аумақта жүргiзiлетiн профилактика ретінде жүргізілетін ветеринариялық іс-шаралар тәртібі 969. Инвазияның пайда болуы мен оның таралуының алдын алу үшiн шаруашылық жүргізуші субъектiлерi, ветеринария саласындағы мамандары, сондай-ақ мал иелерi қажет:
1) аңдарды жерден жоғары көтеріңкі торлы еденi бар торларда ұстауы;
2) торларды, ашық қораларды, вольерлерді және басқа да мал ұстайтын жерлердi жануарлардың экскременттерiнен және басқа да заттардан күн сайын тазарту және дезинфекция жүргiзу;
3) буаз саулықтарды отырғызар алдында торлардың темiр бөліктері мен едендерiн қыздыру шамымен зарарсыздандыру, олардың ағаш бөліктерін ыстық сумен шаю;
4) мерзімді түрде копроовоскопиялық зерттеулер жүргiзу (күшiктердi ай сайын, ересектерін - тоқсан сайын) және инвазияланған жануарлар анықталған кезде - дегельминтизация жүргiзу;
5) мамық жүнді аңдарға көкөністерді ағынды сумен мұқият шайғаннан кейiн азыққа беру;
6) алдын-ала ветеринариялық-санитариялық сараптамасыз шикi етпен, iшкi органдармен мамық жүнді аңдар мен иттерді азықтандыруға жол бермеу;
7) аң фермаларының аумағына кезбе иттердi жiберуге жол бермеу;
8) шаруашылық аумағында және қораларда мерзiмдi түрде дератизация жүргiзу.
970. Аңдардың жоспарлы профилактикалық дегельминтизациясы маусым-шiлде айларында күшiктердi бөлгеннен кейiн, екiншi рет – желтоқсанда шағылыстырудың алдында жүзеге асырылады.
971. Токсокароз бен токсаскаридоздың профилактикасы үшiн күшiктер туғаннан кейiн 20-25 және 70-80 күнтізбелік күннен кейін дегельминтизацияланады. Буаз ұрғашы иттер күшіктеуге дейiн бiр ай бұрын және күшіктегеннен кейiн бiр айдан соң дегельминтизацияланады. Күзеттiк және қызметтiк иттердi мерзiмдi түрде тексередi және қажеттілігіне қарай дегельминтизациялайды.
972. Токсокарозды адамдар, негізінен балалар жұқтырады, сондықтан балалар ойнайтын жерлерде, аулаларда иттер мен мысықтарды серуендетуге, адамдар шомылатын өзендерді және басқа да суқоймаларда шомылдыруға жол берілмейді.
973. Қалаларда иттердi серуендетуге арнайы бөлiнген тормен қоршалған алаңдарда және волъерлерде рұқсат етіледі.
2-параграф. Эпизоотия ошақтарында және қолайсыз пункттерде