2 дәріс. Іс-әрекет психологиясы


А.Маслоудың ұсынған қажеттіліктің иерархиялық пирамидасы



бет2/3
Дата27.11.2023
өлшемі0,72 Mb.
#130320
1   2   3
Байланысты:
2 дәріс

А.Маслоудың ұсынған қажеттіліктің иерархиялық пирамидасы
Абрахам Маслоу
(Abraham Harold Maslow)

3. Іс-әрекеттің түрлері


Адамның онтогенез барысында дамуы іс-әрекеттердің негізгі үш түрімен шектеледі.
1. Ойын;
2. Оқу;
3. Еңбек.
Ойын – адам іс-әрекетінің ерекше түрі. Ойынның нәтижесінде материалдық немесе идеалдық өнім шығару көзделмейді. Көбінесе ойын сауық, бәсеңдік, демалу мақсатын көздейді.
Ойынның бірнеше түрлері бар: индивидуалды, топтық, заттық, сюжеттік, рөлдік және ережесі бар ойындар.
Сонымен қатар ойынның араласқан түрлері де болады: заттық-рөлдік, сюжеттік-рөлдік, ережесі бар сюжеттік ойындар, т.б. Дегенмен, ойынның адам өмірінде маңызы зор. Балалар үшін ойын даму сипатымен ерешеленеді. Ойын балалардың жетекші іс-әрекет болып табылады.
Ойын арқылы адам баласының белгілі бір буыны қоғамдық тәжірибені меңгереді, өзінің психикалық ерекшеліктерін қалыптастырады. Бала ойынында да қоғамдық, ұжымдық сипат болады.
  • Ойын баланың түрлі қасиеттерін дамытатынын А.С.Макаренко өте жақсы көрсеткен: «Үлкендер өмірі үшін жұмыс, қызмет істеу, әрекет ету қандай орын алып отыратын болса,-деп жазды ол,- балалар өмірінде ойын да сондай үлкен маңызды. Ойында бала қандай болса, өскенен кейін жұмыста көбінесе сондай болады. Сондықтан келешекке адамды тәрбиелеу бәрінен бұрын ойын арқылы болады».

Іс-әрекеттің тағы бір түрі – оқу. Оқу адамның білім, икем мен дағды алу мақсатын көздейтін іс-әрекеттің түрі болып саналады. Оқу әрекетінің ерекшелігі – оқу тікелей индивидтің психологиялық дамуының қызметін атқарады.
Мектеп жасындағы балалардың негізгі әрекеті – оқу. Оқу арқылы балаға қоғам өзінің ғасырлар бойы жиналған асыл мұрасын, дағды, тәжірибесін береді. Сонымен бірге жаңа буын оқу арқылы өзінен бұрынғылардың практикалық әрекетін, ғылым, білім жүйелерін меңгереді, сөйтіп, өзін практикалық әрекетке дайындайды.
Адам іс-әрекетінің жүйесінде ерекше орын алатыны – бұл еңбек. Еңбектің арқасында адам қазіргі заманғы қоғамды, материалдық және рухани мәдениетті құрды, өмір жағдайын жақсартты. Осымен өзіне шексіз дамуға мол мүмкіндіктерді ашты. Еңбек құралдарын жасау және оларды жетілдіру ең әуелі еңбекпен байланысты. Олар өз алдына еңбек өнімділігінің, ғылымның дамуының, өндірістік өнімнің, техникалық және көркем шығармашылықтың артуының факторы болды.
Адам іс-әрекеті – ол өте күрделі және көпқырлы құбылыс.
Еңбектің адам сана сезімінің қалыптасуына қалайша әсер ететіндігі жөнінде К.У.Ушинский: «...Еңбек тән мен рухани адам жаратылысының және жер бетіндегі адамның тіршілігінің күрделі заңына айналады, ол адам тәнінің, адамгершілігі мен ақыл-ойының жетілуінің жағдайы, оның адамгершілік ар-ұяты, бостандығы және соңында қуанышы мен бақыты болып табылады», - дейді.
Іс-әрекет психологиясы – кеңестік дәуірде психология ғылымының дамуында үлкен рөл атқарған психология саласы. Бұл теорияның пайда болуы мен дамуы Л.С.Выготский, С.Л.Рубинштейн, А.Н.Леонтьев, А.Р.Лурия, А.В.Запорожец, П.Я.Гальперин және басқалардың есімдерімен байланысты.
Іс-әрекет пен еңбек адам санасының қалыптасуы мен психикасының дамуында маңызды рөл атқарады. Адамның психикалық феноменінің танылуында іс-әрекет зор маңызға ие. Себебі адам жайлы, яғни оның тұлғасының ерекшеліктері жайлы сөз болғанда, негізінен, оның жасаған істерінің нәтижесіне қарай нәтиже шығарамыз.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет