Кеуденің, аяқ пен қолдың, бастың бұлшық еттері. Бұлшық еттер сүйектерге жабыса отырып, оларды қозғалысқа келтіреді, дене қуысы қабырғаларының – ауыз, кеуде, қарын, жамбас астауының түзілуіне қатысады, кейбір ішкі ағзалар қабырғаларының құрамына кіреді. Бұлшық еттердің көмегімен адам денесі тепе – теңдікте болады, кеңістікіте қозғалады, тыныс алу және жұту қимылдарын іске асырады, мимика қалыптасады. Бұлшық еттер кеуденің, аяқ пен қолдың, бастың бұлшық еттері болып бөлінеді.
Кеуде аймағында үлкен кеуделік, кіші кеуделік, бұғана асты, алдыңғы тісті бұлшық еттер орналасқан. Олар иық бөлігі мен қолды қозғалысқа келтіреді. Дем алу кезінде кеуде қуысын қозғалтатын бұлшық еттер тобы да бар. Бұл топқа сыртқы және ішкі қабырға аралық бұлшық еттер жатады. Кеуде қуысын қарыннан күмбез тәрізді бұлшық ет – көкет бөліп тұрады.
Арқа бұлшық еттері екі топ құрады: беткі және терең. Бірінші топқа арқаның трапеция тәрізді аса жалпақ бұлшық еті, жауырынды көтеретін бұлшық еттер және т.б. Екінші топқа – омыртқа арасыңдағы және қабырға қуыстарындағы бұрыштарының барлығын қамтитын бұлшық еттер жатады. Шек қарын қабырғасы қарынның сыртқы және ішкі қиғаш, көлденең және тік бұлшық еттерден тұрады. Олар іш пресін құрайды.
Мойын бұлшық еттері беткі және терең болып бөлінеді. Беткіге теріасты бұлшық еті, төс – бұғана – емізіктік және тіласты астындағы сүйекке жабысып тұратын бұлшық еттер жатады. Терең бұлшық еттер бұл – алдынғы, ортаңғы және сатылы бұлшық еттер, бастың ұзын бұлшық еті, алдыңғы тік және басқа да бұлшық еттер.
Бастың бұлшық еттері екі топқа бөлінеді: шайнау бұлшық еттері және мимикалық бұлшық еттер.
Қолдың бұлшық еттері иық аумағындағы бұлшық еттерге (дельта тәрізді, қылқанүсті, қылқан асты, үлкен және кіші дөңгелек, жауырын асты) және қолдың еркін бөлігінің бұлшық еттеріне бөлінеді.
Алдыңғы топтағы бұлшықеттер: