3 сұрақ. Әрбір аудитор өзін-өзі ұстау мәнерінің негізгі ережелерін үйреніп, кез-келген жағдайда болу мүмкін проблемаларды анықтауда негізгілері ретінде қолдануға тиіс. Олардың аудиторлық ұғымдағы ең маңыздыларын қарастырайық:
А. Тәуелсіздігі. Бұл қасиет аудиторлық кәсіптің негізгі іргетасы болып табылады, өйткені тәуелсіз аудиторлық тексерудің мақсаты қаржылық есеп беруге деген сенімділікті қалыптастыру. Аудиторлар клиент басшылығымен де, тексерілетін экономикалық бірліктермен де ешқандай байланысы болмауы керек.
Тәуелсіздік мына жағдайларда бұзылады. Егер аудитор:
• клиенттің қайсыбір мүлкін иеленетін болса;
• таза табысы немесе фирмасының пайдасы тексерілетін
компанияның инвестициясымен тығыз байланысты болса, не
болмаса компаниямен бірлескен инвестициясы бар болса;
• компаниядан несие алса немесе берсе (бұл тыйым әдеттегі
тәртіппен қаржы институттарынан алынатын кредитке қатысты болмайды);
• тексерілетін компаниямен құрылтайшы ретінде байланыста болса;
• компанняның Директорлар кеңесінің мүшесі болып табылғанда;
• компанияның есептік жазбаларын жүргізіп, есеп саласында шешім қабылдайтын болса, ал компания басшылығы қаржылық есеп беру туралы ақпаратпен оған негізгі жауапкершілікті көтеретіндей шамада ақпарат алмаса;
• егер компания басшылығы аудиторлық жұмыста олқылықтары үшін аудиторды сот процесімен қорқытатын болса немесе аудитор компания басшылығын алаяқтықпен жалған деп айыптап, сот процесімен қорқытатын болса;
• клиент инвестор болатын болса, онда инвестор (инвестордағы) - кәсіпорында аудитордың қаржылық мүдделілігі болады;
• егер аудитор отбасының немесе туыстарының бір адамы
клиент ісін тікелей қатысты (мүдде жағынан) немесе онымен
(клиентпен) кәсіпорынды басқару ісіне байланысты болатын
болса және т.б.
Ә. Адалдық және объективтік. Аудитор кез келген кәсіби қызметін жүзеге асырғанда адал әрі объективті болуы керек, мүдделердің сәйкеспеуінен болатын дау-жанжалдарға араласпай, фактілерді ойдан құрастырып бұрмаламауы қажет. Клиенттің салық төлеуден жалтаруы, жалған жазылған есептік жазбалар, қаржылық есеп берудегі жаңылыс ақпараты барын біле тұра жасырған аудитор қабылданған адалдық пен объективтілік ережелерінің рухы мен атына нұқсан келтіреді.
Жаңа немесе өзгеше операциялар есебінің мәселелері бойынша кәсіпорындарға кеңес беру барысында аудитор бірқатар проблемаларға кезігеді. Аудиторлар операциялардың есебін дұрыс жеткізу ісінде әр түрлі пікірде болады, сондықтан да кәсіпорын басшысы болып өткен немесе болуы ықтимал операциялардың есебі бойынша басқа бухгалтерлермен кеңесетін болса, оған таңданудың кажеті жоқ. Осы заманғы қаржы рыногы күрделі әрі қитұрқы қаржы аспаптарын жасау барысында тапқырлық танытады, олардың есебі анық бола бермейді.
Кәсіпорын басшылар аудиторларды «сатып алатын» жағымсыз оқиғалар да болып тұрады, мұндайда аудитор олардың өздері көргісі келетін қаржылық есепте ақпаратты анық мазмұндап, білікті есеп жасап береді.
Б. Стандарттарды сақтау. Аудитор стандарттар мен олардың интерпретациясын (түсіндірулерін) сақтауы керек. Осыған сәйкес олар өз құзыретіндегі қызметтерді ғана көрсеткені дұрыс. Кәсіби қызметті атқару кезінде ол баса назар аударып, қызмет етуді жоспарлау және бақылау; ұсыныстар жасап, қорытынды шығару үшін қажетті егжей-тегжейлі ақпарат болуы керек.
В. Құпияны сақтау. Аудитор клиенттің ерекше рұқсаты болмайынша ешқандай құпия ақпаратты жарияламауы керек және мамандығына нұқсан келтіретін әрекеттерге бармауы керек. Атап айтқанда:
• клиент талап етсе де, оған бухгалтерлік және басқа да құжаттарды қайтарып беруден бас тарту;
• кәсіби қызмет барысында нәсілдік, жыныстық ұлттық белгілері мен ұстанатын діни сенімдеріне қарай кемсітушілікті (дискриминация) жүзеге асыру;
• тексеру барысында егер клиент аудитордан мемлекеттік аудиторлық стаңдарттарды және нормаларды сақтауын өтінетін болса, онда клиенттін тілегіне қарсы мемлекеттік стандарттар мен нормалардысақтамауы керек.Себебі, нағыз шынайы фактілерді ашуда мемлекеттік стандарттар мен нормалар дәрменсіздік танытуы ықтимал.Аудитор кейбір жағдайда шынайы фактілерді әдеттен тыс әдістермен ашуы мүмкін;
• бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептемесінің тіркеліміне жалған жазбаларды енгізуге келісім бермеуі керек;
• басқа тұлға туралы ақпаратты тапсырғаны үшін клиенттен комиссиялық алым алу немесе клиенттерді тартқаны үшін басқа біреуге төлеу;
Г. Жарнаманы шектеу. Аудиторлар өзінің қызметін немесе фирма атауын жарнамалау арқылы клиенттерді мазалап, адамдарды адастыру арқылы өз қызметін мәжбүрлеп өткізуге немесе алаяқтық жасамауға тиісті.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің уәкілеттілік берілген лицензия беруші (лицензия) мемлекеттік орган қоғамдық аудиторлар ұйымымен бірлесіп осы кәсіп түрі бойынша лицензия алған тұлғаның аудиторлық қызметін реттейді. Лицензия беруші аудиторлық қызметтерді бақылап, аудиторлар мен аудиттенетін субъектілердің қатынасын қарастырып, лицензия ұстаушыға ескерту жасауына болады, тіпті болмаған жағдайда лицензияның іс-әрекетін тоқтатады, Бұл - өте қатаң жаза, өйткені лицензиясынан айырылған тұлға аудиторлық біліктіліктен және аудиторлық есептілігіне қол қою құқығынан қоса айырылады.