2. Азаматтық құқықтың басқа құқық салаларынан айырмашылығы Азаматтық құқық принциптері


Азаматтық - кұқықтық реттеу әдiсi



бет2/90
Дата21.06.2023
өлшемі0,93 Mb.
#102796
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   90
Байланысты:
Азаматтық құқық (Жалпы бөлім)

Азаматтық - кұқықтық реттеу әдiсi деп олардың көмегiмен мемлекет осы қатынастарға қатысушылардың керектi мiнез - құлқын қалыптастыра алатын, қоғамдық қатынастарға ықпал ететiн, реттейтiн және оларды қорғайтын құралдар мен әдiстер жүйесiн айтамыз. Азаматтық-құқықтық реттеу әдiсi рұқсат етуші ретiнде болады, яғни белгiленген тәртiппен мемлекет тыйым салғаннан басқа ic - әрекеттiң бәрiне рұқсат етiлуi. Рұқсат ету ретiнде болатын азаматтық-құқықтық реттеу әдiсiнiң келесi белгiлерi болады: 1)тараптардың заңды теңдiгi, 2)тараптар еркiнiң автономиялылығы, 3)тараптардың мүлiктiк дербестiгi, 4)азаматтық құқықтарды сот тәртiбiнде басымдықпен қорғау, 5)азаматтық-құқықтық жауапкершiлiктiң мүлiктiк сипаты.
Азаматтык, құқықтың реттеу пәнi және әдiсiне сүйене отырып, мынадай анықтама келтiруге болады: азаматтық құқық дегенiмiз - бұл заң тұрғысынан алғанда, бip-бipiнe бағынбайтын мүлiктiк оқшауланған субъектiлер арасындағы мүлiктiк және мүлiктiк емес жеке қатынастарды рұқсат ету әдiсiмен реттейтiн заң нормаларының жиынтығы.


2. Азаматтық құқықтың басқа құқық салаларынан айырмашылығы
Құқықтың сабақтас салаларынан азаматтық құқықтың айырмашылығы ең алдымен оның нысанасына қарай айқындайды. Құқықтың мүліктік қатынастарын реттемейтін барлық салалары (мысалы, қылмыстьқ құқық, әкімшілік құқық) реттейтін нысанасына қарай азаматтық құқықтан айқын ажыратылады. Ал мүліктік қатынастарды қамтитын құқықтың басқа салаларынан реттеу әдісімен ажыратылады.
Азаматтық және кәсіпкерлік құқықты ажыратуға тоқталайық. Азаматтық құқық кәсіпкерлік қызмет саласына жататын және бұл салаға жатпайтын барлық құқықтық қатынастарды реттеудің жалпы негіздерін анықтайды.
Конституциялық құқық құқық жүйесінде негізгі принциптерді, соның ішінде азаматтық құқықтың негізгі бастауларын анықтайды. Конституциялық құқық меншіктің барлық нысанының теңдігін, оған қол сұқпаушылықты, кәсіпкерлік қызмет еркіндігін және т.с.с. белгілейді. Азаматтық құқық бұл ережелерді өзінің нормаларында нақтылайды.
Әкімшілік құқық бірқатар жағдайларда, азаматтық құқық сияқты мүліктік қатынастарды реттейді, бірақ, әкімшілік құқықтың реттеу әдісі билік ету бағыныштылық принципіне негізделген. Бірақ әкімшілік актілер — азаматтық құқықтар мен міндеттердің пайда болуының бір негізі болып табылады. Әкімшілік тәртіпте жүзеге асырылатын лицензиялаудың азаматтық құқықта маңызы үлкен. Азаматтық құқық пен қаржы құқығының ара қатынасы да осыған ұқсас.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   90




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет