2– дәріс: Дисперсті жүйелердің молекулалы – кинетикалық қасиеттері Седиментациялық диффузиялық тепе теңдік


Коллоидтық жүйелердің осмос қысымы



бет3/8
Дата18.10.2023
өлшемі6,29 Mb.
#118252
түріҚұрамы
1   2   3   4   5   6   7   8
Коллоидтық жүйелердің осмос қысымы
Молекулалық-кинетикалық үдеріске осмос жатады. Осмос-өздігінен жүретін процесс :(1) еріткіштің (дисперстік орта) (2) мембрана арқылы (3) ерітінді жағына (дисперстік жүйе) өздігінен өтетін немесе сұйытылған ерітінді концентрлі ерітіндіге өздігінен өтетін процесс. Осмос нәтижесінде -(π) қысым, яғни осмос қысымы пайда болады.
Кері осмос- жартылай өткізетін мембрана арқылы судың немесе басқа еріткіштердің концентрациясы жоғары ерітіндіден концентрациясы төмен ерітіндіге өтуі. қысым әсер еткенде екі ерітіндінің осмостық қысымдарының айырымын жоғарлау нәтижесінде болады.
Мембрана еріткішті өткізеді, бірақ онда еріген кейбір заттарды өткізбейді.
Қарапайым ерітінді үшін осмос қысымы:

Вант-Гофф формуласы бойынша осмос қысымы мына өрнекпен анықталады:


Идеалды ерітінділер үшін Вант-Гофф заңы белгілі:


, (4.2)

мұндағы πомсостық қысым; с – молярлық концентрация. Егер с=1M, P=22,4 атм (2,27 МПа).


Бұл теңдеуді коллоидтық ерітінділерге қатысты қолдану үшін дисперсті жүйенің концентрациясы деген ұғымды анықтау керек. Кинетикалық құбылыстар үшін концентрация ретінде көлем бірлігіндегі кинетикалық бірліктердің санын алған жөн. Сондықтан дисперстік фазаның бөлшектік концентрациясы (ν) ((2.1)-теңдеу) деген ұғым енгізіледі. Сонымен қатар грамм-бөлшектік концентрацияны (Сd) анықтауға болады:


, (4.3)

мұндағы N – Авогадро саны.


Мысал. Грамм-бөлшектік концентрацияны анықтау. Беріл-гені: алтын золінің 0,1%-тік ерітіндісі, бөлшектердің пішіні куб тәрізді, қабырғасының ұзындығы l=10-6см, тығыздығы ρ=20 г/см3.
Бөлшектің көлемі υ=l3=10-18см3,
массасы m=υρ=20.10-18=2.10-17г.
Алтынның 0,1%- ды золінде


г-бөлшек/л

Егер осы анықталған концентрацияның мәнін Вант-Гофф теңдеуіне қоятын болсақ, осмостық қысым π=0,227 Па (22,4.10-7 атм) тең болады.


Яғни коллоидтық жүйелерде осмостық қысымның байқал-майтын себебі – бөлшектік концентрацияның шамасының өте аз болуы мен коллоидтық бөлшектердің бөлшектік массасының үлкен болуында.
Бөлшектік масса дегеніміз оттегі массасының 1/16 бөлігінен бөлшектің массасы неше есе артық екенін көрсететін сан: Md = mN. Жоғарыда келтірілген мысалда Md =12.106. Жоғары молекулалы заттардың бөлшектік массасы олардың молекулалық массасына сәйкес келеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет