2. Қазіргі идеологияның негізгі түрлері


Қазіргі идеологияның негізгі түрлері



бет2/2
Дата18.12.2023
өлшемі21,74 Kb.
#140478
1   2
Байланысты:
stud.kz-64110

2. Қазіргі идеологияның негізгі түрлері


Саяси идеологияның тұңғыш түрлерінің біріне либералдық (латынның либералис — еркін деген сөзінен) жатады. Оның негізін салушылар: Дж. Локк (1632—1704), Ш. Л. Монтескье (1689-1755), А. Смит (1723-1790), И. Кант (1724-1804), Т. Джефферсон (1743-3 826), А. Токвиль (1805-1859), Дж. Милль (1806—1873). Ол феодалдық қоғам ыдырап, буржуазиялық қоғамдық қатынастар қалыптаса бастаған дәуірде пайда болады. Буржуазия ол кезде экономикалық жағынан белсенділік, іскерлік білдірді, бірақ саяси жағынан еріксіз еді. Сондықтан өзінің саяси билікке деген дәмесін, талабын либералдық саяси доктрина арқылы білдірді.
Бүгінгі танда либерализм — ең кең дамыған идеологиялардың біреуі. Ол үшінші сословиенің идеологиясы ретінде пайда болғанымен, кейін келе оның көптеген принциптері жалпы адамзаттық қажеттіліктерге сай келіп, ойынан шықты. Либерализмнің мұраттары (идеалы) қазіргі саяси демократия принциптерінің қалыптасуы мен жетілуіне, дамуына зор ықпал етіп, оның қазылығына енді. Оның идеялық негізінде көптеген басқа теориялар пайда болды.
Либералдық идеологияның негізгі принципі — адамның теңдігі, тұлғаның табиғи құқықтары мен бостандықтарынын қабілеттілігі мен ажырамастығы, олардың қоғам және мемлекет мәселелерінен жоғары тұруы. Экономикалық салада классикалық либерализм мына қағидаларға негізделеді: адамның жеке құқығы, нарықтың, бәсекеліктің, кәсіпкерліктің, экономикалық, іс-әрекеттің мемлекеттен тәуелсіздігін сәйкес мемлекет бір ғана қызметті — меншікті қорғау сақшылық қызметін атқарады.
Саяси либерализм адамның еркіндігін шексіз құндылық деп таниды. Ол тек әділдікті білдіреді және ажырамас адам құқығына қол сұғудан озбырлықтан қорғайтын заңмен ғана шектеледі. Демократияның либералдық түсінігі — адамдардың теңдігі, олардың өмір сүруге, еркіндікке, меншікке құқықтарының теңдігі. Мемлекет азаматтық қоғамнан ажыратылған. Мемлекет қызметі заңмен шектеледі, билік тармақталады. Кейінірек либералдық саяси көзқарас оны жалпыға бірдей сайлау құқығы, парламентаризм, саяси алуан түрлілік, жергілікті өзін-өзі билеу және т.б. идеялармен байытты.
XX ғасырдың бірінші жартысындағы (1929—1933) терең дағдарыс либерализмнің әлеуметтік теңсіздіктің өсуін тоқтатуға мүмкіндігі аз екендігіне көз жеткізді. Шексіз бәсекелестік пен нарық адамдар арасындағы үйлесімділікке, экономиканың гүлденуіне әкелмеді. Сондықтан либерализм өз идеяларын қайта қарауға тура келді және ол жаңарған либерализм (неолиберализм) деген ат алды. Онда еркін нарықтық тетіктерді қалпына келтіру үшін мемлекет белгілі мөлшерде экономикалық және әлеуметтік салаға (салық бюджет, жоспарлау арқылы) араласу керектігі негізделді. Мемлекет "түнгі сақшы" деген идеяның орнына "жалпыға бірдей игілік мемлекеті" деген идея келді. Сонымен қатар басқарушылар мен бағынушылар арасындағы рөлдің қатаң бөлінуі барлық саяси күштердің мәмілеге келу теңдігімен алмастырылды. Қоғамдағы барлық жіктердің мүдделерін қорғайтын "плюралистік демократия" идеясы, олардың саяси өмірге араласуы, шешімдерді демократиялық жолмен ашық қабылдау, т.т. алға тартылды. Мұның бәрі либерализм саясаты мәніне және Батыс демократиясының идеологиялық күшіне айналды.
Жаңарған либерализмнің негізгі өкілдеріне Ф. Фон Хайек, ж. Кейнс, Дж. Гэлбрейт және т.б. жатады. Оның идеологиясына көптеген партиялар сүйенеді. Мысалы, Жапонияда 1955 жыл бері билік басында сол елдің ең үлкен партиясы — либерал-демократтар партиясы отыр. Либералдар Англияның, Австрияның, Канаданың және т.б. елдердің саяси өмірде өздерінің лайықты орындарын алуда. Мұның бәрі жаңар либерализм идеологиясы әлемдік халықтардың саяси өмірі елеулі рөл атқарып отырғанын байқатады.
Консервативтік (латынның консервативус — қорғаушы деген сөзінен) идеология Ұлы Француз революциясының (170 саяси идеялары мен оқиғаларына жауап ретінде дүниеге келді. Бұл революцияны олар қоғамдық былықтың бүліншілік күйзелістің себебі деп санады. Бірақ ол бастауын XVII пайда болған дәстүрлік діни-монархистік қорғаушы алады. Ол ағым дәстүрлі монархиялық биліктегі саяси өмір құрылысын, феодалдық тәртіптер мен оның рухани құндылықтарды сақтағысы келді. Консерватизмнің негізін қалаушыларға ағылшын фәлсафашысы және мемлекет қайраткері Эдмунд Еерк (1729—1797), француз публицисі және қоғам қайраткері Жозеф де Местр (1754—1821), немістің тарихшысы, құқықтанушысы Фридрих фон Савиньи (1779—1861), Австрияның канцлері Меттерних (1773—1859) және т.б. жатады. Консерваторлар монархияны қалпына келтіруге және феодалдық-аристократиялық құрылыстың дәстүрлі құндылықтарын қайта түлетуге тырысты. Олардың ойынша, ортағасырлық тәртіп, қауымдастық қатынастар, отбасы, мектеп, шіркеу қоғамды біріктіреді, оның бірлігін және дамудағы сабақтастығын қамтамасыз етеді. Өмірде әдет-ғұрып, дәстүр негізгі рөл атқарады. Сондықтан қоғамдық дамудың негізгі өлшемі әдет-ғұрыпты және халықтың мінезін игертуде. Олар ағартушылық пен революцияға, сана мен прогреске қарсы тұрды. Олардың саяси идеологиясының өзекті мәселелері күшті мемлекет, айқын саяси жіктелу, биліктің төбе топ қолында болуы. Еркіндікті тұлғаның қоғам мен мемлекетке бағынуы және оларға адалдығы деп түсінді.
"Саяси идеологиялар" деп аталатын немістердің оқу құралында консервативтік көзқарасқа мынадай анықтама беріледі: "ол — дәстүр, діншілдік, бедел, еркіндік және жауапкершілік. адамдардың табиғи теңсіздігі, бір нәрсеге сенімсіз, шүбәланумен қарау принциптерінің жиынтығы".
XIX ғасырдың аяғы XX ғасырдың басында консервативтік негізгі қағидаларына өзгерістер енгізді. Ол еркін нарықтық қатынастар, алуан түрлілік және саяси демократия принциптерін қабылдады. Осы ғасырдың 70 жылдарынан Батыстағы консервативтік ой-пікірдің жетекші бағыты жаңарған консерватизмге (неоконсерватизмге) айналды. Ол жеке адамның құқықтары мен бостандықтарының басымдығын мойындауға бет бұрды. Мемлекеттің экономикалық және әлеуметтік қызметтері едәуір шеттетілді. Мемлекеттік меншік жекешелендіріле бастады. Мұның бәрі жаңарған консерватизмге жаңа леп беріп Батыс елдерінде орта таптың идеологиясына айналдырып, оның үстіне ол XX ғасырдың 70 жылдарында экономикасы құлдырауды тоқтатудың жолын таба білді. Бұл оның абыройын арттыра түсті. Технологиялық революцияның жаңа дәуіргі қажеттілігіне жауап беретін экономиканың құрылымын қайта қарауға тура келді. Бұрынғы тұрмыс дәрежесін көтеруге бағытталған дәстүрдің орнына ынталандыратын жаңа жүйе енгізілді. Жұмысшылардың өмір сүру сапасына баса назар аударылады. Жаңарған консерватизм либералдық және социалистік бірқатар адамгершілік түсініктерді біріктіріп қабылдады. Жаңарған консерватизм өкілдеріне Д. Белл, 3. Бжезинский, Н. Кристолл және т.б. жатады. Олардың қатарына бұрын АҚШ президенттері Р. Рейган, Д. Буш, Англияның бұрынғы премьер-министрі М. Тэтчер, қазіргі ГФР-дің канцлері Г. Коль және т.б. кіреді.
Тұңғыш консервативтік партия 1867 жылы Англияда пайда болды. Ал XX ғасырдың 80 жылдары консервативтік партиялардың мерейі үстем болып, Англия, АҚШ, ГФР және т.с.с. елдерде олардың өкілдері билік басына келді.
Коммунистік (латынның коммунис — жалпы деген сөзінен) идеялар XIX ғасырдың орта кезінде дүниеге келген. Негізін салғандар Карл Маркс (1818—1883) пен Ф. Энгельс (1820-1895). Олар жан-жақты дамыған, еркін адамды қалыптастырғылары келді. Ол үшін тап күресі жүргізілуі, жұмысшы табы буржуазияны құртуы керек. Олардың ойынша, социализмді орнататын бірден-бір құрал — социалистік революция. Оны жасай алатын бірден-бір күш — жұмысшы табы. Мемлекеттік биліктің таптық сипаты болады. Социалистік революция нәтижесінде ескі мемлекет түбірімен қиратылады да, оның орнына жаңа мемлекет — пролетариат диктатурасы орнайды. Барлық тарихи прогресс қоғамдық-экономикалық формациялардың жүйелі түрде ауысуымен байланыстырылады. Олар жеке меншікті жойып, қоғамдық меншікті орнатқысы келді. Коммунистік қоғамда мемлекет, саясат болмайды деп санады.
XIX ғасырдың аяғы XX ғасырдың басында марксистік саяси идеология революциялық және реформистік болып екіге бөлінді. Революциялық ағымды В. И. Ленин (1870—1924) басқарды. Ол марксизмді демократиялық революцияда пролетариаттың басшылық ету керектігі, партияның рөлі, буржуазиялық-демократиялық революцияның социалистік революцияға ұласуы, социализмнің алдымен бірнеше елде немесе тіпті жеке бір капиталистік елде жеңу мүмкіндігі туралы теориялармен байытты. Реформистік идеялар немістің социал-демократы Э. Бернштейн (1850— 1932) мен немістің тарихшысы және экономисі К. Каутскийдің (1854—1938) еңбектерінде дамытылды. Кейін ол өзінше идеялық-саяси бағытқа — социал-демократияға айналды. XX ғасырдың аяғында марксизм күйзеліске ұшырады. Коммунистік идеологияның ықпалы күрт төмендеп кетті. Бүгінгі таңда ол Қытай, Корея Халық Демократиялық Республикасында, Кубада сақталды.
Жоғарыда көрсетілгендей, социал-демократиялық идеологияның теориялық негізін салған Э. Бернштейн. 1899 жылы оның "Социализмнің алғы шарттары және социал-демократияның мақсаты" деген еңбегі жарық көрді. Онда ол капитализмнің өз-өзін дамытуға мүмкіншілігі бар екендігін көрсетті. Соның негізінде классикалық марксизмді қайта қарап, оған өзгерістер енгізді.
Социал-демократия идеологиясы "демократиялық социализм" идеясын алға тартты. Оның басты құндылықтары — еркіндік теңдік, әділеттілік және ынтымақтастық. Бұл құндылықтарды олардың ойынша, экономикалық саяси және рухани демократия арқылы ғана жүзеге асыруға болады. Ол аралас экономиканы, мемлекеттік әлеуметтік реттеу рөлін, саяси өмірді демократиялық түрде ұйымдастыруды талап етеді.
Саяси демократияға мынадай негізгі принциптер кіруге тиіс: адам құқықтары, сөз, ой-пікір, баспасөз, білім алу, ұйымдарға кіру, дінге сену бостандығы, өзін-өзі басқару және т.с.с. Сонымен бірге мұнда халықтың өз еркімен көңіл білдіруі арқылы бөгетсіз үкіметті бейбіт жолмен алмастыру мүмкіндігі де кіреді.
Қазір социал-демократтар экологиялық қауіпсіздікке, адамды қоршаған ортаны жаңартуға, жаңаландыруға көп көңіл бөлуде. Олар Еуропадағы әлеуметтік және экологиялық түлеген индустриалды өркениеттілік орнатпақ.
Социал-демократияның социалистік интернационал деп аталатын халықаралық ұйымы бар. Оған барлық континенттен 70-ке жуық партиялар кіреді. "Социалистік интернационалдық принциптер Декларациясында" (1989) әлемдік мәселелерді шешуге зор көңіл бөлінген. Оларға кіретін басым бағыттар: бейбітшілікті және халықаралық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, Батыс пен Шығыстың арасындағы қатынастарды жақсарту, колониализм мен нәсілшілдікті жою, жаңа халықаралық экономикалық тәртіпті жасау, қоршаған ортаны сақтау және т.б.
"Демократиялық социализм" тұжырымдамасы Швеция, Австрия, Швейцария, Норвегия және т.б. Еуропа елдерінде табысты іске асуда. Социал-демократиялық партиялар Латын Америка қасында, Азияда, Таяу Шығыс елдерінің бірқатарында мықты позицияға ие болып отыр.
Фашизм (Италияның фашизмо — бірлестік деген сөзінен шыққан) 1919 жылы Италия мен Германияда пайда болды.
Негізін салушылар: Ф. Ницше (1844—1900), Дж. Джентилле г І944), О. Шпенглер (1880—1936). Бұл кезде капиталистік терең дағдарысқа ұшыраған. Мұндай жағдайда классикалық либералдық құндылықтар адамзат іс-әрекетіне дем беріп, ынталандыра алмады және қоғамды біріктіруге шамасы келмеді.
Халықтың жалпы жоқшылыққа ұшырауы, кедейленуі, бұрын әлеуметтік құрылымның ыдырауы, көптеген табынан айрылған, азғынданған қаңғыбастар таптарының пайда болуы либералдық еркін тұлға идеяларын құнсыздандырды. Олардың басын біріктіріп, рухтандыратын ұлттық бірігу және қайта өркендеу идеялары болды. Ол 1914 —1918 жылдары бірінші дүниежүзілік соғыста жеңіліске ұшыраған Германия үшін өте қажет еді. Сондықтан фашистік идеология олардың ойынан шықты.
Бұл идеологияның басты ерекшеліктері — еңбекшілерді басып-жаншу үшін зорлықтың шектен шыққан түрлерін қолдану (шовинизм, нәсілшілдік, экономиканы мемлекеттік-монополиялық реттеу тәсілдерін кеңінен пайдалану, азаматтардың жеке өмірін толық бақылау, т.т. Соғысқа дайындалу, көсемшілдік идеялары кең тарайды. Фашистік идеологияның негізгі қағидалары А. Гитлердің "Менің күресім" (1925) деген кітабында баяндалады. Онда соғыс тазартушылық процесс ретінде сипатталады, неміс ұлтының тазалығы, оның басқа халықтан "артықшылығы" дәріптеледі.
Қазіргі кезде фашистік идеологияны көпшілік жаратпайды. Дегенмен, бірқатар елдерде жаңарған фашистік топтар пайда болуда, Олар террорлық әрекеттер арқылы қоғамдық жағдайды, шиеленістерді, саяси дағдарыстарды тудыруға ықпал етеді. Сонымен біз қазіргі идеологияның негізгі түрлерін қарастырдық. Енді олардың біздің елдегі жағдайға ықпалына тоқталайық. Біздің республиканың өміріне елеулі ықпал етуші — жаңарған либерализм. Оған айғақ — экономикада жеке меншіктің дамытылуы, жекешелендірудің жүргізілу бағыты, еркін нарық пен бәсекені мойындау, әлеуметтік теңдік принциптерін жоққа шығару, дарашылдыққа (индивидуализмге) бетбұрыс және т.т. Дегенмен, мұның бәрін абайлап, жақсы ойластырып енгізбесе болмайды. Себебі, біздің өз дәстүріміз, экономикалық, әлеуметтік және мәдени жағдайларымыз бар. Оның ішінде ең бастысы — қазақ халқында либералдық идеяның тірегі болып табылатын дарашылдық болмаған. Біздің халық ықылым заманнан бірлесіп, ұжымдасып тіршілік еткен. Соны ескерген жөн сияқты.
Десе де либералдық құндылықтарды басшылыққа алған реформаның бастапқы кезеңі біз үшін онша сәтті болмады.
Мүліктік теңсіздік өрістеп, көпшілік жұрттың өмір деңгейі төмендеп, күйзеліске ұшырауда. Сондықтан халықтың жалпы алғанда, либералдық құндылықтарға ұмтылысы бәсеңдеп, жағдайда өмір сүруге көндікпей жатыр. Нарықтың жабайы түрінен ығыр болған біраз жұрт баяғы әлеуметтік қорғалуды теңгермешілікті дұрыс көргендей. Коммунистік, ұлтшылдық және т.с.с. идеологиялардың әсері өсіңкіреуде. Әрине, саяғы кеңестік жолға қайта оралу жақсылық әкелмейтіні белгілі. Ал нарықтық экономиканың біздің жағдайыңызға лайықты, тиімді жолын ғылыми тұрғыдан тексеріп, тауып, байсалды жүргізген абзал.
Кейбіреулер кеңес өкіметі күйрегеннен кейін коммунистіқ идеологияға тойдық қой, енді идеологиясыздану керек дегенді айтады. Ол дұрыстыққа жатпайды. Себебі, идеологиялық құндылықтарды басшылыққа алмаған, оған сүйенбеген тарихта ешбір саяси жүйе болмаған. Сондықтан да болар, белгілі Америка саясаттанушысы Д. Истон "идеологияның ақыры" деген тезисті іс жүзінде консервативтік-демократиялық идеологияның бүтіндей билеуін бүркемелейтін аңыз деп санады. Ал немістің осы мәселелер жөніндегі ірі маманы К. Мангейм құлатылған идеологияның орнына лайықты алмастыру болмаса, ол жерде сөз жоқ утопия пайда болады деген.
Өтпелі қоғамды басынан кешіріп отырған біздің еліміз үші саяси процесті ғылыми тұрғыдан дұрыс түсініп, ұғынуды қажеттілігі зор. Біздің мемлекеттік идеологиямыз болып жатқан оқиғааларға шынайы баға беріп, қазіргі тығырыққа тірелген экономиканы дағдарыстан шығарудың неғұрлым ұтым жолдарын белгілеп, таяудағы және неғұрлым алдағы болатын болашаққа болжам жасап, бағыт беру, халқымыздың әдет ғұрып, салт-сана әлеуетін (потенциалын) көтеріп, оның рухани мәдениетін сақтау және дамыту сияқты өзекті, өмірлік маңыз бар мәселелерді жиі көтеріп, түсіндіруін халық асыға күтуде Біздің идеологиямыз адамгершілік, мейірімділік, адалдық пара саттылық, шыншылдық еңбекқорлық, кәсіпкерлік, табандылық, ержүректілік сияқты асыл қасиеттерді адамдардың санасына сіңіріп, дарытуға қызмет етуге тиіс.
Сайып келгенде, еліміздің халқын, әсіресе жаңа ұрпақты патриотизмге, азаматтыққа тәрбиелемей, қоғамның бұдан әрі дамуының маңызды факторларының бірі — оны топтастыруға ол жеткізу мүмкін емес.


    1. Қолданылған әдебиеттер тізімі





  1. Жамбылов Д. Саясаттану негіздері. Алматы. 1998ж.

  2. Саясаттануға кіріспе. Проф.Т.Т.Мұстафиннің редакциясында. Алматы, 1994.









Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет