақ әдебиеті тарихының өскелең әрі құрамдас бір саласы. Оның өзіндік өсу, өркендеу жолдары бар. Басында жалпы әдебиетпен бірге дамып, толысып келген ол ХІХ ғасырда өз ерекшеліктерімен дербес күйге жетті. 1960 жылдардан бастап жоғары оқу орындарында жеке пән ретінде оқытыла бастады. Балалар әдебиетінің қалыптасу, өсіп-өркендеу жолы бұрынғы-соңғы зерттеулердің аясында, халық өмірі мен қоғам дамуына байланысты қарастырылады.
Балалар әдебиеті – жас буынның сана-сезімін оятып, ақыл-есін дамытатын, оларды адамгершілік қасиеттерге баулитын өмір оқулығы. Оның өзектілігі – мектеп жасына дейінгі үш жасар баладан бастап он жеті жасқа дейінгі мектеп оқушыларына әдеби тілде жазылған қызықты шығармалар ұсына алатындығында.
Ш.Ахметов «Қазақ балалар тарихының очеркі» кітабында балалар әдебиетінің бірнеше ерекшелігін атап өтеді.
Біріншіден, балалардың психологиясына зерттеу жасағанда, олардың ойлау, түсіну қабілеттілігі әңгімеленіп отырған оқиғаның, көркем образдың нақтылығын, дәлдігін, әсіресе көрнектілігін, өз өмірінің айналасынан алынып отыруын қажет етеді.
Екіншіден, әңгімеленіп отырған оқиғаның барысында лиризм болуы шарт. Баланың ішкі дүниесіне, ой-санасына бірден әсер ететін күшті де, мағыналы сөздер айтылуы керек. Бала «не деген қорқынышты» немесе «қандай тамаша»« деп отыратындай болуы тиіс. Балаларды өмірдің жарқын болашағына қанаттандырып, шарықтатып отыру шарт.
Үшіншіден, балалар әдебиетінде оқиғаны және адам характерін суреттеу өзгешеліктері мен әдістерінің динамикасы ерекше болады. Психологияның дәлелдеуіне қарағанда, балалар алдымен оқиғаның туып отыруына, бұлардың тез өзгеруіне, шешіміне, кейіпкерлер мінездерінің әржақты болуына қызығады. Одан соң оның неден шыққан себептерін іздестіре бастайды.
Төртіншіден, балалар жаратылыстың көркем көріністерін — пейзажды шебер зейнеттеуді ұнатады, оған сүйсіне қарайды, соны өз айналасынан іздейді. Көркем әдебиеттегі жаратылыс суреттері олардың байқағыштық, талғампаздық қабілетін арттыра түседі. Пейзаждық сурет эстетикалық тәрбиенің бір көрінісі.
Бесіншіден, балалар әдебиеті шыгармаларының мазмұны мен идеясы олардың белсенділігін арттырып, өз өмірінің жарқын болашағын танытуға себепкер болуға тиісті. Оларды белгілі мамандыққа, еңбек сүйгіштікке әуестендіре білуі керек.
Әсіресе, балалар әдебиетіне қойылатын талаптар да дәл осындай. Балалар әдебиетінің тілі ойнақы, жеңіл, әрі көркем, әрі қысқа, әрі мейлінше түсінікті, айқын да дәл, әсерлі болып отыруға тиісті. Балалар әдебиетінің тілі олардың сөздік қорын байытуға жәрдемдесетін бірден бір құрал болып табылады.
Балалар әдебиетінің негізі — ауыз әдебиетінде. Сондықтан балалар әдебиетіне зерттеу жасағанда халықтық ауыз әдебиетін аттап өтуге болмайды. Өйткені, халықтың ауыз әдебиеті — балалар әдебиетінің алтын қоры.
Оқу жасына дейінгі балалар, бастауыш мектеп оқушылары, әсіресе, ертегілерді тыңдағанды жақсы көреді. Ертегілердегі ғажайып оқиғалар, қызықты тартыстар мен адуын егестер, тапқырлық пен айлакерліктер, зұлымдық әрекеттерге қарсы күрескен қажырлы адамдардың қиян-кескі батырлық істері оларды таң-тамаша етеді.

Балалар әдебиетін зерттеудегі ең қажетті де басты міндет мектеп жасына дейінгі балдырғандар мен бастауыш, орталау, орта мектеп оқушыларына лайықталған әдебиеттердің өзіндік ерекшеліктерін көрсету болғандықтан, оны әрбір тарихи дәуір, әдеби кезеңдерге байланыстыра талдауды мақсат етеді. Ол үшін, ең алдымен, балалардың жас ерекшелігін, білім көлемін, қабілетін, ойын, психологиясын мұқият еске алып отырады. Ал, балалар әдебиеті қазақ әдебиетінің өскелең бір бұтағы болғандықтан, оны дәуірге, әдеби кезеңдерге бөлу кезеңдерін басшылыққа алады.

Фольклор сөз жоқ, балалар әдебиетінің бастауы, қайнар көзі. Балалар әдебиеті халық ауыз әдебиеті үлгілерін негізге ала отырып, бүгінгі күнге дейін дербес ғылым болып отыр. Осы аталмыш ғылымның жай-күйі қазіргі ақпараттанған ХХІ ғасырдың сұранысы мен талабына жауап бере ала ма? Бұл ойлануды қажет ететін және бір ауыз сөзбен жауап бере салатын сұрақ емес. Салмағы да, жауабы да ауыр сұрақ. Сонымен, қазіргі таңда қандай балалар әдебиеті қажет? Бір ғана мысал келтірейін: балалар фольклорында «Төрт түлік туралы» жырлар бар. Осыны балаларға қалай оқытып жүрмыз? Балдырған төрт түлік туралы өлең-жырларды жаттауын жаттар, бірақ өңі түгіл түсінде көрмесе оларды, қалай ұғындырамыз? Балаға нанымды болу үшін көзбен көру, яғни қоршаған ортада сезінуі тиіс.

Қазақ балалар әдебиетінің негізгі түп қазығының келесі арнасы – ежелгі түркі әдебиеті мұралары. Көне дәуірі кезеңіндегі мәдени мұраларымыз отандық, шетелдік ғалымдарымыздың назарын аударып отыр. Ү-ҮІІІ ғ.ғ. тасқа қашалып мәңгілік ескерткішке айналған Орхон-Енисей жазбалары, «Оғызнаме», «Китаби дәдәд Қорқыт» («Қорқыт ата кітабы»), «Диуани лұғат-ит түрк» ( «Түркі тілінің сөздігі»), «Құтадғу біліг» («Құтты білік»), «Диунаи хикмет» («Даналық кітабы»), «Хибатул хакайык» («Ақиқат сыйы»), «Бақырғани кітабы», «Кодекс куманикус» («Қыпшақтар кітабы»), «Қисса-cул-әнбия», «Хұсырау-Шырын», «Мухаббат-наме», «Жәдігернама», «Гүлстан бит-түрки» («Түркі тіліндег Гүлстан»), т.б.

Ертедегі Грекия құдайлары мен қаҺармандарын дәріптегенше, сол түркі халықтарына ортақ мәдени мүраларымызды, яғни Күлтегін, Білге қаған, Тоныкөк, Тұмар патша, Алып ер Тұңға, т.б. ерліктерін үлгі тұтсақ, яғни оларды жас буынның қазіргі кейіпкерлері «терминатор», «шрэк», «человек паук», т.б. сияқты құбыжықтардан гөрі басты қаһарман дәрежесіне көтерсек дұрыс болар еді. Бұл ойлануды қажет етпейтін, кезектен тыс қолға алуға тиіс бірден бір мәселе.

Орхон ескерткіштеріндегі жырлардың басты тақырыбы – ел тәуелсіздігін аңсау, ел қорғаны болған батырларының ерлігін дәріптеу. Айталық, Күлтегін, Тоныкөк, Білге қағандарды түркі халықтарының қаһарманы етіп, жырдағы айтқандай:

Тәңір текті, Тәңірден жаралған,

Түрк Білге қаған.

Бұл шақта отырдым,

Сөзімді түгел есітіңдер:

Бүкіл жеткіншегім, ұланым,

Біріккен әулетім, халқым... [3,49]

деген ұрпаққа айтар ұлағатты сөздерден басталып, олардың батырлық, ерлік істері жырланады. Ерлікті жырлайтын грек мифтерінен кем емес ежелгі жырлардың бірі – ХІІІ ғ. Хатқа түскен «Оғызнаме» («Оғыз қаған жыры»). Оғыздардың Көк Тәңіріне табынып, өздерін көк Бөріден таратып, жарықты Көкжал бастып отырады. Оғыз өзі көк өңді, әйелінің де көзі көк, тіпті шашы да теңіз толқынындай көгілдір деп суреттеледі. Яғни, көне түркілерде көк түс қасиетті деп саналған. Жырдан үзінді кетірейік: «Күндерде бір күн Айқағанның көзі жарыды, босанды. Еркек бала туды. Осы баланың өңі, шырайы көк еді...» [4,79]

Осы ұл анасының омырауынан бір-ақ рет сүт еміп, бұдан артық ембеді. Шикі ет, тамақ тіледі. Тілі шыға бастады. Қырық күннен соң үлкен болды, жүрді, ойнады... Оғыз қаған күндерден соң, түндерден соң жігіт болды. Бұдан әрі Оғыз қағанның өсуі халқының қиялы мен ғажайып, ойлау шеберлігі арқылы өрбиді.

Сондай-ақ, ежелгі түркі халықтары табиғатты бағалай білген. Жырда Оғыздың балалары – Күн, Ай, Жұлдыз, екінші әйелінен – Көк, Тау, Теңіз деп атауы да тегін емес. Әр баласының атын табиғат құбылыстарының атауын беріп, сөйлете білген. Грек жырларында олар құдайлар деп берілсе, ежелгі түркі жырларда адам есімдері түрінде сипат алған. Әрине, табиғатты адамнан, адамды табиғаттан бөліп қарауға болмайды. Табиғатты жырлау, бейнелеу – бүгінгі балаларды оны сүюге тәрбиелеудің негізгі қазығы. Оның арғы арнасы көне түркі дәуірлеріне жетелейді.

Ахмет Иассауи Исламның түркі халықтарының дүниетанымына сәйкес сопылық ой-пікірлер жүйесі, яғни адамның ішкі рухани тазалығы және ғибадатын насихаттайды. Ислам діні жасөспірімдерге тигізетін әсері мол. Баланы тәрбиелеудегі негізгі мақсат – ислам дініндегі имандылық, адамдық қасиет, ақыл-парасатты бала бойына сіңіру. Сондай-ақ, ислам дініндегі кейбір қағидалар мен тыйым салуларына қарамастан мешіттен әйел адамдардың орын алып, діни жиындарға ер адамдармен бірге әйел адамдардың да қатысуы, өлеңдердің аспаптармен сүйемелдене айтылуы, әуен-сазға елтіп адамдардың бір-бірімен қол ұстасып билеуі, құрбандық қанының және сүйектерінің топыраққа көмілуі сияқты сенім-нанымдары ретінде қоса жүрген.

Даналық кітабында ислам дінінің ең басты қағидаларын, ереже-шарттарын жан-жақты баяндайды. Имандылықты насихаттайды. Адамгершілікті жырлайды. Ол өзінің тамаша ойларын, пікірлерін, тұжырымдарын төрт мәселеге негіздей отырып өрбітеді.



Бала тәрбиесі аса қиын да жауапты іс екендігі тәжірибеде дәлелденіп келеді. Ақыл-парасатқа бой ұсынып, игі мақсаттарға жетелеу үшін балаларға исламтану негіздерін үйреткеніміз орынды. Иассауи танымы бойынша, балаға алдымен, Аллаһқа деген махаббат керек, діннің негізі махаббатқа құрылуы керек. Махаббат – Аллаһты жан-тәнімен сүю деген сөз және дін жолында жасалған әрбір істің Аллаға деген осы сүйіспеншіліктің әсерімен жасалуы деген сөз. Дін жолында жасалған істердің негізінде осы сүйіспеншілік болмаса, басқанының түк те құны жоқ.








Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет