2. Білім беру заңын меңгеру


Білім беру саласындағы мемлекеттік саясатының принциптерімен танысу



бет6/19
Дата05.05.2023
өлшемі305,26 Kb.
#90494
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   19
Байланысты:
Ильяр реферат

5.Білім беру саласындағы мемлекеттік саясатының принциптерімен танысу
1. Білім беру саласындағы мемлекеттік саясаттың негізгі принциптері мыналар болып табылады: 
1) баршаның сапалы білім алуға құқықтарының теңдігі; 
2) білім беру жүйесін дамытудың басымдығы; 
3) әрбір адамның зияткерлік дамуы, психикалық-физиологиялық және жеке ерекшеліктері ескеріле отырып, халықтың барлық деңгейдегі білімге қолжетімділігі; 
4) білім берудің зайырлы, гуманистік және дамытушылық сипаты, азаматтық және ұлттық құндылықтардың, адам өмірі мен денсаулығының, жеке адамның еркін дамуының басымдығы; 
5) адамның құқықтары мен бостандықтарын құрметтеу; 
6) жеке адамның білімдарлығын ынталандыру және дарындылығын дамыту; 
7) білім беру деңгейлерінің сабақтастығын қамтамасыз ететін білім беру процесінің үздіксіздігі; 
8) оқытудың, тәрбиенің және дамытудың бірлігі; 
9) білім беруді басқарудың демократиялық сипаты, білім беру жүйесі қызметінің ашықтығы; 
10) білім беру ұйымдарының меншік нысандары, оқыту мен тәрбиенің нысандары, білім беру бағыттары бойынша алуан түрлі болуы. 
2. Білім беру ұйымдарында саяси партиялар мен діни ұйымдардың (бірлестіктердің) ұйымдық құрылымдарын құруға және олардың қызметіне тыйым салынады. 

6. «Мәңгілік Ел» идеясын білім беру мектептерінде ендіру.Болашаққа бағдар:рухани жаңғыру.12 сәуір,2017 жыл.
«Рухани жаңғыру» бағдарламасы Елбасының 2017 жылы 12 сәуірде жарық көрген осы «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласының негізінде жасалған. Онда ұлтымыздың жаңа тарихи даму кезеңінің негізгі мақсаттары көрсетілген, атап айтқанда: рухани және мәдени құндылықтарымызды сақтау және ұлғайту, әлемдегі дамыған 30 елдің қатарына ену. Осы мақсаттарға жету жолына бағытталған жобалар бағдарламада толық көрсетілген.
Қазақ тілінің латын әліпбиіне біртіндеп, кезең-кезеңмен көшуі туралы жобасы тіліміздің дамуына жаңа импульс беріп, оны әлемдік кеңістікке шығаруға, сөйтіп халықты тілімізді толық меңгеруге ынталандыруға арналған. Ал 2025 жылдан бастап латын әліпбиіне толық көшетін боламыз: осы уақыттан бастап барлық жазбаша дүниелер – БАҚ беттеріндегі жарияланымдардан бастап, кеңселік іс қағаздарын толтыруға дейін тек қана латын тілінде жүргізілетін болады.
«Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру»-ол 2050 жылға дейін әлемнің дамыған 30 елінің қатарына кіру бағытындағы бірыңғай мақсатымызға жету жолындағы Қазақстанның саяси экономикалық және құқықтық түрленулерінің логикалық жалғасы және өзегі болып табылатын бағдарламалық мақала.Бұл мақсатқа бұрынғы сана-сезім мен ойлау үлгісін сақтау арқылы жету мүмкін емес.Әлемдегі заманауи экономикалық әскери-саяси ахуалды ескере отырып,қоғамдық сананы жаңғырту-бұл өмірлік маңызы бар және қажетті қадам.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   19




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет