2. Білім беру заңын меңгеру


Пікірталас «Өлкеміздің батырлары» - көрініс



бет15/19
Дата05.05.2023
өлшемі305,26 Kb.
#90494
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   19
Байланысты:
Ильяр реферат

Пікірталас
«Өлкеміздің батырлары» - көрініс
Жеңіс туралы жыр
Болмасын соғыс!
Тілегі солай ата – ананың.
Жарақат алып қорған елін, ұлы Отанын.
Көшеде егер балдақты кісі кездессе
Жүрегім соғып, ойланып бара жатамын.
Бақтарды басып танктің тажад табаны,
Қандарға бөгіп бала – бақшалар алаңы.
Жауынгер болып оқ атып жап – жас жігіттер.
Атпаса екен шашынан сүйреп Ананы.
Болмасын соғыс!
Бастаушы. Отанымызды қорғау үшін Совет Одағының патриоттары майданға аттанды. Барлық халық майданға көмектесі. Барлық халық майданға көмектесті. Партизан отрядтары құрылды. «Бәріде майдан үшін» - деген ұран тасталды. Осы қатыгез майданымызға қазақтың қара көз қыздары қатысты. Олар: Мәншүк, Әлия, Зоя.
Қорытынды:
Сілкінтіп зеңбіректер көктің жүзін
Оқ борап снарядтар, қаптайды ызың.
Қаптаған қалың жаудың тайсалмаған
Мен көрдім пилоткалы қазақ қызын.
оқушы. Мәншүктің өмір баяны жайлы:
Мәншүк 1922ж. Батыс Қазақстан облысы Орда қалашығында туған. Оның балалық шағы Алматы қаласында өтті. 1942 жылы өзі сұранып майданға аттанды. 1943 жылы қаза тапты. Оған Кеңес Одағының атағы берілді.
оқушы: Әлия өмір баяны.
Әлия Молдағұлова 1925 жылы Ақтөбе облысы Қобда ауданында туған. Ата-анасынан ерте айырылыпты. Әлия туыстарымен Ленинградқа кетіп қалады.
Кейін балалар үйынде тәрбиеленіп, 1942 жылы өзі сұранып атқыштар мектебіне оқуға түседі, оқуын бітіріп майданға барады. 1944 жылы қайтыс болады.
Өлең «Анашым»
Құттықтау сөз:
Құрметті 4 «А» сыныбының ұлдары!
Сіздерді бүгінгі мерекелеріңізбен құттықтаймыз
Сіздерге осы өмірде
- ашық аспан,
- мол бақыт,
- оқуда озат,
- сабақтарыңды жақсы оқуларыңды шын ниетпен тілектеспіз.
Өлең «Әрқашан күн сөнбесін»


19.Педагогикалық кеңестің атқаратын қызметтерін білу.
Педагогикалық кеңес — мектеп,университет, училищелердегі ұжымды басқару органы. Құрамына оқу орнының директоры, педагогтар, кітапханашы, дәрігер, ата-аналар комитетінің төрағасы енеді. Кеңес төрағасы сол оқу орнының директоры болады және жыл сайын бір мұғалім хатшылыққа сайланып отырады. Педагогикалық кеңестің жоспары жалпы жұмыс жоспары негізінде жасалып, сол оқу орнының басты, көкейтесті мәселелерін қамтиды. Кеңесте әкімшіліктің есебі тыңдалады, оқытушылардың баяндамалары, ұжымның пед. мәселелер бойынша жүргізген жұмыс қорытындылары, т.б. талқыланады. Педагогикалық кеңес әр оқу тоқсанында кем дегенде бір рет өткізіледі. Педагогикалық кеңес барлық мектептерде жұмыс істеуге тиіс. Педагогикалық кеңес оқу-тәрбие жұмысының негізгі мәселелерін қарау үшін құрылған жұмыс орталығы онда қаралатын мәселелер – мектептің жылдық оқу-тәрбие жоспарында атап көрсетіледі және онда қаралып бекітіледі. 

Педагогикалық кеңесте оқу-тәрбие жұмыстарының өзекті мәселелері талқыланып, нақты шешімдер қабылданады. 

Педагогикалық кеңес мүшелері болып барлық мұғалімдер, психология қызметкерлері, дәрігер, ата-аналар комитетінің басшылары кіреді. Мектеп директоры педагогикалық кеңестің басқарушысы. 
Педагогикалық кеңес мәжілісінде:
мектептің жылдық оқу жоспары;
оқу-тәрбие жұмысының тоқсан бойынша қорытындылары;
емтиханға және бірыңғай ұлттық тестілеуге дайындық;
сыныптан сыныпқа көшу және ондағы жүргізілетін емтихандар;
оқу жылының қорытындылары;
оқушылардың жазғы демалысын ұйымдастыру.
Педагогикалық кеңестер ғылыми-теориялық ізденістер мен жаңалықтар, қазіргі кезеңдегі дамып келе жатқан ақпараттық коммуникативтік технологиялар, Республикадағы озат шығармашылықпен жұмыс істейтін ұстаздардың үлгілері, жаңа пән бағдарламалары мен оқулықтары, оқу кешендері, 12 жылдық мерзіміне көшуге байланысты туындайтын проблемалар т.б. қарауға тиіс.
Мектеп жұмысына байланысты тығыз түрде шешуді қажет ететін мәселелер директор жанындағы мәжілістерінде қаралуға тиімді.
Педагогикалық кеңесте қаралатын мәселелерді алдын-ала жоспарлау. 
Педагогикалық кеңес жұмысын алдын-ала жоспарлау төрт кезеңнен тұратынын көреміз. 
Оқу жылында педагогикалық кеңесте қаралатын мәселелер;
Педагогикалық кеңесте нақты қаралатын мәселеге дайындық;
Педагогикалық кеңесті өткізу барысы;
Педагогикалық кеңестің шешімдерін орындау барысы.
Мектеп тәжірибесінде, сондай-ақ, жоғары орындардың бұл мәселеге байланысты құжаттарында оқу жылында бес рет кеңес жұмысы өткізіледі. (Әр тоқсан сайын және оқу жылының аяғында). 

Бесінші педагогикалық кеңесте сыныптан сыныпқа көшу, 9-сынып және 11-сыныптың сынақ емтихандарына босату қаралады.

Бірінші педагогикалық кеңес оқу жылының басында (тамыз айының аяғында) өткізіледі. Онда өткен жылдың оқу-тәрбие процесінің қорытындылары бойынша нақтылы талдау жасалынады, оқу жылында қол жеткен табыстармен қатар, орын алған олқылықтар айқындалып алдағы оқу жылында оларды болдырмау шаралары белгіленеді. Осы кеңесте жаңа оқу жылына арналған мектептің оқу-тәрбие жоспары бекітіледі. Ол кеңесте бұл мәселелер жөнінде негізгі баяндама жасап, түсінік беруші мектеп директоры болуға тиіс. 

Келесі педагогикалық кеңестерде оқу-тәрбие процестерінде ғылыми-теориялық бағыт беретін, білім беру ісін дамыта түсуге ықпал жасайтын жаңа педагогикалық технологиялар жайында және жоғары директивалық органдардың нұсқауларын басшылыққа алатын күрделі мәселелер қаралады. 

Бірінші кеңесте өткен оқу жылының оқу-тәрбие процесінің қорытындыларын талдаумен қатар, екінші мәселе ретінде «Мемлекеттік білім стандартына сәйкес жасалған жаңа буын оқулықтары мен бағдарламалары және әдістемелік кешендерді меңгеру барысында педагогикалық ұжым мүшелерінің міндеттері» деген тақырып қаралса, ал қараша айында өткізілетін кеңесте «жаңа педагогикалық технологиялар және ақпараттық коммуникативтік техникаларды оқу процестерінде қолданудың әдістемелік проблемалары», Мектеп ұжымының адамгершілік, Қазақстандық патриотизм тәрбиесін берудегі міндеттері сияқты тақырыптар талқыланады. 

Ал келесі кеңестерде 1. «Халық педагогикасы, оның озық үлгілерін оқу-тәрбие процесінде ұтымды пайдалана білудің әдістемелік жолдары», 2. «Қазақ, орыс және шетел тілдері сабақтарында жаңа технологияларды қолданудың әдістемелік проблемалары», 3. «Физика, химия және биология пәндерінде компьютерді пайдаланудың әдістемелік аспектілері», 4. «Нарықтық экономика және мектептегі еңбек тәрбиесіне қойылатын басты міндеттер». 5. «Қоршаған ортаны қорғау, өндірістің жиі шоғырлануына байланысты экологияның оқушылармен жүргізілетін экологиялық тәрбиенің міндеттері», 6. «Оқыту процесінің теориялық негіздері және оны практикада іс жүзіне асырудың мәселелері», 7. «Қазіргі сабақ, оның түрлері, оған қойылатын талаптар, сабақтарды талдау, тәжірибе алмасу», 8. «Спорттың және әскери патриоттық тәрбие беру проблемалары», 9. «Мектеп ұжымы мен ата-аналардың адамгершілік тәрбиесін берудегі біріге атқаратын қызметтері», 10. «Бірыңғай ұлттық тестілеу, оған дайындалу жолдары», 11. «Сыныптан сыныпқа көшу емтихандары», 12. «Өткен оқу жылындағы оқу-тәрбие процесінің қорытындылары, оған талдау жасау», 13. «Жазғы оқушылардың демалысын ұйымдастыру» т.б. мәселелер талқыға ұсынылады. 



Педагогикалық кеңестің өту кезеңінде, талқыланып жатқан тақырыптың ғылыми-теориялық және практикалық маңызын арттыра түсу мақсатында, ұжым мүшелерінің тың ой-пікірлерін есепке алып, демократиялық ұстанымға сай, нағыз ой елегінен өткізетін орган болуға ұдайы бағытталып отырылуы қажет. Педагогикалық кеңес мәдениетті, оқу-тәрбие ісін жетілдіруге пайдалы, іскерлік жағдайында өтілуі тиіс. Кеңесте уақытты реттейтін регламентті сақтаудың да мәні бар. Мектеп директоры кеңес алдында қалыптасқан уақыт режимін сақтауды ескеріп өткені де артық болмайды. Сондай-ақ, мектеп директоры талқыланатын мәселелерді толық меңгеруі қажет. 
Қорыта келсек педагогикалық кеңестің ролін арттыру, бүкіл оқу-тәрбие үрдісін жетілдіре беруге ықпал жасайтын органға айналуы тиіс. 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   19




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет