2-дәріс. Қазақстандағы «қайта құру» саясаты – академ сағ. Жоспары: М. С. Горбачевтың «қайта құру»



Pdf көрінісі
бет2/2
Дата28.11.2023
өлшемі121,04 Kb.
#131096
түріҚұрамы
1   2
Байланысты:
12-жаңа дәріс 22-23.pdf 2

.
Президенттің айтуынша, бұл күн күнтізбеде мереке емес, еске алу күні
сипатында ерекшеленетін болмақ. 
(18-слайд) 2022 ж. бастап, 25 қазан ұлттық мереке – Республика күні
болып аталып өтілмек. Бұл күні ресми демалыс болады. Мәжіліс депутаттары
«ҚР кейбір заңнамалық актілеріне кинематография және мәдениет мәселелері
бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасын
мақұлдады. Нәтижесінде 25 қазан-ұлтық мереке Республика күні деп
белгіленіп, 16 желтоқсан мемлекеттік мереке-Тәуелсіздік күні болып қала
береді.
(19-слайд) 5. КСРО-дағы қайта құру үрдісінің тығырыққа тірелуі,
әлеуметтік-экономикалық қиыншылықтар және т.б. себептер социалистік
жүйенің ұзаққа бармайтындыгын аңғартты. Батыс елдерінің
саясаттанушыларының КСРО-ның көп ұзамай күйрейтіндігі туралы
болжамдары расқа айналды.
КСРО-ның құлауының басты себептерінің бірі - Одақ экономикасы
технологиялық жагынан артта қалды, тауарлардың бүкіл әлемде бәсекеге
түсуі төмендеді. Соғыстан кейінгі жылдары КСРО АҚШ-пен әскери бәсекеге
түсіп, қорғаныс ісіне аса көп қаржы жұмсады. 1950-1990 ж.ж. арасындағы 40
жылда әскери шығын 20 триллион долларға жетіп, экономиканы орасан зор
зардаптарға ұшыратты. 1991 ж. карай Кеңес Одағы республикаларының бір-
бірімен біте қайнасып, бірігіп-кірігіп кеткен шаруашылық қарым-
катынасының бұзылуына байланысты Қазақстан да экономикалық
тығырыққа тірелді.
1991 ж. көктемінде Одақ пен егеменді республикалар арасындағы
қарым-қатынастар өте күрделі болды. Одақтас республикалардың
басшылары егемендік мәселесі туралы 1991 ж. сәуір-маусым айларында
Мәскеу түбіндегі Ново-Огаревода бірнеше рет кездесті.1991 ж. 23 сәуірде
РКФСР, Украина, Қазақстан, Белорусия, Өзбекстан, Әзербайжан,
Қырғызстан, Тәжікстан және Түркменстан басшылары дайындаған жаңа
Шарт бойынша КСРО енді Кеңестік Егеменді Республикалар Одағы деп
аталатын болды. Елдегі жағдайды тұрақтандыруға шұғыл шара қолдану және
дағдарысты еңсеру туралы мәлімдемеге қол қойылды. КЕРО-ның жаңа
Конституциясын қабылдау қажеттігі айтылды. 
17 наурыздағы референдумда азаматтардың көпшілігі КСРО-ны сақтап
қалу жөнінде өз пікірін білдірсе, екінші жағынан Б.Н. Ельцин бастаған
8


республика басшылары жаңа Одақтың арқасында өз ұстанымдарын
күшейтуге тырысты. Ал, М.С. Горбачев жаңа одақтық шарт жасауға
талпынды. Сөйтіп, КСРО-ның болашағы жайлы қарама- қайшылықты үдеріс
басталды.1991 ж. 12 маусымда Ресей Президенті болып Б.Н. Ельцин
сайланып, Мәскеудегі қос өкіметтілік ахуалды бұрынғыдан да шиеленістіре
түсті. 29 маусымда М.С.Горбачев, Н.Ә. Назарбаев және Б.Н. Ельцин құпия
кездесті, жаңа Одақтық шарт жасалып, шартқа 20 тамызда қол қою келісілді.
Егемен Мемлекеттер Одағының Премьер-министрі лауазымы Н.Ә.
Назарбаевқа, Президенттік М.С. Горбачевке ұсынылды. Осы келісім
Ресейдегі 1991 ж. тамыз бүлігіне түрткі болды. Жаз бойы тайталасушы
күштер (бұрынғы одақ пен жаңа одақты жақтаушылар) бір-бірін
аңдып,өздеріне одақтас іздеп және халықаралық қауымдастықтың
көзқарасын да анықтауға тырысты. Осындай қайшылықты жағдайда М.С.
Горбачевтің әрекеті, қарсыластарын 1964 ж. Н.С. Хрущевты орнынан
алғандай, мемлекеттік төңкеріске итермелеп, 1991 ж. 19 тамызда Горбачев
биліктен кетті. 
(20-слайд) 1991 ж. 19 тамызда КСРО-да Төтенше жағдай жөніндегі
мемлекеттік комитеттің (ТЖМК) құрылғаны жарияланды. Іс жүзінде бұл
мемлекеттік төңкеріс жасау әрекеті еді. Бірақ бүлік жүзеге аспай, оны
ұйымдастырушылар тұтқынға алынды. Бұл жағдайлар Кеңес Одағының
ыдырауын тездетіп, оны реформалаудың 20 тамызға белгіленген Ново-
огарево келісімін болдырмай тастады. Н.Назарбаев Одақты сақтауға,
реформаларды онан әрі жалғастыруға ерекше мән беріп, Ново-Огарево
келісіміне қол қоюға шақырғанымен, бүлікшілер әрекеті мүмкіндік бермеді.
«Тамыз бүлігі» КОКП-ның тарауына әкелді. 1991 ж. 7 қыркүйекте Қазақстан
Компартиясының төтенше және кезектен тыс съезінде Қазақстан
Компартиясын таратылып, жаңадан, Қазақстанның Социалистік партиясы
(ҚСП) құрылды. 1991 ж. күзінде Компартия мүшелерінің бір бөлігі
Қазақстанның Халықтық Конгресс партиясы катарына өтті. Бұл партияға
танымал ақын, әрі қоғам қайраткерлері О.Сүлейменов пен М.Шаханов
ұйытқы болды.
90-ж. КСРО-ның дағдарысын әлемдік қауымдастық жіті қадағалап
отырды. Сингапурдың негізін салушы, әрі оны отыз жылдың ішінде дамыған
мемлекет қатарына жеткізген Ли Куан Ю 1991 ж. мамыр айында Алматыға
келгенде, коммунизмнің ешқандай болашағы жоқ екенін дәлелдеп, КСРО-
ның құлайтындығын, Қазақстанның болашағының зор екенін мәлімдеді.
(21-слайд) 1991 ж. 8 желтоқсанда Ресей басшысы Б.Ельцин, Украина
басшысы Л. Кравчук, Белоруссия басшысы С. Шушкеевич Минск
жанындағы Беловежье нуында кездесіп, КСРО-ның құрылуы туралы 1922 ж.
30 желтоқсандағы шартты бұзу жөнінде келісімге қол қойды. Нәтижесінде
КСРО халықаралық құқық субъектісі және геосаяси шындық ретінде күшін
жойды. Сол жылдың 13 желтоқсанында Ашхабадта өткен кездесуде Орта
Азия және Қазақстан Республикасы басшылары «Беловежье келісімін»
қолдады. Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығын (ТМД) құру туралы келісімге
9


қол жеткізді. Осы жағдайға байланысты 1991 ж. 21 желтоқсанда Алматыда 11
республика өкілдері ТМД құрылғғандығы жөнінде шартқа қол қойды. 
Осылайша, 1991 ж. желтоқсандағы Алматыда бас қосқан тәуелсіз елдер
басшыларының келісімі КСРО-ның өмір сүруін тоқтатты. 1991 ж. 25
желтоқсанда, кешкі сағат 19-дан 38 минут кеткенде Кремльдің үстіндегі
КСРО-ның қызыл жалауы түсіріліп, орнына Ресей жалауы ілінді. Сөйтіп, XX
ғасыр тарихындағы ең ірі держава -КСРО деген ел тарих қойнауына кірді.
(22-слайд)
10


Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет